Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс!»
Мақсаты:1.Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Ата-аналарға балаларының үш-төрт айдың ішінде қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.
3.Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әліппе кітабының суреті, видео ролик, шарлар, тақырып,
А. Құнанбаевтың, Ы. Алтынсариннің суреттері, әріптер.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстздар, аяулы да ардақты ата-аналар ! Бүгін де егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп Тәуелсіздік тойын тойлап жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер , бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып ,бір жасқа тағы да есейіп отыр.Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Ендеше, бүгінгі қуаныш иелері 1 сынып оқушыларын ортаға қошеметтеп қарсы алайық! (ортаға оқушылар шығады).
Өсті міне ойларың,
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!