Тақырыбы: Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық. А курстың оқыту пәні және әдісі б ежелгі Вавилон



бет7/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,16 Mb.
#32648
1   2   3   4   5   6   7

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Қазақстандағы Қазан төңкерісінің жеңісі және Кеңес үкіметінің орнауы.

2.Қазақстанның автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік-саяси және құқықтық жағдайы

3.1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық даму
Дәріс 15

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.

  1. Егеменді Қазақстан мемлекектінің пайда болып, қалыптасуы.

  2. Кеңестік дәуірдің құлдырауы

Қайта құрудың соңына қарай Кеңес Одағының орталық органдарының билігі әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түсті. Алдымен РФ, Украина КСР өздерінің егемендіктерін жариялады. Одақты реформалауға бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалып жатты. Осындай жағдайда 1990ж. 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы декларация қабылдады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін - өзі еркін билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық, құқықтық мемлекет құруды негізге алып, ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Декларацияны қабылдады. Декларация 17 баптан тұрды. Онда алған рет ҚазКСР ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданды деп жазылды. Бұрын бұл қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді. Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның өз еркімен одаққа берген мәселелерін қоспағанда , ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді. Осыған орай ҚАзКСР өз егемендігіне қайшы келетін одақ заңдарын тоқтата алды. ҚазКСР халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде БҰҰ мүше болуға құқылы болды. Егемендік Декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып, тәуенлсіздікке жету жолындағы соңғы саты болып табылды. Сондықтан да кейінірек егемендік Декларациясын қабылдаған 25 қазан Республика күні мерекесі болып бекітілді. 1991ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР –інің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.Қазақ халқының ғасырлар бойы тынымсыз тәуелсіздік жолындағы жүргізген күресі жүзеге асты. Осы 1991ж. 16 желтоқсанда “қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңы қабылданып, онда ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. Осылай Қазақстан Республикасының тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданып, оны қорғау мен дамытудың да негіздері қаланды.

Ұзамай 1992ж. 3 наурызда Қазақстан БҰҰ, онан кейін т.б. халықаралық ұйымдарға мүше болды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет елдер таныды, олардың елімізде дипломатиялық миссиялары ашылды. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туы және елтаңбасы (1992ж. 04 маусым), әнұраны (1992ж 11 желтоқсанда) қабылданды. Қазақстан демократиялық, құқықтық мемлекет және нарықтық қатынастар құруға бет алды.

1991ж. 01 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев бүкілхалықтық дауыс беру арқылы ҚР тұңғыш Президенті болып сайланды. Президенттік биліктің басымдығы тағы да айқындалды.


  1. ҚР 1993 жылғы Конституциясы

  2. ҚР мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы

1) 1993 жылғы Конституция қайшылықты өтпелі кезеңде қабылданды. “Конституциялық құрылыс негіздері” бөлімінің қағидалары мен принциптері Ата Заңның басқа бөлімдеріне негіз болып табылды, оны өзгертудің тәртібі ерекше қиындатылды. Конституцияның бірінші бөлімі (27 бап) азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне арналған. Мемлекет құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік береді, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тиым салады деп көрсетіледі. Республиканың әрбір адамының азаматтық алуға және оны өзгертуге құқығы бар. “Қоғам, оның құрылыс негіздері” деп аталатын екінші бөлім “Меншік және кәсіпкерлік”, “Отбасы”, “Қоғамдық бірлестіктер” атты үш тараудан тұрды. Ата заңда меншік түрлерінің сан –алуандығы бкітілген. Мемлекет меншіктің барлық түрлерінің және субъектілердің заң алдында теңдігін қамтамасыз етеді. Меншіктің сан алуандығы жарияланғанымен, Конституцияда оның екі түрі (жеке және мемлекет меншігі) аталды. Мемлекеттік билік біртұтас. Заң шығарушы, атқарушы жәнесот биліктері мемлекеттік биліктің үш тармағы болып табылады. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы Негізгі Заң болды. Ол үлкен тарихи, саяси-құқықтық рол атқарды. Дегенмен, Конституцияны Кеңес дәуірінде сайланған Жоғарғы Кеңестік қабылдауы өз таңбасын қалдырды. Ұзамай ол қайшылықтар өсіп, жаңа Конституция қабылдауға негіз болды.

2) Әлі де көптеген мәселелер шешілмеді. Бірнеше ауқымды мәселелер бойынша елде ұзақ даулар болды. Олардың ішінде: қос азаматтық, тіл мәселесі, ұлттық мемлекет пе азаматтық қоғам құру ма? , әкімшіліктер мен кеңестер арасындағы қайшылықтар, Жоғарғы Кеңес пен Үкімет арасындағы қайшылықтар болды. ҚР “Азаматтық туралы” заңы қабылданып (1991ж. желтоқсан), елде қос азаматтыққа жол берілмеді. Тіл мәселесі 1993 жылғы Конституцияда толық шешімін таба алмағанымен 1995 жылғы Конституцияда және Қазақстан Республикасының жаңа “Тіл жөніндегі заңында” жаңаша шешімін тапты. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде тең қолданылатын болды. Мемлекет барлық халықтар тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы ҚР жаңа Конституциясы қабылданды. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықтық кедергілер жойылып, еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік Республикаға айналды, қос палатадан тұратын тұрақты Парламент құрылды, Үкіметтің ролі артты. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997ж. қазан айында өзінің Қазақстан халқына жолдауында “Қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Ұзақ мерзімге арналған бұл стратегия 7 басым бағыттардан тұрады. Оның “Ұлттық қауіпсіздік”, “Кәсіпқой мемлекет” деген басымдықтары түгелдей мемлекеттік – құқықтық сипатта десе болады. Оларда ұлттық қауіпсіздікті , сыртқы байланыстарды нығайту, Үкіметтің жұмысына кәсіпқойлық сипат беру, жаңа типті мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, стратегиялық жоспарлар бойынша жұмыс істеу, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу және қайта қарау сияқты қомақты теориялық және Семинарлық мәселелер көтерілген. Стратегия негізінде негізінде саяси реформалар мен демократияландыруды тереңдету қолға алынды. Оған дәлел Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізіп, партиялық тізім бойынша сайлау арқылы Парламент Мәжілісіне қосымша он депутаттық орын берілді. ҚР Президентінің өкілеттік мерзімі 7 жылға созылды. Парламент палаталары төрағаларының Конституциялық өкілеттіліктері жоғарылатылды. 1999 жылы 10 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев баламалы негізде 7 жыл мерзімге Президенттікке қайта сайланды. 1999 жылдың 10 қазанында Парламент мәжілісі және жергілікті мәслихаттарға сайлау белгіленіп, оларға демократиялық, баламалық негізде депутаттар сайланды. Осы жылы 17 қыркүйекте Парламент Сенатына да депутаттар сайланды. Осылай, Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға “Қазақстан 2030” стартегиялық бағдарламасын орындау ғасырына жаңа Президентімен және жаңа парламентімен бағыт алды.


     

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет ретінде және оның конституциялық-құқықтық дамуы

  2. Қазақстан Республикасының 1995 ж Конституциясының тарихи – құқықтық мәні

  3. «Қазақстан – 2030» бағдарламасы және Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет