Тақырыбы: Ежелгі Шығыс және Антика философиясы



бет4/9
Дата13.12.2021
өлшемі1,4 Mb.
#126085
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
антика

Фалес

Аңыз бойынша Фалес жеті дананың бірі болып саналды. Оны алғашқы философ, алғашқы математик, алғашқы астроном деп атады. Ол геометриялық теоремаларды дәлелдеушілердің көш басында болды. Күннің тұтылуын болжады, айдың ұзақтығын 30 күнге, жылды 365 күнге бөлді. Фалес бүкіл жаратылыстың негізін су деп санады. Оның іліміне сәйкес бәрі судан басталады және оған қайтып оралады. Сөйтіп, судан барлық заттар пайда болатын алғашқы негіз және алғашқы бастау ретінде түсіндірді.

Анаксимандр

Фалестің шәкірті және жолын қуушы. Оның барлық еңбектері жоғалған, олардың арасынан “Табиғат туралы” шығармасын ерекше атайды. Анаксимандр бүкіл жаратылыстың алғашқы негізі ретінде абстрактылы және шексіз затты – апейронды қабылдады. Апейронды су ретінде де, өзге қандай да бір зат ретінде анықтау мүмкін емес. Анаксимандр стихиялы диалектик болды және грек философиясында хайуанаттар мен адамның шығу тегі туралы мәселені алғаш рет қойды.

Анаксимен

Анаксимандрдың шәкірті және жолын қуушы. Фалес пен Анаксимандр сияқты ол астрономиялық құбылыстарды зерттеп, оны табиғи жолмен түсіндіруге ұмтылды. Анаксименнің пікірінше Жаратылыстың алғашқы негізі ауа болып табылады. Ауа сейіле отырып отқа, қоюлана отырып желге, одан кейін бұлтқа айналды. Су болып бұдан әрі топыраққа, тасқа және басқа заттарға айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет