“Антикалық философия” деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын бiлдiредi. “Антика” сөзiнiң латын тiлiнен аударғанда “көне” деген мағынаны бiлдiретiнiн ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңiн аңғартар едi. Ал хронологиялық шеңберiне келер болсақ, антикалық философия өзiнiң бастауын б.з.д. VII-VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептердi ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның iшiндегi үш iрi кезеңдi айқындауға болады: антикалық философияның қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII-V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. ΙV ғ); эллиндiк-римдiк философия (б.з.д. ΙΙ ғ - б.з. V ғ). Ал Дж.Реале мен Д.Антисери антикалық философия дамуының төмендегiдей жетiлдiрiлген жүйесiн ұсынады:
Антика философиясының негізгі даму кезеңдері:
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.