Тақырыбы: Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы. Экономикаға мемлекеттің араласу шектері



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі73,5 Kb.
#95729
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЭМР

ЭМР-дің негізгі объектілеріне:
- шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын;
- капитал жинақтау жағдайын;
- жұмыспен қамтамасыз етілуін , ақша айналымын;
- төлем балансын; бағасын;
- бәсекелестік жағдайын;
- әлеуметтік қатынастарын;
- әлеуметтік қамтамасыз етілуін;
- кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын;
-қоршаған ортаны;
- сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.


ЭМР-дің мақсаттары. ЭМР-дің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық және аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.


Мемлекет экономикаға араласқан кезде алдына мынадай мақсаттар қояды:
- Экономиканың дұрыс қызмет атқаруын қадағалау;
- Дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен жобалар;
- Әлеуметтік инвестициялау;
- Тұрақтылықты сақтау және өзгерістерге қарай экономиканы бейімдеу;
- Макроэкономиканың тұрақтылықты сақтай отырып, мемлекеттің ішкі сыртқы байланыстарын нығайту;
- Әр адамға дербес жолын таңдауға және экономикалық өзін- өзі айқындауға, әлеуметтік, Ұлттық және саяси мүдделерін іске асыратын демократиялы қоғам құру;
- Импорт пен экспортты жетілдіру;
- Әлемдік сауданы дамыту үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет