Тақырыбы: Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық. А курстың оқыту пәні және әдісі б ежелгі Вавилон



бет5/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,16 Mb.
#32648
1   2   3   4   5   6   7

Ғұндар мемлекеті

Дәріс10

Тақырыбы:VI-XII ғасырдағы мемлекет және құқық

1. Орта ғасырдағы мемлекет (6-10 ғғ.)

2. 10-12 ғғ.мемлекеттер

ІV-ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип – түрік тілдес халықтардың іргесі қаланды.

Бірінші қаған Құтлұқ болды. Оны Елтебер қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі, әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлыптастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяис қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түрікте Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлер Соғды жерлеріне дейін барды. Білге мен Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы екінші Түрік қағандығы құлап, Ашина әулетінің билігі тоқталды.

Ерте түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық-саяси жағдайда өмір сүрді. Түріктердің қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілаеі болды. Мемлекетті қаған биледі. Қаған- әскери қолбасшы саналды. Сондай-ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп-қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық тәртіптің ережелерін бекітті.

Түрік қағандары Ашина әулетінен (династиясынан) тарағандардан ғана сайланатын. Қағанның жанында қаған кеңесі болған. Қаған билігі билеуші әулет ішінде ағадан жасы үлкен ініге мұраға беріліп отырған. Түрік қағанатында қағаннан соң ұлығ, жабғу, тегін, шад, елтебер, тархан, бек, бұйрық, тұтық т.б. сияқты көптеген лауазым иелері болған. Осыған қарағанда қағандықта көп сатылы билі органдары болса керек. Жабғу, тегін, шад сияқты жоғары лауазымдарға қағанның балалары мен туыстары тағайындалды. Оларды қаған сайлап отырды.

Түрік қағандығында қағаннан бастап ру-тайпа бастығы бектерге дейін жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған.

Түрік қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Түрік қағанаттары рулық-тайпалық құрылымдарды сақтап қалды. Көшпенді халықтардың құқығы әдет-ғұрыпқа негізделген құқық болды. Көшпелі мемлекеттің де әдет-ғұрып құқығының да алғаш рет кемеліне жеткен кезеңі түрік қағанаттарының дәуірі болды деуге толық негіз бар.

Түркеш және Қарлұқ қағанаттары

Түрік қағанаттарынан соң Қазақстан территориясында Қарлұқ мемлекеті (756-940), Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қарахан мемлекеті (942-1210), Қарақытайлар мемлекеті (1228-1213), Найман және Керей ұлыстары, Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы – 1219) сияқты мемлекеттер өмір сүрді. Бұл мемлекеттерді Түрік қағанаттарының заңды жалғасы деуге болады. Себебі Түрік қағанатындағы халықтар кейін осы мемлекеттердің құрамына кірді. Олардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті, діни наным-сенімдері де ұқсас болды. Түргеш, сонан соң Қарлұқ қағандықтары кезінде Қазақстанға ислам дінін таратушы араб әскерлері кірді. Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дінге айналды.

Қарлұқ қағандығы (756-940) VІІІ ғасырдың ортасында түргештердің орнын басу үшін қарлұқ тайпалары мен оғыздардың күресі нәтижесінде пайда болды. Қарлұқ мемлекетінің басшысын жабғу, кейінірек қаған деп атады. Қарлұқтардың мемлекеттік жүйесі ұлыстық-тайпалық сипатта болып, орталық билігі күшті болмады. Орталықтың нашар болып, аймақтардың мықты болуы қарлұқ қағанының құлауына себеп болды.

Оғыз мемлекеті

Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы) тайпалары ІХ-Х ғасырларда оғыз тайпаларының одағы құрылды. Оғыздар 24 тайпадан тұрды. Өз ішінде оғыздар әрқайсысы 12 тайпадан тұратын екі бөлікке: бузуктарға және ұшықтарға бөлінді. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысынан Еділдің төменгі ағысына дейінгі жерде көшіп-қонды. Астанасы Жаңакент қаласы болды.

Оғыз мемлекетінің басшысы жабғу деп аталды. Жоғары билік мұраға қалдырылды. Күл-еркін – жағбудың орынбасарлары болды. Жабғуды тайпа өкілдерінен тұратын кеңес сайлады. Оғыз әскерлерінің қолбасшысын сюбашы деп атаған.

Оғыз басшыларының қатаң салық саясаты халықтың наразылығын тудырды. Бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қыпшақтардық соққысынан оғыздардың мемлекеті ХІ ғасырдың басында құлады.



Қарахан мемлекеті

Қарахан мемлекеті бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қарақытайлардың шабуылынан құлады.

Қарахан мемлекетінде әскери басшылық әкімшілік басшылықтан бөлінді. Мемлекеттің әкімшілік құрылымы көп сатылы (иерархиялы) принциппен құрылды.

Мемлекеттің жоғары билеушісінің құрметті атағы Арслан (арыстан) және Боғра (бура) деп аталды. Бүкіл елдің әскери, әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын басқаратын лауазым иелері бұғырыш, обғұ, туксин сияқты үш жүйеге жіктелді. Хан сарайындағы (аппаратындағы) қызметтердің белгілі штаты болды. Субаш (қолбасы), бек, ұлыққажин (бас кеңесші), ялауаш (елші), батықшы (хатшы), қабих (сарай күзетінің бастығы), хорұқшы (есік күзетшісі), ағшы (қазынашы), аспаз т.б. болды.

Қалалар мен қыстақтарды мехторлар, әкімдер мен райыстар басқарды. Пошта бастығын – саһипбарида, салықшылар бастығын – мустауфа деп атады.

Хан өзінің туыстары мен жақындастарына аймақтар мен қалаларды сыйға тарта алды. Мұндай сыйлықты “икта”, сыйлық иесін “иктадар” деп атады. Ханның келісімімен “иктадарлар” өзіне сыйға тартылған жерлерден бұған дейін мемлекет пайдасына алынатын салықты өздерінің пайдасына жинауға құқық алды.



Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері

Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы). ІХ ғасырда Алтай мен Сырдария аралығындағы көптеген тайпаларды біріктірген Қимақ мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің саяси ядросы Шығыс Қазақстан жерінде тараған имақ (қимақ) тайпасы болды. Қимақ одағы алғашында 7 тайпадан тұрды. Кейінірек 12 тайпаға жетті. Қимақтар бірлестігі конфедерациялық мемлекет болды.

Қимақтардың басшысын алғашында шад-тұтық, онан кейін жабғу, қаған деп атады. Қаған тайпаларға өз өкілдерінен басшылар тағайындады. Соңынан қимақтардың 11 тайпаларының басшылығы мұраға қалдырылды. Осылай ұлыстық-тайпалық жүйе қалыптасты. Мұны өзі жергілікті тайпа басшыларының сепартизмін күшейтті. ХІ ғасырдың басында Қимақ конфедерациясындағы қыпшақ тайпаларының күшеюіне байланысты Қимақ мемлекеті құлады.

Қазақстан мен Орта Азияда терең із қалдырған елдің бірі Қарахан мемлекеті. Мемлекеттің негізін салушы Сатук Богра хан (915-955). Қарахан мемлекетінің шекарасы шығыста Қашғарға, оңтүстікте Мәуереннахрға, солтүстікте Балқаш көліне, батыста хорезмге дейін созылып жатқан ірі ел болды.

Мемлекет көптеген ұлыстарға бөлінді. ХІ ғ. 30-жылдарында мемлекет екіге бөлінді. Батыс хандығының орталығы Бұқар болып оған Мәуереннахрдан Ходжентке дейінгі жерлер қарады. Шығыс хандықтың астанасы Баласұғын болып, оған Тараз, Шаш, Испиджаб қалалары, Ферғана, Жетісу және Қашғар өлеклері қарады.

Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы – 1219). ХІ ғ-ң басында қимақ қағандығының орнына қыпшақ хандығы келді. Қыпшақ даласын Дешті-Қыпшақ деп атады. Олар Ертістен Жерорта, Қара теңізге дейін жетті. Оңтүстікте Хорезм мемлекеті мен Кавказға дейін жетті. Дешті-Қыпшақ екі қанатқа бөлінді. Батыс қыпшақтары Еділден батысқа қарай созылған жерлерді жайлады. Оларды тоқсоба руынан шыққан әулет биледі. Шығыс қыпшақтары Ертіс пен Еділ өзендерінің арасын жайлады. Мұнда елбөрілі руынан шыққан әулет биледі.

Қыпшақ қоғамындағы жоғары мемлекет билеушісі хан болды. Хан әскери және азаматтық билікті қолында ұстады. Ханның ставкасы Орда деп аталды. Ханның билік етуші аппараты көп сатылы басқарушы органдар арқылы мемлекетті басқарып отырды. Оң қол деп аталған батыс қыпшақтарының орталығы Жайық өзенінің бойындағы Сарайшық қаласының орнында болды. Сол қанат немесе Шығыс қыпшақтардың орталығы Сығанақта орналасты. Хандықтың орталығы – хан ордасы Торғай даласында көшіп қонды.

Ханнан кейін тархан, басқақ, бек т.б. лауазым иелері болды. Оларды хан тағайындайтын.

Қыпшақ мемлекетінде әскердің ролі ерекше болды. Ру – тайпа басшылары өз дәрежесіндегі әскер басшылары болып есептелді.

Қыпшақ қоғамында әлеуметтік жағынан теңсіздік орын алды. Малға, өндіріс құралдарына жеке меншік болды. Қыпшақ хандығының тарихи сахнадан кетуіне моңғолдардың шапқыншылығы себеп болды.



Найман және Керей ұлыстары

Наймандар мен Керейдің ұлыстары Алтай, Ертіс, Моңғолия жеріне созылып жатты. 840 жылы Ұйғыр мемлекеті құлаған соң, наймандар мен керейлер күшейе бастайды да, көшпелілер конфедерациясының құрылуы басталды. Олардың бірлескен ханы далай-хан деп аталды.

1125 жылы керейлер, 1143 жылы наймандар өздерінің тәуелсіз хандықтарын құрды. Керей хандығы ванхан деген атаққа ие болған Тоғарылдың кезінде, наймандар Таян ханның, Бұйрық және Күшлік ханның кезінде нығайды.

Керейдің ханы Тоғарыл (1171-1203жж.) Шыңғыс ханның әскерінің соққысынан қирады.

Наймандардың ханы Таян және оның ұлы Күшлік хан да моңғолдармен соғысты. Шыңғыс ханның әскерінен шегінген Күшіліктің әскері 1212 жылы Жетісуға басып кіріп, Шыңғыс ханның әскері 1218 жылы Жетісуға басып кіргенше созылды.

Наймандар мен керейлердің мемлекеттері басында тікелей атадан балаға мұраға беріліп отыратын хан отырды. Ру-тайпа басшыларын хан тағайындадаы. Қоғам өмірі мейілінше әскерилендірілді.

Керейлер мен наймандардың шаруашылығының негізгі түрі көшпелі мал шаруашылығы болып, малға жеке меншік болды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. .қазақ халқының құрылуының алғы шарттары

  2. 2. қазақ жүздері

  3. 3. 15-18 ғасырдағы қазақ хандары



Дәріс 11

Тақырыбы:XIII-XV ғасырдағы Қазақстандағы мемлекет және құқық түсінігі

1. Қазақстан территориясын моңғолдардың басып алуы

2. Моңғол ұлыстарының Қазақстан территориясында болуы

Шыңғыс ханның (1156-1227) басшылығымен құрылған моңғол империясының дүниеге келуіне байланысты. Шыңғыс хан 1206 жылы император болып жарияланды. Мемлекеттің басты кәсібі жаулаушылық саясатын жүргізу болды. Моңғол әскерлері Қытайды, Кореяны, Сібір халықтарын, Керей және Найман хандықтарын, Қыпшақ хандығын, Хорезм мемлекетін, Ауған, Иран, Кавказды, Орыс жерлерін, Шығыс Еуропа мемлекеттерін түгелдей жаулап алып жермен-жексен етті. Моңғолдар жаулаған жерлерде Шыңғыс ханның ұрпақтарының билікте болуы ресми заңдастырылды. Басқа әулеттің билікке қол сұғуға құқы болмады. Артықшылықты пайдаланатын Шыңғыс әулетінен тараған ұрпақтар жалпы ақсүйек – төрелер, ал ру- тайпа басындағыларын сұлтандар деп атады. Шыңғыс ұрпақтарының ел билеу дәстүрі зорлықпен және насихатпен қоғамдық санаға сіңіріліп дәстүрге айналды.

Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт ұлына бөліп берді. Бұл жерлер ұлыстар деп аталды. Үлкен ұлы Жошының ұлысына Ертіс өзенінен батысқа қарай монғалдардың атының тұяғы жеткен жерлер берілді. Сонда Шығыс, Орталық, Батыс Қазақстан немесе еліміздің көпшілік бөлігі Жошы ұлысына кірді.

Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Жетісу, Сырдарияның бойымен және Мәуереннахр берілді. Үшінші ұлы Үгедейге батыс Монғолия мен Тарбағатай өңірі берілді. Кіші ұлы Төлеге шаңырақ иесі ретінде Монғолия және Қытай берілді.

Сонда Қазақстан территориясы негізінен түгелге жуық Жошы мен Шағатай ұлысына қарады, Шығыс Қазақстанның аз ғана бөлігі Үгедей ұлысына кірді.

Жошы ұлысының мұрагері оның ұлы Бату хан болды. Бату хан Шыңғыс ханның жорықтарын жалғастырып орыс княздарын, Чехословакия, Польша, Венгрия, Югославия, Румыния жерлерін басып алып Адриат теңізіне жетті. Осы ұлан байтақ жерде Батудың 1242 жылы негізін салумен Алтын Орда атты алып мемлекет дүниеге келді.

Шыңғыс ханның жаулап алған территориялары алғашқы кезеңде бір мемлекет болып есептелді. Мемлекеттің астанасы Қара Қорымда отырған Ұлы хан басқарды. Шыңғыстан кейінгі Ұлы хан оның өсиеті бойынша сайланатын Үгедей (1227-1241жж.) болды. Одан кейін Күйік (1242-1248жж) (1246 жылға дейін оеның шешесі Турака регент болды), онан соң Мөңке (1248-1260жж.), Құбылай (1260-1295жж.), Ұлы хан болды. Ұлы ханды Шыңғыс ханның ұрпақтарынан тараған ұлыс басшылары, ірі қолбасшылар мен Шыңғыстың басқа ұрпақтарының Ұлы Құрылтайы (жиналысы) сайлады.Ұлы Құрылтай Шыңғыс империясының ең жоғарғы органы болды.

Шыңғыс ханның алып терреторияны басқаруында оның шығарған заңдары Ұлы Жасақтың (Ясының) маңызы ерекше болды.

“Ұлы Жасақтың” бірінші бөлімі “Билік” – мемлекет басқару ісіне арналған. Екінші бөлімі “Жасақ” – жалпы тәртіпке және әскери құрылысқа арналған. Монғол империясы бір орталыққа бағынған, темірдей тәртіпке негізделген, көп сатылы басқару органдары бар мемлекет болды.

“Шыңғыс хан заңдарында әскерге ерекше көңіл бөлінді. Бүкіл халық қаруланған әскер түрінде болды. әрбір ер адам сирек кездесетін жағдайда болмаса әскери міндетті болды (15 бап). Ал әскерге алынбай қалған ер адам белгілі бір уақыт ішінде мемлекетке ақысыз қызмет атқарады (17 бап). Соғыс жағдайында бірде бір жауынгердің рұқсатсыз шегінуге құқы болмады. Темір тәртіпке негізделген отрядтар соңғы адамы қалғанша соғысуға тиіс болды.

Империя әскері орта, сол қанат және оң қанат болып сап түзеді. Әр топ он мыңдаған, тіпті жүз мыңнан аса адамнан тұрды. Әр топтың (қанаттың) басшысын Шыңғыс ханның өзі тағайындады. Әскер ондық, жүздік, мыңдық, түмен сияқты бөліктерге бөлінді. Оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасы және түменбасылар басқарды. Бейбіи кезде түменбасылар “әскери генерал - губернатор” сияқты азаматтық билікті де жүргізді. Мыңбасы мен жүзбасылар да осындай міндеттер атқарып, белгілі аумақтарға басшылық етті.

“Жасақта” отбасылық жағдайлар, ерлі – зайыптылардың қарым – қатынасы туралы да айтылды. Жақсы ер жақсы әйел арқылы білінеді. Әйелі нашар болса, одан ерінің нашар қасиеттері көрінеді (14 бап).

Зайыбының көзіне шөп алушы ештеңеге қарамастан, үйленген болсын, үйленбеген болсын өлімге кесіледі.

“Жасақ” көп әйел алуға рұқсат етті. Бәйбіше артықшылықты пайдаланды. Әкесі қайтыс болған жағдайда ұлы оның әйелдеріне билік (өз шешесінен басқасына) жүргізді. Оларды басқаға күйеуге беруге, тіпті үйленуге де құқығы болды (34 бап). Балалардың жолы олардың шешелерінің орнына қарай анықталды. Ер адам әйелді сатып алуы тиіс болды. Бірінші және екінші дәрежелі туыс адамдарға некегшетұруға тиым салынды. Ерлерге әпкелі – сіңлілерге үйленуге рұқсат берілді.

“Өтірік куә болғаны, сатқындығы, ұрлық жасағаны үшін өлім жазасы қарастырылды.

Шыңғыс хан заңдарында арақ-шарап ішудің зияндығы ерекше атап көрсетіліп, ол үшін жазаның түрлері да қарастырылды.

“Жасақта” дін жөнінде де айтылады. Шыңғыс ханның өзі құдіретті Құдайға табында, әскері мен қатардағы адамдардан да соны талап етті.

“Жасақта” қарыз алу мен оны өтеу, құлдарға көзқарас, сауда – саттық және т.б. қоғамның басқа да жақтары қарастырылды.

Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Бату хан жаулап алған жерлерде 1242 жылы Алтын Орда мемлекетінің негізі қаланды. Бұл мемлекет сол кезеңде Ұлы Ұлыс немесе Жошы ұлысы деп аталды. Бату хан қайтыс болғаннан кейін інісі Берке хан (1257-1266жж.) отырды.

Алтын Орда Еуразия даласына созылып жатқан алып империя еді. Оған Бату хан жаулаған елдер түгелдей вассал ретінде кірді. Беркенің кезінде Алтын Орда Ұлы ханнан тәуелсіз болды.

Алтын Орданың шығыс Дешті –Қыпшақ бөлігі Ақ Орда деп аталды.

Ақ Орда мен Көк Орданың құрылуы ескі дәстүр бойынша мемлекеттің сол қанат (Алтын Орда) және оң қанат (Ақ Орда) болып екіге бөлінуіне байланысты болуы мүмкін.

Ақ Орда оның соңғы ханы Барақ қайтыс болғанша (1428ж.) екі жүз жылдай өмір сүрді. Ақ Орданың Орда Ежен, Сартақ, Қоншы (Қайшы), Баян, Сасы БҰқа, Ерзен, Мүбәрак, Шымбай, Ерісхан, Құйыршық, Барақ сияқты хандары болды.

Ақ Ордада қазақ халқын құраған тайпалардың барлығы дерлік өмір сүрді десе болады. Оның орталығы алдымен Ертістің жағасында болып, кейінірек Жетісу мен Сырдария бойына (Сығанаққа) көшті.

Ақ Орда хандары алғашында Алтын Ордаға тәуелді болды. Орын ханның тұсында Ақ Орда тым күшекйіп әлсіреген Алтын Ордаға ауыз салады. Әмір Темірдің тікелей араласуымен Орыс хан өлген соң Ақ Орда тағына Тоқтамыс хан отырып (1380), ол Ақ Орда мен Алтын Орданы қайтадан біріктіреді.

Алтын Орда мен Ақ Орданың мемлекеттік құрылысы бірдей болды, себебі олар ұзақ уақыт бір мемлекет болып, аз уақыт бөлек өмір сүрді. Алтын Орданы Бату хан әулеті басқарса, Ақ Ордада Орда Еженнің ұрпақтары хан болды.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Шыңғыс хан империясының қоғамдық және саяси жүйесіне сипаттама.

  2. Шыңғыс ханның саяси –құқықтық және әскери реформалары.

  3. Шыңғыс ханның Қазақстан аумағын жаулауы.

  4. Алтын Орданың әкімшілік- аумақтық жүйесі. Көк Орда, Ақ Орда.



Дәріс 12

Тақырыбы:XV-XVIII ғасырлардағы саяси құрылым

1.Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары

2. Қазақ жүздері туралы ұғым

3. 15-18 ғасырдағы қазақ хандары

XV ғасырдың ортасында қазақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты.Қазақ хандығы да қазақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақ хандығы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген ондаған рулар, тайпалар мен халықтардың қазақ деп аталатын этникалық топқа қайтадан топталунан құрылды. Осы ұлан-байтақ жердің бүгінгі иегері "қазақ" халқы мен оның атымен аталған мемлекет Қазақ хандығы осылай тарих сахнасына шықты. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек хандар болды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек қараған 200 мыңдай адам Әбілхайыр хандығынан іргесін бөліп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңіріне орда тікті. Бір кезде қаһарлы болған Әбілхайыр ханның олардың жолын кесуге мұршасы болмады. 1468 жылы қазақтарды шабуға үлкен қолмен аттанған Әбілхайыр жорық үстінде қаза тапты. Оның хандығы ыдырады. Әбілхайыр хандығы құрамындағы халықтар мен қазақ хандығы құрамындағы халықтар бірыңғай болғандықтан ешқандай ұрыс-соғыссыз олар бірігіп кетті де бүкіл жерлер қазақ хандығына қарады. Халық бұдан былай қазақтар деген атаққа мәңгі иеленді.

Екінші кезең XVIII ғ-ң 20 ж.ж. 1864 жылға дейінгі қазақ хандықтарының және олардың жойылу кезеңі. Бірінші кезеңде қазақ хандығы мемлекет ретінде дүниеге келіп оның территориясы анықталды. Қазақ халқы қалыптасып, оның түрік дүниесі негізінде пайда болған өзіндік тілі, мәдениеті, өнері, ғылымы, әдебиеті, тұрмысы, шаруашылығы мен құқығы қалыптасты. Қазақ хандығы өзінің кемеліне келіп, әлемге танылды. Екінші кезеңде біртұтас қазақ хандығы этникалық территориялық негізде үшке Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз деп аталатын формальды хандықтарға бөлінді. Тек Абылай хан кезінде (1771-1781) ж.ж. біртұтасқа қайта қол жетті. Бұл кезеңде қазақ хандықтары тәуелсіздігінен айырылып ресей империясының отарына айналды.

Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді.

Сұлтандар. Ханнан кейін жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ тек Шыңғыс ханнан тарағандарға берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар жергілікті әкімшілік билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де тізгінін ұстады. Сұлтанның билігінің осылай саяси да территориялық та маңызы болды. Қазақ қоғамы ақсүйек және қарасүйек деп екіге бөлінді. Ақсүйектерге Шыңғыс ханнан тараған ұрпақтар төрелер жатты. Төрелерден сұлтандар мен хандар шықты. Мұндай бөлу Шыңғыс ұрпақтарының билігін мәңгілендіру және олардың артықшылығын рәсімдеу арқылы жүзеге асырылды. Ақсүйектердің екінші тобын қожалар құрады. Қожалар қоғамдағы рухани сала-ислам дінін алғашқы таратушылардың ұрпақтары. Қожалар ислам дінін насихаттаумен, молдалықпен, діни оқу-ағарту ісімен айналысты.

Билер. Қазақ қоғамында ерекше рөль атқарған топ билер. Би қоғамдағы аса маңызды лауазым иесі, беделді адам болды. Би бұрынғы бек атауының өзгерген түрі деген пікір бар. Билердің билігі жан-жақты болған. Біріншіден, ол атына сай билік құрушы, әкімшілік құқығы бар лауазым иесі. Бұл тұрғыда билер рулар мен тайпаларды немесе белгілі бір өңірді билеуші адам. Екіншіден, билер даладағы сот процессуалдық істерді жүргізіп, үкім, шешім шығарушы немесе тергеу ісі мен сот ісін жүргізуші. Олар қазақтардың әдет-ғұрып құқығының ғана емес, шариғаттың да білгірі. Үшіншден, билер соғыс жағдайында әскер басы, дипломатиялық, елшілік қызметтер де атқарды. Билердің бәрі де сқан зерек, шешен, ақылдығымен ерекшеленетін.

Көшпелілер арасында ежелден соғыстар көп болды. Қоғамдық өмірдің өзі де жартылай әскериленген сипат алған еді. Қазақ қоғамы кез келген жағдайда сыртқы жауға тойтарыс беруге даяр тұрды. Осындай жағдайда халықты отан қорғауға бастайтын ерекше әлеуметтік топ батырлар қалыптасты.

Қазақ қоғамында үстем тап өкілдерінің негізгі көпшілігі байлар болды. Қазақ байлары ірі мал иелері. Байлар сондай-ақ байлығының арқасында үлкен жайылымдар мен тоғандарға иелік еткен.

Шаруалар. Қазақ қоғамының көпшілік бөлігін шаруалар құрды. Шаруа жеке басы тәуелсіз ерікті қоғам мүшесі. Шаруашының жеке шаруашылығы өзіне қажетті малы болды. Шаруалардың кейбір бөлігі егіншілікпен айналысты. Қолөнермен кәсіп қылған шаруалар да болды. Шаруалардың кейбір өкілдері аңшылықпен және балық аулаумен күн көрді.

Қоңсы шаруалар ауқатты ауылдарға қоңсы қонып, байлардың, би, сұлтандардың малын бағып, солардың көмегімен көшіп-қонып жүрген кедей шаруалар тобы болды.

Қазақ қоғамының ең қорғансыз және мал-мүлкі, үй-жайы, тіпті отбасы да жоқ тобы байғұстар деп атады.

Ерекше әлеулеметтік топ төлеңгеттер деп атады. Олар жаугершілік жағдайда хан, сұлтандар, билер мен батырлардың төңірегіне олардың нөкерлері ретінде топталды. Бейбіт кезде олардың шаруашылығын қамтамасыз етті, салық жинау мен хабаршылардың жұмысын атқарды.

Қазақ қоғамында патриархалдық (үй шаруашылығындағы) құлдық та болды. Құлдың ешқандай құқығы да еркі де болмады. Қожайыны құлды қандай жазаға тартса да, сатса да ерікті болды. Құлдың құны бір аңшы ит немесе аңшы құсқа теңеліп те кете берді. Құлдың әйелін немесе құлдыққа түскен әйелдерді кұң деп атады. Құлға тұтқынға түскендер, борышқа батқандар түсті. Құлдардың саны көп болмаған және олар материалдық игіліктерді молайтуға ерекше үлес қоспаған.

Құлдың өмірі ауыр болғанымен уақыт өте құлдықтан босату жиі кездескен. Мұның өзі қазақ қоғамының адамгершілік жақтарын көрсететін құбылыстар.

Қазақ хандығы мемлекет ретінде көшпелі шаруашылықтың регресті дамуы немесе дағдырысқа ұшырай бастаған дәуірінде дүниеге келді. Ұлы жібек жолы тарихи сахнадан кетіп, сауда жолдары теңіздер мен мұхиттарға көшті. Батыста феодалдық қатынастар шегіне жетіп, жаңа нарыққа негізделген капиталистік қатынастар етек келе ала бастады.Көшпелі өмір тұрақты мемлекеттік аппарат ұстауға мүмкіндік бермеді. Себебі ханның өзі де халықпен бірге көшіп қонды. Мұндай жағдайда тұрақты аппарат ұстау қиын еді. Сондай-ақ көшпелі мір тұрақты армия мен түрме, полиция, тұрақты сот-прокуратура сияқты мемлекеттік билік органдарын да ұстауға мүмкіндік бермеді. Әрине бұл органдарға қатысты мәселелер қазақ қоғамында билер соты және халық жиындары арқылы өз шешімін тауып жатты. Ру мүшелері туыс адамдар болғандықтан өз ішінде қыз алысуға жол бермеді. Қыз лыспайтын жақын рулар да көп болды. Ру туыстық ұйым және қоғамның ерекше бөлігі ретінде өз мүшелерін қорғауға міндетті болды. Тіпті өз мүшелерінің айып қарыздарын да бірігіп өтеді. Барымта мен қаза жағдайында да бірігіп әрекет етті. Жеке мүшелердің жөнсіз қылығы үшін де ұятты болды. Тіпті әр рудың өз моласы да бөлек болған жағдайлар көп кездескен. Қазақ қоғамының демократиялық сипаты болды. Оның көріністері: ханның сайланып қойылуы, халық жиналыстарыныңда жиі шақырылып онда аса маңызды мемлекеттік мәселелердің талқыланып тұруы, билер сотында екі жақтың ашық тыңдалуы, құлдықтың болмауы, ру мүшелерінің туыстық қатынаста болуына байланысты қанаудың қатаң болмауы және жасырын сипаты, халықтың басым бөлігі шаруалардың құқықтық жағынан ешкімге тәуелсіз ерікті болуы, қазақтың қыздарының еркін болып, пәренже тақпауы, соғыстарға қатысуы.

Әскердің ұйымдастырылуы. Қазақ қоғамында әскерді ұйымдастырудың өз тәртібіболды. Арнайы тұрақты әскер болмады. Көшпелі қоғамында тұрақты әскер құрудың ешқандай қажетіболмады. Көшіп қонып жүрген халықтың тұрмысының өзі жартылай әскери сипатта болды. әрбір қазақ атқа мінді, садақ атып, жебе тртуды терең меңгерді. Тұрақты кездесіп тұратын барымта мен көкпар ойындарының әскери сипаты үлкен болды. Соғыс жағдайында халық жасақтары өте жылдам құрылды. Әрбір қазақ екі ат, қажетті қару-жарақ пен сауыт-саймандарын өзі дайындап, жасақтағы өз орын табатын. Халық жасақтары ру, тайпа, жүздік приципімен құрылып ондық, жүздік. Мыңдық және түмен болып бөлінді. Әскердің бас қолбасшысы хан болды. Хан белгілі батырларды мыңбасы. Түменбасы етіп бекітті. Қазақ хандығыүш жүзге бөлініп, әр жүздің өз ханы болған "Ақтабан шұбырынды" жылдары қазақ жасақтарының басы бірікпей халық қатты жеңілістерге ұшырады. Тек 1726 жылы Ордабасында үш жүздің өкілдері Әбілхайыр ханды бас қолбасшы етті. Хандардың жанында саны көп емес тұрақты әскері-ұландары болды. Олардың негізін төлеңгіттер құрады. Сондай-ақ мұндай әскер ірі сұлтандар мен билердің қасында да болды.

Қазақ хандығы монархиялық басқару үлгісіндегі феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басшысы хан- монарх сайланып қойылды. Хан тек Шыңғыс хан әулетінен шығуы тиіс болды. Қазақ қоғамының негізгі туыстық қатынастар негізінде топтасқан ру болды. Рулық қатынастар көшпелі мал шаруашылығына негізделген феодалдық қоғамға мейлінше бейімделді.

Қазақ қоғамы әлеуметтік жіктелуге ұшыраған таптық қоғам болды. Оның бір жағында хан, сұлтан, би, байлар бастаған саяси және экономикалық жағынан үстем таптар тұрса, екінші жағында тәуелді шаруалар, төлеңгіттер, жатақтар сияқты топтар тұрды.

Қазақ мемлекетінде көшпелі өмірге орай күшті тұрақты басқару аппараты болмады. Мұның өзі орталық биліктің біртндеп нашарлауына, керісінше аумақтарда жүзге бөлінудің күшейтіп үш жүздің жеке-жеке хандықтарға айналуына, ақыр аяғында қазақтардың Ресейдің боданы болуға алып келді.

Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені "адат" деп атайды. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары.Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымджы білдіреді. "Адат" өте ерте кезден басталып, көптеген өзгерістермен және толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен "адаттың" құқықтық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.

Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады.

1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан көрінетін консерватизмі. Мұндай ерекшеліктердің сақталуы заңды нәрсе. Ру қазақ қоғамының негізі болды. Ал рудың негізі патриархалдық отбасы болды.

2. Қазақ әдет-ғұрып құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті.бұл институттар қазақ қоғамында және оның құқықтық жүйесінде ерекше орын алды.

3. Әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән бере берілмеді.

4. Жерге жеке меншік құқының болмауы, қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының (сұлтандар,билер. қожалар) артықшылығымен ұштастырылды. Қазақ ақсүйектерінің, әсіресе сұлтандар мен қожалардың артықшылығ ресми заңдастырылды. Ал ел билеу ісітек сұлтандардың үлесі ретінде рәсімделді. Мұндай тәртіпті қоғамдық пікір де мойындады.

5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманистік сипатта болды.

6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік сипатта болды.

7. Әдет-ғұрып құқығының партикулярлық сипаты. Әдет-ғұрып нормаларындағы басты нәрсе- ол нормалардың өздерінен гөрі олардың ішкі мәні еді. Олардың негізінде жатқан принциптері еді. Ең басты нәрсе сол принциптердің өз мәнін, мазмұнын жоймай іске асуы болатын. Айталық, қылмыс пен жэаза саласында- қанды кек не құн төлеу қағидасы, неке саласында- жеті атаға дейін қыз алыспау қағидасы, сот саласында әділдік, жариялық, шешендік қағидалары. Әдет-ғұрып құқығы құқықтық әдеттер жинағы ғана емес, ол қағида, көзқарас, ой түсінік жүйесі де болып табылады.

Әрине, әдет-ғұрып нормаларының белгілі бір бөлігі мемлекет тарапынан қолдау тапты. Мемлекет оларға баса көңіл бөліп, өз мақсат-мүддесі тұрғысынан әсер етуге, өз қызметіне жаратуға әрекет жасады (жинастырды, жүйеледі, өз атынан жриялады). Бірақ әдт-ғұрып нормалары оның ішінде Ереже жарғылары да. Одан мемлекет заңына айналған жоқ, өзіндік өмір сүру мәнін жоғалтқан жоқ... Қоғамдық тәртіп, демек, әдетғұрып нормаларын сақтап орындау да көшпелілердің "автономиялығына", дербестігіне. өздерін өздері басқаруға негізделген еді.

Қазақтың әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты: а) әдет-ғұрыптар- адат;б) билер сотының практикасы (сот прецеденті); в) билер съездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.

Ауызша әдет-ғұрып ең көне заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау алады. Таптық қатынастардың күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай ауызша әдет-ғұрыптар құқықтық сипат алып билеуші топтардың мүддесіне қызмет ете бастады.

Құқықтың бұл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне сай келеді. Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалған рулық қатынастар, патриархалдық отбасы, көшпелі мал шаруашылығы т.б. қатынастарды реттеудің бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып табылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет