2-жүргізуші Т. Ақниет (ұл): Абай- қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ» деген өлеңдерін үйрендік.
Мерей С: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Көрініс: Әліппе мен дәптер. (Әліппе- Аида, дәптер-Ақылжан).
Әліппе туралы: Берекет:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Дәптер туралы: Жаннұр:
Дәптер сенің серігің
Дәптер досың болады.
Әріптердің сұлбасы
Дәптеріме қонады.
Айтқан сөзді құпта да
Ұстазыңды құрметте
Дәптеріңді күт бала
Дәптеріңді кірлетпе!
Мұғалім: Балалар, біз санауды да үйрендік. Қане, санамақ айтайық: