Тақырыбы: Дыбыс табиғаты.Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдылығы



бет11/13
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#76359
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Акустикалық резонанс .
Екі камертонды алып,бірін тербелтейік.Сәл уақыттан соң оның тербелісін қолымызбен басып тоқтатсақ,екінші камертонның дыбыс шығарып тұрғанын естиміз.Екінші камертонды ешкім тербеліске келтірмегендіктен, оның тербелуіне бірінші камертоннан ауа арқылы берілген тербеліс әсер етті деген қорытындыға келеміз.Бұл құбылыс акустикалық резонанс деп аталады. Ал резонанс тудыра алатын жәшіктер резонаторлар деп аталады.
Резонанс құбылысы музыкалық аспаптардың дыбысын күшейту үшін қолданылады.

Тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары ирфрадыбыс деп аталады. Адамның есту мүшесі бұл дыбыстарды қабылдамайды.
5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың,асқазанның,көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады,көкірек қуысында ауыртпалық туғызады,ал 12-14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі әскери мақсатта,балық аулау кәсібінде пайдаланылады. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза,су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.
Жиілігі 20000 Гц-тан жоғары дыбыс ультрадыбыс деп аталады.
Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру үшін пайдаланады.Сүйек,май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады.
Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар – қатерлі ісіктер,дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.
Енді мына дыбыстарды ести отырып,қандай дыбыстар екенін анықтап,сұрақтарға жауап береміз.
1. Үкі – түн құсы. Оның дауысы түнгі орманда жоғалып кетпей, алысқа дейін естіледі. Бұны қалай түсінуге болады? 
( Жауабы: Үкінің дауысының жиілігі төмен және салыстырмалы түрде толқын ұзындығы үлкен болады. Сонымен қоса оның дауысы үлкен энергияға ие.) 
2. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда қаттырақ шу шығады? 
(Жауабы: Алдымен бу көпіршіктері түбінде пайда болады, сосын суық қабатына көтеріледі. Бұл жерде бу конденсацияланады да көпіршік жарылады. Көп көпіршіктердің дауысы шу сияқты естіледі. Қайнаған судың дауысы шәйнектің бетіндегі ауа резонансын тудырады.) 
3.Дискотекадағы музыканың дыбыс қаттылығы неге тең? (110-120Дб)
4.Найзағай жарқылы мен күннің күркіреуі бір мезгілдеболады. Найзағай жарқылын біз сол мезетте-ақ көреміз,ал күннің күркіреуі бізге сәл кешігіңкіреп жетеді.Неге? (Себебі, жарық жылдамдығы 300000км/с, алдыбыстың ауада таралу жылдамдығы 330 м/с )
5.Домбыра мен скрипка бір нота орындатылады, осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей ме? (Бұл аспаптардың жиіліктері бірдей, бірақ тембрі әртүрлі болады. Біз тембріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз )
6.Жаңғырық қалай пайда болады? (Дыбыс бөгетке барып шағылып,бастапқы таралған орнына оралады )
7.Ұялы телефоның ең көп радиация тарататын кезі?(Ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі)
Қосымша тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет