Ән: Әліппе. (Гүлзада апайдың дайындаған өлеңі «Әліппе» ) Хормен
Жаннұр:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Ақылжан:
А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем.
Сөз оқимын, айырып әріпті енді.
Әділет:
Әліппе – білім анасы
Әліппе –кітап данасы,
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?
А. Мерей:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!
Айбат:
«А»-әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін
Айбат мен боламын
Айдай өсіп толамын
Би: Қыздар: Домбырамен би.
Думан:
Оспан да өлең жаттады
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған,
Екеуінің аттары. «О»
Аида:
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың. «Т»
Қуаныш:
Астана- Астанам
Астана – бас қалам,
Ардақтап атыңды
Аузымнан тастаман. «А»
Бекнұр:
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы. «Н»
Мұғалім: Қандай сөз шықты: «Отан». Хормен
Ақнұр:
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды
1-жүргізуші: М. Ақниет:
Әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет!
Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар. Білім жолында жолдарың болсын Сау болыңдар!
2-жүргізуші: Т. Ақниет:
Қош бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
1 жүргізуші: М. Ақниет:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқып – жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
ӘН: Оқуда озат боламын: Хормен . Видео ролик.
2 жүргізуші: Т. Ақниет:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
1 жүргізуші: М. Ақниет:
Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)
Ана тілі: мамасы:
Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.
Барлық, барлық анаға. Мен әліппеден оқып - білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.
Махаббат:
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.
Ерсұлтан:
Ана тілі ұраным,
Ана тілі-құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Алия:
Ана тілің – біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің – біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
2 –жүргізуші: М. Ақниет:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Талабына қарайық,
Жұмбақ шешіп көрейік.
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (Кітап)
Жаза-жаза арықтаған,Жазудан ол жалықпаған.(Карандаш)
Өліден тірі туады, Тіріден өлі туады. (жұмыртқа)
Үй үстінде ұсақ тас, алайын десем табылмас.(жұлдыз)
Би: Үнді жастар биі: 4 ұл, 4 қыз
Ән: Әліппе – Хит. Хормен.
Мұғалім:
Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар.
Бүгінгі біздің «Әліппе саған мың алғыс!» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |