Тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы Мақсаты



Дата01.01.2020
өлшемі51,5 Kb.
#55361
Тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Мақсаты:1.Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін таныстыру.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта

Барысы:
Кіріспе.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтын білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
Бүгінгі «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымыз осы мерекеге арналады.
Негізгі бөлім .
1-жүргізуші Армысыздар.құрметті қонақтар және Мағжан сенген жалынды да жігерлі жастар, оқушылар!
2- жүргізуші. «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
1- жүргізуші.Қазақстан әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі .
2-жүргізуші.Осындай тарихи міңдеттерді шешуде біздің көп ұлтты республикамыздың Бірінші Президентті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басты рөл атқарады.Ендеше тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өміріне тоқталайық
а) Балалық шағы
1-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.


7-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

8-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын,


қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

9-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,


Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

11-оқушы:


1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

«Ата Заң»


Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.

12-оқушы: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-

13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
1-жүргізуші Ән: “Астана – бас қала”

14-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

2-жүргізуші Нұрсұлтан ағамыздың саясаттағы орны мен атақтарына көңіл аударайық

1.Әлемдік ағымдарға басты назар аудару-біздің Президентімізге тән қасиеттің бірі.

2 .Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік дәрежеге сай ғалым болып табылады.

3.Ол экономика ғылымдарының докторы.

4.Қазақстан Ғылым академиясының толық мүшесі.

5Бірнеше халықаралық университеттердің құрметті докторы.

6 Шет мемлекеттердегі бірқатар Ғылым академиясының академигі болып табылады.

Ән: «Көк тудың желбірегені».

16-оқушы:


Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
17-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!


Ән: «Атамекен»

18-оқушы: «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол -ТәуелсізҚазақстан» деп Елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан-туғанөлкеміз,оны сүйіп,құрметтеу-барлығымыздың парызымыз.

19-оқушы:.Елбасымыз-Қазақстан елін дамытып,одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға. Біз Елбасымызды әрқашан мақтан тұтамыз!

20-оқушы:.Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші,ағайындар-бәріміз.

«Ұлтым,елім»деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

21-оқушы:Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім,елбасы,аман болғай,

Мәңгі жаса,жаса қазағым,өз халқым!

Би: «Қасиетті домбырам».

22-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.


Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

1-жүргізуші Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Осыменен тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.Еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын!-демекпіз.Қош,сау болыңыздар.



Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан!»

Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқаны айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында .
Каталог: uploads -> doc -> 0bbd
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bbd -> Сабақ тақырыбы :Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшелігі. Сабақтың мақсатты
0bbd -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан- достықтың киелі бесігі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет