ТАҚырыбы: Дене шынықтыру сабақтарындағы жекпе-жек және спорттық ойындарының жүйесі мазмұны кіріспе


Қозғалыс – дене шынықтыру сабағының негізі



бет2/3
Дата03.02.2020
өлшемі309,5 Kb.
#57085
1   2   3
Байланысты:
КОЙШМАН Спорттық жекпе-жек ойындарының мектептегі маңызы


1.3 Қозғалыс – дене шынықтыру сабағының негізі
Дене тәрбиесі білімінің негізгі мақсаты – қозғалыс сапаларының дамуы, оқушыларды спорттың түрлерімен дамыту және сауықтыру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын физикалық жетілдіру үдерісімен бірлестіру. Сондықтан шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны тәрбиелеудің негізгі мәселелерінің бірі қозғалыс белсенділігінің қалыптасуы болып табылады, өйткені оның жоқтығы тек ақыл-ой дамуын ғана кідіртіп қоймайды, балалардың қозғалыс белсенділігін де төмендетеді. Ал бұл өз кезегінде баланың өзінің дағдылары мен икемділіктерін практикалық қызметінде пайдалану қажеттілігін болдырмайды, қозғалыс кестесінің бұзылуына апарып соқтырады.

оқушылардың іс-әрекеітер мен дене жаттығуларын орындауы мынадай жолдармен жүргізіледі:

  1. Оқыту барысында алдын-ала кез-келген қимыл-қозғалысты ойланып барып орындату;

  2. Кез-келген жаттығу әдістеріне тәрбиелеуде жаттығу тәсілдерінің бөліктеріне назарын аударту. Мысалы: биіктікке секіруде тебіну тақтайына аяқтың дәл келуі, тебінуден кейінгі жоғары көтерілу барысында қолдың қозғалысына көңіл аудару;

  3. Бұлшық ет сезімінің әсері арқылы ойлау қабілетін калыптастырып іс-әрекет істеу кезінде, ішкі құрылыс жүйесінің хабарын дұрыс пайдалана отырып, жіберілген қателерді түзету, оқушыларды өз ісіне баға беріп отыруға үйрету.

Оқушының белсенділік сипаттамасы оның оқу үдерісіне деген саналы қатынас мөлшерінің басты көрсеткіші болып табылады. Саналылық арқылы белсенділікке өту — осы екі қағиданың өзара байланысын көрсетеді. Саналылық белсенділіксіз дене шынықтыру сабақтары кезінде дене қимылы жаттығуларын орындауды жай бақылап тұруға, ал белсенділік саналылықсыз – қажет емес қимыл-әрекеттерді орындауға әкеледі. Тек саналы түрдегі белсенділік арқылы белгілеп қойған міндеттерді орындауға болады.

Оқушының белсенділігі оның оқу үдерісіне деген сапалылығы негізгі көрсеткіші болып табылады. Яғни, екі қағиданың байланысы саналы белсенділілікті құрайды. Атап айтқанда, саналылык белсенділіксіз әлсіз іс-әрекетке, саналынықсыз белсенділік мақсатсыз қозғалысқа жетелейді. Тек саналы белсенділік арқылы белгіленген мақсатқа жетуге болады. Дене тәрбиесі теориясында (педагогика теориясындағы сияқты) белсенділік екі бағытпен қаралады: бір жағынан жаңа туылған баланың өмірге деген талпынысына ұқсас болса, екінші жағынан сол баланың оқу барысындағы қызметінің мінездемесі сияқты. Белсенділік қағидасын қолдану жалпы талаптар белсенді тұлғаны тәрбиелеуде анықталады. Белсенділік қағидасын қолдану барысында бір қатар ережелерге сүйену қажет: Оқушының мінез-құлқына көрсетілген талапқа әсер ету қажет. Егер оқушы сылтау іздеп оқу тапсырмасын орындағысы келмесе (қарапайым жүгіру), онда достық қарым-қатынас себеп жүйесін жоғары дәрежеде дамыту қажет (жаңаша орындауға үйрету). Бұл үшін жаңа ойын және жарыс әдістері, оқушының орындаған сабағын бағалауы, оқушының орындаған тапсырмасын жолдастарының бағалауы және өзін-өзі бағалау қолданылады.

Қойылған талаптың жеңілдігі де оқушының белсенділігін арттырады. Белсенділікке оқушының танымы арқылы да ынталандыруға болады, яғни, оқушының танымын оқытылған сабақ пен тікелей байланыстыру керек. Берілген тапсырманы дер кезінде қабылдамаса, келесі жаттығуда үйрену қиынырақ тиеді.

Белсенділікті ұстану және арттыру баланың дамуына қарқынды және тұрақты назар аударып отыру керек. Бұл үшін оқытудың белсенді әдісіне көшіп, баланың танымын ынталандырып механикалық оқытуды тыю қажет,

Дене тәрбиесінің теориясында (педагогикада секілді) белсенділік екі жақтан қаралады: бір шетінен, белсенділік баланың сипатты белгісі ретінде болса, екінші шетінен, оның оқу іс-әрекетінің сипаттамасы ретінде болады. Осыған байланысты, белсенділік қағидасы әлеуметтік белсенді жеке тұлғаны тәрбиелеу негізіндегі жалпы талаптар ретінде де, оқу-тәрбие үдерісіне тиесілі арнайы талаптар ретінде де іске асырылады. Бұл оқушының өз сана-сезімі арқылы оқытудағы барлық мүмкіндіктерін толығымен ашуға жағдай жасап, белсенділігін дамытады. Кез-келген оқытудағы жетістіктер оқушының белсенділік дәрежесіне байланысты болады. Белсенділік әртүрлі түрлерде көрінуі мүмкін: қимыл-әрекет белсенділігі ретінде, арнайы білімдерді алудың белсенді үдерісі ретінде, өздігінше айналысуға талпынысы ретінде, сабақпен және дене қимылы жаттығуларымен айналысуға қажетті жағдайларды өздігінше жасау ретінде және тәртіптіліктің, кез келген жағдайларда өзін-өзі ұстауды, салқынқандылықты көрсету ретінде.

Қимыл-әрекет белсенділігі дене тәрбиесін оқытудағы неғұрлым көп және күрделі сипатты белгілерін көрсетеді. Қажетті қимыл-әрекет белсенділігін көрсетпей жатып, ең қарапайым деген дене қимылы жаттығуын да игеру мүмкін емес. Қимыл-әрекет белсенділігінің деңгейі дене қимылы жаттығуын үйрену кезеңіне байланысты, өзгеріп отырады: қимыл-әрекет амалдарымен танысу кезіндегі оның деңгейі жетілдірудегі деңгейінен төмен болады. Оқыту мерзімдерін қысқартқан жағдайларда қимыл-әрекет белсенділігі әжептәуір көбейеді.

Білімдерді меңгерудің белсенді үдерісі оқып жатқан материалды ұғынып алуды, кейін қолданылып жатқан жағдайда, оның шығармашылық түрдегі қайта өндеуін алдын-ала қарастырады. Ой- саналық қимыл іс-әрекеперінің белсендірілуіне бағдарламалық оқып-үйрету өз сеіпігін тигізеді. Ол ой-саналық жұмыс қызметін жақсартады (салыстыру, талдау, синтез және т.б.).

Ғылымилық қағидасы. Бұл қағиданың түрі педагогикалық үдерісті ғылыми білімдердің заманауи деңгейіне сәйкес құруды міндеттейді. Дене тәрбиесінің кез-келген қолданылатын амалдары, үйрету әдістері және сабақты ұйымдастыру түрлері қазіргі кездегі қолданылып жүрген ғылыми шартнамаға сәйкес болуы қажет. Бұл қағида мұғалімнен өзінің теоретикалық даярлығының мазмұнын жүйелі түрде жаңартып тұруын талап етеді. Сондықтан да, аталмыш қағида оқу материалдарын ұғыну заңдылықтарына сүйенетін, оқу үдерісін бағалайтын қағида ретінде қарастырылады. Дене шынықтыру мен спортта осы қағиданың арқасында оқыту сапасын жақсартып, білімді арттырады.

Ғылыми қағида педагогикалық жүйені қазіргі кездегі ғылыми дәрежеге сәйкес байланыстырады. Дене тәрбиесінде қолданылатын барлық әдіс-тәсілдер, оқыту әдістері және сабақты ұйымдастыру ғылыми жағдайға сай болуы қажет. Қағида оқытушының жүйе бойынша теориялық дайындығын талап етеді. Міне, сондықтан, оқу жүйесінің сапасын бағалау оқу жабдықтарының заңдылығы берілген қағида бойынша қаралады. Қағиданың ғылымилығын қолдана отырып, төмендегі ережелерді ұстану қажет:

Оқу жабдықтарын сұрыптау кезінде ғылымды қазіргі жүйе бойынша және негіз ретінде пайдалану қажет. Ғылыми жаңалықтардың көлемін қарап шығып, оны әрдайым жаңартып отыру керек. Бұл оқытушының жаңа ойларды бағалай білуге, оларды қажетті жерде қолдануға, нәтижелерін көруге үйретеді және өзінің әрбір талабын заңға сәйкес құрады.

Ғылыми іс-әрекет жағдайында артық кемшіліктерде ескерту жасау. Белгілі болғандай, кез-келген дидактикалық жүйенің нақты жағдайы ғылыми жүйемен сәйкестендірілмейді. Дидактикалық жүйеде ғылыми жаңалықтар әрқашан педагогикалық заңдылықтар арқылы жаңарып отырады. Алайда, мұндай жаңару кезінде дидактикалық жүйе қазіргі ғылыми жүйеге сәйкестігін сақтау тиіс. Бұл бірте-бірте оқушыларды дене тәрбиесі мәселелерінің қиындығын түсінуге дайындайды.

Дене тәрбиесі қағидаларын әрбір дене шынықтыру мұғалімі кандай шараны іске асырмасын, басшылыққа алуы шарт. Нақты сабақ үшін сауықтыру міндетін араластырмаса да болады, алайда оқушыларға артық жүктеме беріп, қағиданың бірін бұзу қате. Қағиданың толыққанды іске асуы мұғалімнің іскерлігінен көрінеді. Бар қағидалардың орындалуы барлық уақытты жаттығушыларға, білім беру мен тәрбиенің нақты белгіленген міндеттерін басшылыққа алып, дене тәрбиесі жүйесін тірек ете іске асырган жөн.

2. Дене шынықтыру сабақтарында жекпе-жек спорттық ойындарының маңызы

2.1 Спорттық жекпе-жек ойындарының түрлері


Бүгінде қазақтың ұлттық спорт түрлерінің бірі - жекпе-жек өнері жандана түсті. Оның ресми ережелері бекітіліп, дара спорт түрі ретінде тіркелді. Енді жекпе-жек бойынша халықаралық жарыстар өтіп жатыр. Дене мен рух қуатын ұштастыра  алса кез-келген спорт түрі сияқты ережесіз жекпе-жек те   ер мен елдің атын шығарып, мерейін үстем ете алады. Ережесіз жекпе-жектен спортта басты мәселе  жеңу не  жеңілуде емес, адамның өз ерік-жігеріне иелік ете алуында.   Жалпы спортта  мейлі ол жаңа бастаған әуесқой немесе  кәсіпқой спортшы болсын  өзінің әр кездесуіне өте жоғарғы деңгейде дайындық жасауы керек. "Мынаны ұтып алам деп өркөкіректеніп шықсаң ертеңгі күні ұтылып қалуың мүмкін. Қарсыласты  сыйлау керек. Оның өзін ғана емес  елінің тарихын да зерттеп білу арқылы  әр кездесу сайын мәдени танымды да кеңейтіп отыру қажет. Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған.

Қазақ күресі - ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т.б. көптеген тәсілдер қолданылды. 1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 жылы республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді. Қазақша күрес балуандары халықаралық аренада тұңғыш рет 1952 жылы Ашхабад қаласында сынға түсті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, ережесі де жиі өзгерістерге ұшырады. Кей жылдары үш, төрт, бес, сегіз, он салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өтіп жүрді. 1998 жылдан еліміздің балуандары үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 60 кг-ға дейінгі балуандар – кіші балуан, 74 кг-ға дейінгілер – орта балуан, 74 кг-нан жоғарылар – бас балуан деп аталады.

Грек-рим күресі,классикалық күрес – қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т.б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты – қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.

Еркін күрес. Мұнда қарсыластарға әр түрлі техникалық тәсілдерді (қарсыласын лақтыру, аударып түсіру, қапсыра ұстау, белден төмен ұстау, т.б.) кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі.

Дзю-до(жапонша дзю – жұмсақ, до – жол) - 19-ғасырдың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған. 1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіледі, Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері – кимоно, белбеу және шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. Қазақстанда дзю-до күресі 20-ғасырдың 60-жылдарынан бері дамып келеді.

Самбо (орыстың “самозащита без оружия” – қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі). Күрестің бұл түрін қазақ, грузин, татар, әзербайжан, т.б. халықтардың ұлттық күрестерінің айла-тәсілдері негізінде белгілі маман Аркадий Харлампиев(1938) құрған. Спорттық және әскери түрі бар. Әскери самбоның қорғаныс және арнайы деген екі түрі бар. Самбо күресінде балуандар арнайы белдікті шапан киеді, күрес кезінде белдіктен, жеңнен, шапанның кез келген жерінен, сондай-ақ қол мен аяқтан ұстап, әдіс қолдануға болады. Самбода әдіс қолданушы балуан тік тұрып, қарсыласының жауырынын кілемге тигізсе немесе буындарды ауырту әдісін қолданғанда, қарсыласы жеңілгендік белгісін берсе ғана таза жеңіс деп есептеледі.

Жекпе-жек - ежелгі және орта ғасырларда ұрыс алдында қарсыластар шеп құрып тұрып, екі жақтан ортаға бір-бірден батыр шығарған, яғни жеке батырлар шайқасы болған. Шарт бойынша олар аты-жөндерін сұрасып, қалай соғысу тәсіліне (атыспақ, алысбақ, жұлысбақ, қылыштасу, найзаласу, т.б.) алдын ала келісіп алған және кімнің батыры жеңілсе, соның әскері тізе бүгетін болған. Жекпе-жек шайқастары қазақ халқының қаhармандық эпостарында (“Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер Тарғын”, т.б.) зор шабытпен жырланған. Қазіргі кезде жекпе-жек спорттық ойындар болып саналады және адамның күшін, шеберлігін, әдіс-айласын сынайтын бәсеке. Ежелгі гректердің олимпия ойындарының бағдарламасында (күресу, жұдырықтасу), басқа да халықтардың ұлттық ойындарында кездеседі. Жекпе-жек қазіргі спорт жарыстарында (күрестің барлық түрі, бокс) межелі салмақ категориясы бойынша (фехтованиеден басқасы) өткізіледі.

Соңғы жылдары қоғамның, әйтпесе, жастардың шығыс жекпе-жектеріне қызығушылығы еселене арта түсті. Қазір Қазақстанда Қытай, Жапон жекпе-жек түрлері кеңінен таратылуда. Қазақстандықтар кикбоксинг, тай-бокс, ушу-саньда бойынша әлем чемпионы болып аталуда.

Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгендігінің арқасында қазір ұмыт болып қалған өмірімізді қайта жаңғыртуға мүмкіндік алдық. Бұл ежелгі спорт түрі – жұдырықтасуға да қатысты. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда ұмыт болған жұдырықтасудың әдіс-тәсілдері Кеңес Одағы кезінде эмиграцияға кеткен қандастарымызда сақталған. Қазақ халқының ежелгі жекпе-жек сайысының ұмыт болған түрі – жұдырықтасу. Қазіргі заманғы қайта жаңғырып келеді. Бұл – ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра, сөзсіз, қазақ мәдениетін дамытады. Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосып, зиялы қоғам құруға септігін тигізеді. Жұдырықтасудың дамуы ұлттық патриотизмді тәрбиелеуге тікелей ықпалын тигізеді. Қазақ жастары шетелдің жұлдыздары Брюс Ли, Стивен Сегалдарға емес, өзінің ата-бабалары қазақ батырлары – Райымбек, Қарасайларға, палуан Қажымұқанға еліктеп өседі. Әрине, бұл ұлтжандылықты тәрбиелеп, ұлттық рухтың шырмауына да мүмкіндік туғызады.

Жекпе-жек спорттық ойындарын дене шынықтыру сабақтарында қалыптастыру арқылы оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлерін, құралдары мен әдістерін қолданып, оқушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іскер көзқарас таныту.

Оқушылардың жүйелі дене жаттығуларына қызығушылығы мен қажеттілігін қалыптастыру, бұларды өзін-өзі физикалық жағынан тәрбиелеуге қосу.

Оқушылардың тәрбие жұмысында дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөніндегі операциялық білімдерінің, икемділіктері мен дағдыларының қажетті деңгейінің болуы мен қалыптасуы.

Физикалық өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды буыны есебінде, тұлғаның ішкі сенімі мен саналы еркі басым түсіп жататын бағыттылығын ескерген дұрыс. Сондықтан да оқушылардың жүйелі дене шынықтыру жаттығуларын қажетсінуі физикалық өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі іргетасы болып табылады. Өзін-өзі жетілдіру процесі дұрыс басшылықты қажет етеді, себебі анатомия, физиология, психология және әдістемелік тұрғысынан жеткілікті білімі жоқ адамның өз бетімен жаттығуы, денсаулығы мен мінез-құлқына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да жеткілікті түрде белсенді ұйымдық-әдістемелік тәсілдердің іздестірілуі мен пайдаланылуы қажет, бұлар оқушылардың өз бетімен жетілуін, дербес жаттығуларға тұрақты дағдысын тәрбиелеуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар сабақтарды жеке және шағын топтық әдістермен өткізуге көбірек мән берілді, өйткені сыныптың дене даярлығы түрліше 5-10 адамнан толған кезінде, жекелеген оқушылар немесе 2-3 адамдық топтар үшін, қатар орындалатын, үйлесімділік күрделігі мен салмақ көлемі жөнінен ерекшеленетін бірнеше бағдарламаны іріктеу қажеттілігі туындайды.

Сондай-ақ, оқушыларды олардың тек орындай алатын ғана емес, сонымен қоса, ұқсас нұсқаларды орындай отырып, ойдан құрастыратын және өз күшін тиімді жұмсай алатындай бұлардың жаттығуларды қалыптастыру жолымен берілген өз беттерімен орындау бейімділіктеріне үйретудің дидактикалық шеберлігі де қажет.

Оқушылардың қимыл белсенділігінің, сондай-ақ қозғалыс міндеттерін шешуге шығармашылықпен келудің қалыптасуында, тұтастай педагогикалық процестің негізгі құрамдастарының бірі әрі баланың қоғаммен және өмірмен байланыстырушы буыны болып табылатын дене тәрбиесі ерекше орын алады.

Осыдан келіп, оқушылардың шығармашылық белсенділігін тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Дене тәрбиесі құралдарын балалардың белсенділігін тәрбиелеуде пайдалану бағытындағы білімдері мен икемділіктерін меңгеру қажеттілігін түсінуін білдіреді.

Оқушылардың белсенділігін дене тәрбиесі құралдарымен қалыптастыру тиімділігі, төмендегі педагогикалық шарттарын сақтаған кезде қамтамасыз етіледі: дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесінің оқушылардың қозғалыс белсенділігін тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мәселелері, дене тәрбиесі құралдарымен балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда, қажетті білім мен шеберліктің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу, оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің құралдарын, белсенді түрлерін пайдалана отырып, жеке-психологиялық ерекшеліктерін, қозғалыс белсенділігінің деңгейін ескеріп, іскер көзқарас таныту. Соның негізінде оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ескере отырып, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға арналған әдістер жүйесі қолданылды.

Дене шынықтыру, оның қызметі, байланысы және оның басқа бөліктермен өзара карым қатынасы арқылы талдау нәтижесінде танылады. Спорт дене мәдениетінің бір саласы ғана. Дене тәрбиесі дене мәдениетінің құрамына жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік және спорттық бағыттағы дене тәрбиесі деп аталатын педагогикалық басты үш бағыттар бойынша кіреді.

Спорт адам психологиясының орнықтылығын, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорт қимылының негізгі мақсаты – спорттың бір түрінен жоғары жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілет-қарымын, ептілік касиеттерін қалыптастыру.

Дене тәрбиесі негіздерінің теориялық тұрғыдан дамуына қоғамдық өндірістің, ғылымның тұтас дамуы және дене тәрбиесінің іс-тәжірибесі себепші болды. Қоғамдық өндірістің қажеттілігі ғылыми теорияның әлеуметтік даму бағыттарын анықтайды, іс-тәжірибе оның ақиқаттық өлшемі болып табылады және қажетті тәжірибелік материалдарды пайдалануға береді, ғылыми дүниетану бағытының жиынтығымен, жаратылыстану-ғылымдық білімімен, ғылыми-зерттеу құралдары және әдістерімен жарақтандырылады. Іс жүзіндегі қажеттілік пен ғылымның даму деңгейі арасындағы үйлеспеушілік дене тәрбиесінің теориялық негіздеріндегі алға басушылықтың (прогрессивтілік) басты тетігі қызметін аткарады.

Дене шынықтыру мен спорттың теориясының педагогика ғылымдары жүйесіндегі орны ерекше. Дене тәрбиесі үлкен дәрежеде елеулі мәдени құндылыққа ие, ол жеке тұлғаның барлық өміріне, оның жоғары белсенділігіне ықпал жасайды және ынталандырады. Адамдардың еңбектен, сабақтан тыс бос уақыттары көп болған сайын, дене тәрбиесі белсенді демалыс, денсаулықты нығайту, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің дамуында маңызды қызмет атқарады. Дене тәрбиесінің мақсаты жалпы міндеттерді шешуде ашылады және айқындалады. Ал, міндеттер негізгі бағыттар мен шоғырландырылған бағдарламалардың мақсатын шешуге жұмылдырылады.

Дене шынықтыру мен спорттың қызметі әлеуметтік көрініс ретінде дене тәрбиесі жалпы заңдылықтарының, халықтың қандай да болмасын топтарының дене тәрбиесіне тән бір қалыптылығын айтады.

Спорт түрлерінің құрамы мен кейбір жеке спорт түрлеріндегі нормативтік талаптар әрбір төрт жыл сайын, әдетте, олимпиадалық ойындар өткеннен кейінгі бірінші жылы қарастырылады. Сонымен, кезекті олимпиадалық ойындарға таман әр спорт түрлерінен қажетті даму перспективасы құрылады, ойындарға енетін жаңа спорт түрлері мен олардың ережелері қарастырылады.

Бірыңғай спорттық классификацияның шарттары бойынша спортшы өзінің теориялық дайындығын және жалпы дене қимылдары дайындығын әрдайым жоғарылатын отыруы жайында ережелер қарастырылған.

Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әртүрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы т.б. қимыл- қозғалыс дағды-машықтарын жетілдіреді. Іс-әрекеттің, жүктеменің сипатындағы қатаң реттеу тәртіптілігінің жоқтығы, оның қасиетін жоққа шығармайды. Ресми немесе шартты түрдегі ережелер шегінде оқушылардың пікірлері бойынша, ең әсерлі тиімді деген іс-әрекеттерді қолдануына болады. Бұнымен қоса, оқушыға түсетін жүктеме оның белсенділігіне, ойын кезіндегі атқаратын қызметіне және кейбір алдын-ала анықталған шарттарына (әдісті қолдану ұзақтығы, қатысушылар саны, ойынның мазмұны және т.б.) байланысты болады. Ойын кезінде қатысушы жетістікке жету үшін, іс-әрекеттердің бүтіндей кешенін (жүгіру, секіру, лақтыру және т.б.), оны тағы да ең алуан түрдегі қосындысында қолдануға тура келеді. Бұның барлығы ойнаушылардың ағзасына кешенді түрде әсер етуін қамтамасыз етеді.

Мектеп оқушыларының дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын қалыптастыру жұмысына дайындау тиімділігі төмендегідей педагогикалық шарттарды орындаған кезде қамтамасыз етіледі:

Оқушылардың дене тәрбиесі туралы білімдерін, шеберліктері мен икемділіктерін меңгеру қажеттілігін түсінуі.


2.2 Жекпе-жек ойындары негізінде оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыу қағидалары
Оқушылардың жеке тұлғалық дене мәдениеті – бұл жеке тұлғаның физикалық дамуы мен білімінің деңгейін, осы деңгейге жету тәсілдерін түсінуін және дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекетінің әр түрлі формалары мен жалпы өмірінен көрінуін сипаттайтын сапалық, жүйелілік, динамикалық білім. Оның құрылымы жеке тұлғаның қажетін, мұратын, мотивін, ұстанымын, қызығушылығын, сонымен қатар жеке тұлғаның денсаулығын, қозғалу қабілеті мен дағдысы дене тәрбиесі-спорттық белсенділік өрісінен кең көрінеді (танымдық, үгіт-насихаттық, нұсқаулық, өзін-өзі жетілділдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу).

Дене мүмкіндігі мектеп оқушысының жеке тұлғалық дене мәдениетінің маңызды құндылығы және оған қажет қасиет ретінде жеке тұлғаның дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекеттерде жан-жақты толық дамуға ұмтылуын сипаттайтын, жеке дене қабілеттерін ашуға жағдай туғызатын қозғалысты жай-күйін анықтайды, оны жетілдіру үдерісі – көбінесе жеке тұлғаның өзіндік белсенділігімен байланысты, жеңілден қиынға дейін қозғалу тәжірибесімен сипатталады.

Мектеп оқушыларында физикалық жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін қалыптастыру оқу-тәрбие үдерісінде дене тәрбие пәні бойынша шешуші мән болып есептеледі. Мамандардың дене тәрбиесі жөніндегі байқауларды, зерттеулерді және іс-тәжірибелерді жинақтап, қорыта талдауы мектеп оқушыларының дене дамуы мен даярлығының қазіргі жағдайын шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Дене мәдениеті - адамдардың дене куатының жетілуі үшін пайдаланатын қоғамдық-материалдық (спорт ғимараттары, құрал- жабдықтар) және рухани (арнаулы білім, ғылыми тәжірибе) байлығын құрайтын халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Ол негізгі дене шынықтыру, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене шынықтыру болып табылады. Дене мәдениетінің материалдық құндылықтарына дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналған әртүрлі ғимараттар, арнайы құрал-жабдықтар, қаржыландыру, адамдардың дене қасиеттерін жетілдіру деңгейі. Рухани құндылықтарға - дене тәрбиесі жүйесін идеологиялық, ғылыми және ұйымдастырушылық бағыттамада қамтамасыз ететін әлеуметтік, арнайы ғылыми және сарамандық жетістіктер жатады. Бұл құндылықтардың экономикалық және әлеуметтік-саяси даму салтынсыз қоғамның құрылуы мен тоқтаусыз дамуының мүмкін еместігін көрсетеді.

Дене шынықтыру қызметтерін - арнаулы және жалпы дене шынықтыру қызметтері деп бөлуге болады. Дене қуатының тынығуы - жаттығу жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен адамның көңілін көтеріп, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді. Дене қуатын қалнына келтіру - адам ағзасының ауырған жерін калпына келтіру, дене қуаты қасиетін үйлесімді дамытып, жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі - адамды қимыл ептілігі мен дағдыға үйрету және теориялық біліммен қаруландыру. Бұны оқып-білуде сауықтыру, емдік және қайта қалпына келтіру мен бейімделу дене шынықтыруы көп пайдасын келтіреді.

Адамның денесін жетілдірудің жалпы заңдылықтарын ашу үшін жаратылыстану және басқа да қоғамдық ғылымдары, жеке физиология мен биохимия, жалпы педагогика және арнайы педагогикалық гимнастика, жеңіл атлетика т.б. пәндердің мәліметтері кең ауқымда қолданылады. Дене тәрбиесі теориясының жоғарыда аталған пәндермен байланысын оқып-үйрену арқылы педагогика ғылымы бола тұрып, оларды оқыту және тәрбиелеудің заңдылықтарын ашу үшін, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтерін қандай жағдайда және неге пайдаланатынын білген маңызды. Дене тәрбиесінің жүйесі қоғамның басқа да экономика, мәдениет, ғылым, саясат, әлеуметтану сияқты, маңызды салаларымен тығыз байланысты.

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы білімін, қабілетін, дағдысын қалыптастыруға ықпал ететін, педагог құзырында бар ықпалдар арсеналы болып жатқан жағдаймен сәйкестендіріп алу маңызды міндет болып табылады. Дене тәрбиесін басқару әр түрлі іс-әрекетке белсенділігі қалыптасқан оқушылар ортасында жүреді. Сондықтан педагог осы құндылықтарды білуі тиіс. Дене тәрбиесі мұғалімдерін оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау моделінің мазмұнын мотивтік, мазмұндық, процессуалды-іс-әрекеттік, рефлексиялық бақылау бірліктері құрайды.
Мотивтік компонентдене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру қажеттілігін сезінуі, педагогикалық іс-әрекетке тұрақты бағдарының болуы, оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ажырата білуге деген қызығушылығы, дене тәрбиесі жүйесі туралы өз бетінше білімін көтеруге деген ұмтылысы.Мазмұндық компонентоқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру туралы ілімі, оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимыл
ерекшеліктерін білуі, оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру туралы әдістемелік сауаттылығы, жаңашылдық, кәсіби құзіреттілік.Процессуальды-іс-әрекеттік компоненттер – дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагогикалық жағдаяттарды шешу, оқушылармен мектепте, сыныптан тыс жұмыстарда, мектептен тыс жұмыстардағы дене тәрбиесін ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеруі. Оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып, дене тәрбиесіндегі жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана алуы.Рефлексиялық – бағалау компоненті педагогикалық рефлексияны меңгеру, дене тәрбиесі жүйесін педагогикалық талдауы, шығармашылық
ізденімпаздық, дене тәрбиесінде дене мүмкіндіктерін талдау білімділігі, дене тәрбиесі жүйесі туралы білімі мен біліктілігін жетілдіруге ұмтылуы.

Мұғалімдердің даярлығын қалыптастырудың жоғары деңгейі: дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі жөніндегі білім мазмұны бойынша меңгерген білімі айтарлықтай терең; өз жеке басының белсенділігімен ерекшеленеді; білімін жетілдіруге ынталы; дене мүмкіндігі мен рухани жан-дүниесінің біртұтас жүйе екендігін сезіне біледі; дене жаттығуларының, қозғалыс қимылдарының т.б. дамыту, білімдік, сауықтыру міндеттерін шығармашылық тұрғыда қабілетті. Даярлықтың жоғары деңгейінің қалыптасуы, болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметінің оқушыларға бағытталуымен сипатталады, олардың сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта оқушыларды дене тәрбиесін жүзеге асыру құралдарын пайдаланып, жұмыс істеудегі шығармашылыққа және өзін - өзі жетілдіруге деген тұрақты ынтасы мен, жүйелі мүддесімен сипатталады. Мұның өзі мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: мектеп оқушыларына әдістемелік-нұсқаулық білім негіздерін сапалы түрде меңгерту, тәжірибелік-әдістемелік даярлық жүргізу, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру әдістерін меңгерту, дене шынықтыру мен спортқа қызығушылық пен сұранысты күнделікті өмірге белсенді енгізу.

Әдістемелік-нұсқаулық сабақтар оқушылардың әдістемелік бағыттағы өз білімдерін кеңейтіп (мысалы, арнайы әдебиеттерді оқып-үйрену), өзіндік жоспары бойынша жүйелі жұмыс жүргізгенде өз нәтижесін береді.
Тәжірибелік-әдістемелік даярлыққа төмендегідей жүйелі тәжірибелік тапсырмалар кешенін орындаған жағдайда қол жеткізуге болады:

- таңертеңгі гигиеналық жаттығулар жүйесін жасақтау және жүргізу;

- сергіту жаттығулары мен қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу;

- қозғалыс дағдысын қалыптастыру, арнайы дене қабілеттерін жетілдіру жаттығуларын жүргізу;

- бұқаралық сауықтыру спорттық шараларына қатысу және төрелік ету.

Оқушылардың дене тәрбиесін дамыту жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру әдістері жетекші қызмет атқарады. Бұл бағыттағы арнайы даярлық өзін-өзі жетілдіру туралы ақпарат, негізгі әдістер мен тәсілдерді қамтиды. Оқушылар назары төмендегідей іс-әрекетпен тапсырмалар орындауға бағытталуы қажет:

- өзін-өзі жетілдіру үдерісінің жеке мүдделік ерекшеліктерін нақтылау;

- оқушының дене тәрбиесі қызметі бойынша қызығушылығы мен сұранысын есепке алу, сұранысты қанағаттандыру жолдарын қарастыру;

- әр оқу сабағында оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қажетті ақпаратты таңдап алу;

- дене жаттығулары барысында кездескен қиындықтармен жүйелі күрес жүргізу, тұлғаның жағымды қасиеттерін, ерігі мен жігерін дамыту;

- дене тәрбиесі арқылы өз мінезін шыңдау, өмірде кездескен қиындықтардың шешімін таба білуге дағдылану;

- жеке тұлғаны қалыптастыруда ұнамсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстап, ізгілікті сезімдерін, мәдениетті мінез–құлық сапаларын және өзінің кәсіби қызметінің қоғам игілігіне пайдалы тұсын ұғынуға баулу;


- өзгермелі өмір жағдайында нақты, дұрыс бағытының болуы, салауаттылық өмір–сүру принциптеріне сай, педагогикалық жүйенің құрылымы, мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңа жағдайға орай тез бейімдеп, одан әрі сапалы, тиімді жолмен ұйымдастыруға, жасампаз тіршілік, өмір шеберлігі шыңына ұмтылуын қалыптастыру;

Оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыу қағидаларының негізі ретінде спотртық іріктеуді жатқызсақ болады. Спорттық іріктеу – бұл негізінен педогогикалық және ұйымдастыру іс-шаралар кешені, мақсат пен міндеттен туындаған мазмұндар мен формалар түрі.

Спорттық іріктеу – бұл спорттық қызметтің қандайда бір түріне баланың (дарыны) бейімділігінің жоғары деңгейін анықтауға мүмкіншілік беретін кешенді іс-шара.

Спорттық іріктеу – ұзақ, көпсатылы жұмыс, яғни спортшыны көпжылдық дайындау кезеңдерінде, оның жеке басын бағалауда кешенді әдістермен қамтамасыз етуде, зерттеудің түрлі әдістерін пайдаланған кезде ғана ( педагогикалық, дәрігерлік-биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа) тиімді болмақ. Спорттық бағыт пен іріктеудің әдістемелік жоспарн В.М.Смолевский және Ю.К Гавердовский қағидалы ережелер қатарына жатқызады.

Спорттық жүйе қызметіне тарту үшін белгілі бір шарттар қажет. Олардың ішіндегі өзгелеріне қарағанда ең маңыздыларына жататындары, оған жеке бейімділігі, талап, қызығушылық. Оларды анықтау, қалыптастыру мен дамыту табиғи және әлеуметтік факторлардың әсер етуімен болады.

Спорттық бейімділікті байқау, сонымен бірге қазіргі спорттық жедел дамуы және халықаралық спорттық аренадағы бәсекелестің қатты асқынуы, спорттық іріктеудің кейбір өзекті мәселелерін, оның зерттеу және ұйымдастыру тәжірибелік аспектілерін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Спорттың жақсы дамыған бірқатар елдерінде спорттық іріктеу тәжірибесі кең бұтақ жайған. «Спорттық іріктеу» ұғымы әзірге толығымен түсіндірме алған жоқ. Көптеген мамандар қандай да бір спорт түрінен жетістікке жету үшін жеке білімділікті (қабілеттілік, дарындылық) алдынала байқаумен байланыстырады.

Спорттық бейімділікпен бағытты анықтау үшін спортқа тарту барысында гуманистік, жалпыадами ұстанымның болуы керек. Спорттық мамандану болашағы яғни жеке қажеттілікпен жеке қызығушылыққа толығымен сәйкес келуі керек. Ең маңыздысы спорттық қызмет бағдарының мейлінше мақсаттылығы нақты қандай бағытта екенін анықтау, яғни оның жеке қабілетін жетілдіруге ықпал жасаудың тиімді болуы, тұлғаның қажетттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыру және қалыптастыру басты болуы қажет. Іріктеуде «сұрыптау» деген әңгіме болмауы керек, әсіресе спортқа тарту кезеңінде (егер, әрине денсаулығында кінарат болмаса) – қалыпты әлеуметтік жағдайда барлығына өздерінің спорттық қызығушылығын қанағаттандыру үшін теңдей мүмкіншілік берілуі керек.

Спорттық бағыттың бірнеше сәттері мен қозғалысы.

Спортқа бейімділікті анықтау жолында мамандар мыныдай тұжырымға келіп отыр, спорттық жеттістікке жеке бейімділікті дұрыс анықтауға бір реттік бақылау, тестілеу және т.б. жүргізу жолмен аз уақыттың ішінде анықтау мүмкін емес екендігі оған екі себеп бар.

1. Спорттық бейімділік – жеке сипаттық күрделі кешен (биофизикалық және жеке - психикалық) біруақытта пайда болып пісіп жетілмейді, яғни әртүрлі кезеңде жетіледі, ол спорттық қызметпен жас ерекшелігіне тәуелді;

2. Спорттық жетістікке жетудегі жеке мүмкіншілік және жеке бағдарды іске асырудың көрсеткіші, жеке жетілдірудің табиғи ерекшеліктерінің күші, өмірдегі әлеуметтік жағдайдың әсерінен өзгеруі мүмкін екендігін әрқашан еске алу қажеттілігі. Осыдан барып жеке спорттық бейімділіктің анықтамасын бір жолғы іс-шара ретінде емес, кезең-кезеңімен жаңарып отыратын процесс ретінде жүзеге асыру керектігі туындайды.

Көпжылдық спорттық дайындықты шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады, оның әрқайсысы адамның жеке өмірінің бірқатар жылдарын қамтиды, оларға: - базалық дайындау кезеңі, спорттық – жетістікті жүзеге асыру кезеңі және «спорттағы өміршеңдік кезеңі» деп бөлуге болады.

Бірінші кезең және оның ішкі кезеңдері уақыт аралығында бірыңғай емес, ол спортпен шұғылдануды бастаған уақыттағы жеке жас ерекшелігіне байланысты, спорттық жаттығуларды, жарыс қызметінің сипатын, спортшыны дамытудың жеке ерекшеліктерін, басқа да факторлар мен жағдайларды дұрыс қоя білуде, яғни жүйелі спорттық қызметті балалық және жеткіншектік жаста бастағанда, көп жағдайда екі-үш жылда, алғашқы спорттық маманданудың мақсатты бағытын анықтау керек және спорттық болашағын болжауға болады.

Спорттық дарын – берілген спорт түріне тумасынан сәйкес келуі, сонымен бірге дене және психикалық қабілеті қалыптасқан, сондай-ақ спортшының қабілеті спорттық жаттығу барысында жылдам және тиімді жетілуі. Спорттық дарын ұғымына тамаша денсаулық пен ағзаның анатомо-физологиялық ерекшелігі де кіреді.

Жоғарыда көрсетілгендер бір-бірімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады.

Спорттық дарындылықты құрайтын құрамдас бөліктерінің әр қайсысының алғашқы белгілері жаңадан келгендердің бойында анықталуы мүмкін және тиіс, іріктеу өнері осыдан тұрады.

Іріктеудің құрамдық жүйесі, бір жағынан спорттық топтарды мейлінше қабілеттеріне қарай дұрыс жинақтауға мүмкіншілік берсе, екінші жағынан-жаңадан келгендерді спорттың қай түріне қабілетті екенін табуына көмектеседі, осыдан жаттығушы өзінің мүмкіншілігін толығымен көрсете алады.Спорттық күрес түрлеріне бастапқы іріктеудегі бағдарлар мен әдістемелер.

Спорттық бағдар мен іріктеу – дене тәрбиесі мен спорттың жалпы ілімнің бөлімі.

Спорттық бағдарлау мен іріктеудің негізіне дене жетілдірудің жоғарғы көрсеткіші бойынша және бітімінің ерекшелігі, үйлесімділік қабілеті, бұл-шық ет күш, иілгіштік, жылдамдық және секіргіштік, жүйке жүйелерінің не-гізгі ерекшеліктері туралы оқыту жатады.

Спорттық бағдар пәні болып, дарындылықты және адам қабілетін, спорттың қай түрімен шұғылдану керектігін ұсынатын немесе спорт түрі бойынша мамандануды оқытатын пән болып табылады.

Спорттық іріктеу – белгілі бір спорт түрімен айналыса алатын адамдар іздеу, ал сонан соң олардың ішінен мейлінше дарындыларын, талантты-ларын, ең жоғары шеберлікке жетуге қабілеттілерін бөлу. Спорттық іріктеу спорт түрінің қызығушылығына қарайды, ал бағдарлау – тұлғаның қызығу-шылығына қарайды.

Спорттың бағдар мен іріктеу бір бүтін ұғымы болуы керек және екі түсінікті айыра қарау керек «спортқа жарамды» және «спорттық болашақ».



Спортқа жарамдылық – бұл адам қабілетінің деңгейі, оның денсаулығы үшін және шұғылдану барысында жалпы жетілу, сонымен қатар жарыстарда таңдаған спорт түрі бойынша санаттық нормативтер тапсыруға мүмкіндік береді.

Спорттық болашақ – таңдаған спорт түрінде анықталатын, қабілеттер және жарыс кезінде пайда болатын талаптарға адам қабілетінің жоғары дәрежеге сәйкес келуінен тұрады.

Осыған байланысты жеке қабілеттілік пен дарын мәселесі физиологиялық, биологиялық зерттеу мен спорттық шеберліктің өсуі бойынша педагогикалық терең бақылау жолымен анықталады.

Олар алтау:

1. Денсаулығы;

2. Дене жетілуі және дене бітімінің ерекшелігі;

3. Жалпы және жеке дене дайындығы;

4. Психофизиологиялық ерекшелігі;

5. Техникалық дайындығы және шеберлігі;

6. Психикалық және мінез-құлықтық ерекшелігі;

Жаттықтырушылар көпжылдық жан-жақты дайындық сынамасының көмегімен және балалардың мінез-құлығын бақылаудың арқасында қабілеттілік туралы диагнозды нақты анықтай алады, олардың дамуын және шеберлік өсуін болжай алады, спорттық күреспен арықарай шұғылдануға шешім қабылданады, сонымен бірге қажет болған жағдайда ата-аналарға баласының басқа спорт түрімен шұғылдануы керек екендігі жөнінде ұсыныс береді.

Қазіргі спорт мектептеріндегі тәжірибе көрсеткендей бастапқы дайындық тобындағы болашақ спортшылардың құрамы осы үш жыл ішінде 50-60 пайызға дейін өзгеріске ұшырайтыны белгілі болды. Осы жағдайды анықтай келе топтағы жаттығушы балалардың құрамының өзгеруіне себеп болатын бірнеше факторларды атап өтуге болады оларға: жергілікті жердегі спорт мектептеріндегі спорт түрлері санының шектеулі болуы, жаттықтырушы мамандардың жетіспеуі жаттықтырушы маманның өз спорт түріне іріктеу кезінде өте көп балаларды «жарамсыз» деп тануы, балалардың немесе ата-ананың басқа спорт түрлеріне балаларын жиі ауыструы. Топтағы балалардың жиі ауысуының тағы бір себебі қазіргі спорт мектептерінің алдына қойылған міндеттер екендігі айқын болды. Спорт мектептерінің мақсаттарында былай деп жазылған «Спорт мектептерінің негізгі көрсеткіштері болып балалардың спорттық жарыстарда көрсеткен орындары мен спорт интернаттары, мамандандырылған спорт мектептеріне, олимпиядалық спорт резерв спорт мектептеріне қабылданған спортшылар санымен бағаланады».

Осыған сәйкес спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар тек қана болашақта спорттық көрсеткішке жете алады ау деген балаларды іріктеп алып басқа балаларды спорттық мектептен шығарыуға мәжбүр, себебі жаттықтырушылардың еңбектерінің бағалануы бастапқы дайындық тобынан бастап баланың спорттық жарыстарда алған орындарының көрсеткіштеріне байланысты. Сондықтан жаттықтырушы алғашқы жарыстардан бастап жеңіске жете бастаған баланы өзінің тобында неғұрлым көп уақыт ұстауға тырысады, басқа балалармен ұзақ уақыт жұмыс жасап олардың мүмкіндіктерін ашуға мүдделі болмай шығады.


Сонымен, теориялық және әдістемелік-нұсқаулық білім, білік, дағдыны және өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін меңгермейінше, оқушының дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру мүмкін емес. Өзін-өзі жетілдірудің мұндай тәсілі тәжірбиеде оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен өз ағзасының мүмкіндігін танып-білуіне жол ашады, белсенді және мақсатты түрде өзін-өзі тануына мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет