- Жеке меншікті жақтады.
- Адамдар тек өзіне қатысты заттар жөнінде көбірек қамқорлық жасайды, ал меншік ортақ болған жерде оған ерекше ынта білдірмейді, енжарлық танытады» дейді.
Әлеуметтану ғылымының қалыптасуына әсер етуші әлеуметтік факторлар: - Себептер:
- Франциядағы үш революция (1789, 1830, 1848) – яғни қоғам мен ондағы өзгерістерді зерттеуге алғышарттар туындайды.
- Жаратылыстану ғылымының дамуы (химия, физика, биология).
- Англиядағы, Франциядағы капитализмнің дамуы.
- Қалалардың өсуі.
- 1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 – 30 – жылдарының басында - Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады, алғашқы мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
- 2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың 30-60 жылдары. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппартын дайындау басталды, әлеуметтану эксперементальды (практикалық ) ғылымға айналды.
- 3- кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдары. Бұл кезенде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады.
- 4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |