Римдік – эллинистік кезең (б.д.д. IIIғ. – б.д. VI ғ) киниктер философиясының және басқа «сократтық» мектептердің, стоялықтар, скептиктер, эпикур философиясының таралуымен сипатталады. Бұл кезеңде антикалық философиялық ойдың құлдырауы байқалады: римдік - эллинистік кезең философиясында өзінің тереңдігі мен мазмұны бойынша классикалық кезең – орын тапты; христиандық философия қалыптаса бастайды.
Тит Лукреций Кар
«Заттар табиғаты туралы» (б.д.д. I ғ.) дастанында мәңгі өлмес құдайлардың болуын жоққа шығарады. Ол әлемнің, адамның пайда болуын және адам қолымен жасалғанның бәрін ғылыми жолмен дәлелдеуге тырысты. Оның пікірі бойынша табиғат атомдардан тұрады. Атомдар бір – бірімен қосылып, аспан денелерін, жерді, тірі заттардың, адамдардың жанын құрайды. Ол денемен бірге өлетін жанның өмір сүретінін теріске шығарады
Антикалық философияның басты жетістіктері:
Философияда екі бағыт – идеалистік (Платон) және материалистік (Демокрит), екі бағытта алма кезек ауысып басымдық танытты: сократқа дейінгі кезеңде материалистік, классикалық және римдік – эллинистік кезеңде – теңдей ықпалы болды, қазіргі уақытта да, материализм мен идеализм қатар болуда;
философияның негізгі сұрағы «Қайсысы алғашқы ? материя немесе сана?» қалыптасты;
еуропалық философияның негізгі қағидалары: ойлау, ойды жеткізу еркіндігі, тұлғаның еркін дамуы, философиялық білімдердің дамуы теологиялық негізде ғана емес, ғылыми негізде дамуы қаланды.
Келешек жетістіктері философиялық тұрғыдан негізделді: заттардың атомдық құрылымы, математикалық және басқа да ғылымдардың негізі
Әдебиеттер:
Негізгі:
1.Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы, 1-том, Антика философиясы. - Алматы: «Үлттық аударма бюросы» қоғамдық коры, 2018 жыл - 408 бет.
2.Платон Соч. В 3-х т. М., 1970 2т.
Қосымша:
1.Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы. Алматы 1999