Тақырыбы: Эстетикалық тəрбиенің бағалау деңгейі Мазмұны: кіріспе І бөлім Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері


-сызбанұсқа. Эстетикалық тәрбие беру құралдары



бет2/2
Дата17.12.2019
өлшемі165,5 Kb.
#53671
1   2
Байланысты:
Эстетикалық тəрбиенің бағалау деңгейі


2-сызбанұсқа. Эстетикалық тәрбие беру құралдары.
Ана тілі – мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.

Музыка – сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады.

География – оқушылардың эстетикалық дүниетанымын дамытады.

Бейнелеу өнері – кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.

Әдиет, тарих – шғыармашылық қабілетін дамытады.

Химия, физика – табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.

Сабақтар жүйесінде бастау алған оқушылардың эстетикалық тәрбиесі, оқудан тыс кездерінде де жалғасын табады. Оған оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын жатқызамыз. Мысалы, музыка пәнінен берілетін эстетикалық тәрбие тек күделікті сабақта, ғана шектелмейді. Оны мектепте жүргізілетін көркемөнерпаздар үйірмелері, концерттік бағдарламалары, байқаулары, таңертеңгіліктер, кештерді ұйымдастыру барасында жалғастырамыз.

Қазіргі кезде жас ұрпаққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Музыка пәні сабағында оқушыларға осы саладан теориялық білімдер беріледі, оның тарихымен таныстырады, музыканы тыңдау, ән салу өнеріне үлкен мән беріледі

Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарастарын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.Бейнелеу өнері шығармалары әсемдікке тәрбиелеп, адамдар мұраттарына, күнделікті өмідегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзіктікті сезіну, алған әсерін бейнелеу өнер құралдары арқылы шамасына сай беру, сызықтық сурет салуын меңгерту арқылы олардың өзіндік іс-әрекеті қалыптаса бастайды.

Көркем әдебиет пен тарих пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Олар қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының, еңбектің эстетикасын тануға үміттенеді. Әсіресе, әдебиет сабақтары оқушыларды әдемілікке баулиды, таным ынтасының, бейімділігінің, қабілетінің дамуына ықпал жасайды. Кейбір оқушылар жас кезінен-ақ өлең, әңгіме жазуға талаптанады. Оларды мұндай қасиеттерінің дамуына мүмкіндік жасау керек.Бұл істе қабырға газеттерінің қолжазба, әдеби журналдардың, жергілікті және Респуібликалық жастар газеттерінің маңызы өте зор.

Оқушылар табиғи құбылыстарының бай эстетикалық сымбаты жөнінде мәліметтер алады. Биология, география сабақтарында пейзаждық кескіндеме шығармалары, суреттік шығармалар оқушылардың эстетикалық дүниетанымын байытады.

Сонымен, мектептегі оқу пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі рөлі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.



2.2. Сыныптан тыс кезінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін арттыру жолдары
Мектептегі оқу-тәрбие процесін демократияландыру мен гуманитарландыру, қоғамымыздың негізгі міндеттерінің бірі. Бұл міндетті шешу, оқушы жастарға эстетикалық білім және тәрбие берумен, бұл педагогикалық процеске мұғалімдердің даярлық дәрежесін қамтамасыз ету мәселесімен тікелей байланысты. Себебі, ол адам баласының жақсы еңбегінде, әдемі бастамаларында, атқарған тамаша істерінде, дене бітімінің жақсы үйлесімділігінде, жан дүниесінің кіршіксіз тазалығы секілді ұғымдарда өзіндік бейнесімен орын алады. Сондықтан да біздің қоғамда адамдардың жан-жақты үйлесімді дамуы, оған әрбір тұлғаның өз өмірін «әдемілік заңы» бойынша құруға материалдық және рухани негіз жасалған, бұлар қоғаммен бірге үнемі дамып отырады. Сол үшін де қоғамның әрбір азаматы осы мүмкіншіліктерді барынша, әрі орынды пайдалана білуге дайын және тәрбиелі болуы тиіс.

Бүгінгі қоғамды қайта құру жағдайында әрбір адамның, соның ішінде оқушы жастардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуы айрықша маңызға ие. Соған орай мектеп оқушылары мен жастардың өнер саласының әр түрімен айналысуы, нәтижесінде көркемөнерпаздар ұжымының оқтын-оқтын байқауының, сурет көрмелері мен балалар фестивалінің ұйымдастырылуы біздің қоғамымыздың өскелең жас ұрпағына эстетикалық тәрбие беріп, эстетикалық мәдениетін дамытуға ерекше маңыз беруі деп бағалаймыз.

Эстетикалық тәрбие, ол тәрбиенің басқа салаларымен де (ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене, экология т.с.с.) тығыз байланысты. Сондықтан да адамның эстетика саласындағы тәрбиелік деңгейі, оның барлық іс-әрекетінде көрініс береді.

Сыныптан тыс тәрбие беру жүйесінде тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, дайындау, оны өткізу барысында олардың эстетикалық тартымдылығын қамтамасыз етудің де маңызы зор. Мұндай бұқаралық шараларды дайындау барысында оқушылардың қызығушылығын артып, ертеңгі күнге қуаныш сезіммен қарайды, өткізілетін тәрбие тақырыбына сай безендіру жұмыстарымен қатар ән, би, көркем сөз өнерлерін әзірлеуге ат салысады. Оқушылардың осындай шығармашылық әрекеттері тартымды еңбек етуге, іс-әрекеттерін эстетикалық талапқа сай ұйымдастыруға жағдай туғызады.

Сонымен бірге осы саладағы мәдени құндылықтарды оқушылар бойына сіңіруде мектеп кітапханасының парасатты қызметі ерекше. Дұрыс ұйымдастырылған кітапхана жұмысы – тәрбие мектебі болып есептеледі. Кітапхана аясында өткізілген тәрбие шаралары оқушылардың көркем-әдеби шығармаларын сүю, эстетикалық талғамдарын арттыру, мәдени ой-өрісін кеңейтуге орасан зор еңбек сіңіреді.

Оқушылардың эстетикалық сана-сезімін, көзқарасы мен талғамын, құштарлығын арттыруда, тәрбиелік ықпалдық нәтижесін қамтамасыз етуде ұстаздар ұжымының эстетика саласында білімдері мен қабілеттерінің болуы, оқушылар өмірін «әсемдік заңы» бойынша құруда олардың өздерінің белсенді іс-әрекеттерінің болуы да мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершлікті жүктейді. Себебі, оқу құралдары мен сыныптан тыс шаралардың мазмұны эстетикалық шараларға сай міндеттері шешеуде бізге жеткілікті сияқты көрінеді, ал оларды мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінде қолдана білуі өзінен-өзі мүмкін секілді болып есептеледі.

Осыған орай мектеп мұғалімдеріне белгілі бір мөлшерде эстетикалық даярлықтың болуы, оқушылардың көркемдікке тәрбилеу мәселелері мен эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың бірден – бір кепілі болмақ. Бұл бағытта мектептерде мұғалімдерден құрылған көркемөнерпаздар үйірмелері, немесе үйірмелерде мұғалімдер мен оқушылардың бірлесе жұмыс істеу мектеп үшін де, жалпы ұстаздар қауымы үшін де үлгі-өнеге болмақ.

Әсемділікті сезуде, эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды, қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауыкерек. Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу - бұл зор эстетикалық қамқорлық.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек.

Адам әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұрат тары болуы керек екендігі шығады.

Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезінен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге еліктейді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәслелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсеңді және тиімді деп берушісі де болады. Оқушы өнегелілігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді.

Сондықтан, алдыңғы қатарлы озыұ мектептер тәжірибесі көрсеткендей, көптеген мұғалімдер бүгінде оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өмірі мен іс-әрекетін эстетикалық тәрбиеге қатысты талаптарды ескере отыра ұйымдастыруға мән беріп, оның ықпалы мен тартымдылығын арттыруда өздері де үлес қосуда.

Қорыта келгенде, мектепте оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа да факторлар әсер етеді: мысалы, жарық сынып бөлмесі, әдемі мектеп жиһаздары, демалыс бөлмелері, қолайлы жұмыс орны оқушылардың эстетикалық танымын, белсенділігін көтереді.

Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады.

Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктің адам мен табиғаттың бірлескен әрекетінің күшімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана оқушы өз еңбегінің пайдалы екенін жәнеоның сұлулығын көре білетін, осыдан өмір сұлулығын жасайтын адам екенін түсінеді. Мұны жүзеге асыруда көпшілікке хабар тарату құралдарын және баспасөз материалдарын кең пайдалануға болады.

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

Әдебиет, тарих, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.б. шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстардың басты формалардың бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады.

Музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстар айтылады.

Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалар, рефераттар талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарлаға сәйкес өткізіледі.

Саяхаттың негізгі объектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып табылады.

Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркем өнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады.

Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелерөткізеді, мұғалімдерменбірлесіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды.

Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.

Кезінде, эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе А. В. ЛуначарскиЙ, эстетика саласынан білім беру, балаларға арналған қайсыбір өнерді қарапайым түрде оқытту деп түсінуге болмайды, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетгеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасал білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Еңбек пен ғылым саласынан берілген білімде эстетика қамтылмаса, онда сол блімнің жансыздығы - деп оған айрықша мән берген.

Сондай-ақ, жапон елінде "эстетика саласынан білім алмаған адам, экономикалық тұрғыдан да тиімсіз" — деген көзқарас қалыптасқан екен. Бұл бізге де қатысты мәселе. Бұл бүгінгі өркениет талабы.

Дегенмен де эстетикалық тәрбиенің кейбір міндеттері әр кезде, не болмаса барлық жағдайда біздін қалауымызша атқарылып отырған жоқ- Оның себебі, бүгінгі күше дейін мұғалімнің эстетикалық даярлық сапасынын деңгейі, немесе оның шегі барынша нақтылы анықталмаған, оқушылардың эстетикалық тәрбиесінің дамуьша қандай мұғалім нәтижелі әрі оң ықпал тигізеді, ол үшін оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне қажетті даярлықтын негізгі компоненттері қандай болып белгіленген, т.с.с. мәселелер өз шешімін таппауда. Кейбір мұғалімдердің қайсібір музыкалық аспапта ойнай білуі, билей немесе сурет салу біліктілігі, мұндай маңызды педагогикалық процесті шешуде педагогикалық қабілеттері жеткіліксіз. Ол үшін педагогикалық оқу орындарында арнайы даярлық жүйесін меңгеру қажет.

Ауыл мектептері жағдайында жүргзілетін бүкіл тәрбие жүйесінің, соның ішінде эстетикалық тәрбие жұмыстарыньң ерекшедікіерін де ескеру қажет. Ондағы мұғалім эстетикалық тәрбиеге қатысты міндеттерді оқушылармен ғана оыс сондай-ақ олардың ата-аналарымен, жалпы ауыл тұрғындарымен де жүргізуі шарт. Сол үшін де ауыл мектептерінің мұғалімдерінщ эстетикалық мәдени даярлық сапасына аса мән берілуі тиіс.

Мектептегі қабырга газетінін сапасы төмен болуы, көркемөнерпаздар ұжымының орындау шеберлігі мен жүріс-тұрысындағы кемшіліктер, оқушылардың және оқушылар мен ұстаздардың өзара қарым-қатынасындағы олқылықтар, сыныптан тыс шаралардың педагогикалық талапқа сай атқарылмауы т. с. с. кейбір келеңсіз жағдайлар оның эстетикалық тартымдылығын төмендетеді. Соған орай, оқушылардың этетикалық талғамы мен жағымды да әсерлі мінез-құлқы және көтеріңкі көңіл-күйнің әсерленуіне кері ықпалын тигізеді.

Мектеп көлемінде өткізілген кейбір тәрбиелік шараларға (тақырыптық тәрбие сағаттары, таңертеңгіліктер, мектеп кештері, дәстүрлі мейрамдар, "Ал, қане қыздар!", "Ал, қане ұлдар!" байқаулары т.б.) қатысыл, нәтижелеріне талдау жасағанда байқағанымыз, көптеген орындаулардың сапасының төмен дәрежеде болуына куә болдық.

Кейбір мектептерде өткен мәдени шаралардың 43-іне қатыса отыра, солардың ішінде 19-ы 12-ден 30 минт мөлшерінде өз уақытынан тым көп кешігіп басталғанына, оларды ұйымдастыру және өткізу барысында да кемшіліктердің болғанын назар аудардық. Мысалы, оқушылардың сахнада өздерін дұрыс ұстай алмауы, сахнадағы орны мен жүріс-тұрысындағы ретсіздік, үйлесімсіздіқ, көрермендер арасында айқай-шудың немесе әбігердің тууына себепкер болды.

Сондай-ақ, тағы бір мектепте 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күніне" орай ұйымдастырылған шарада 5 а және 5 б сыныптар арасында хордан жарыс өткізілді.Оған шет тілі пәнінің мұғалімі басшылық жасады. Онын барысында аталып отырған мұғалім мардымды тәртіп, қимыл әсемдігін көрсетпеді Әрі, оқушыларды алдын ала дұрыс дауыс ырғағы мен қимыл үйлесімділігіне баулымағаны және сахна төріне кімнія бұрып немесе кейін шығатыны, тіпті кімнің қайда тұратындығы да анықталмағаны байқалды. Сонын нәтижесінде, сахна жай тобырға айяалып, біреулерді-біреу иығынан қағып, әсіресе ер балалар қыз балаларға қыр

көрсетіп, орынға талас туды. Сонында, мұғалім абыр-сабырды зорға дегенде басыл, хор басталды. Орындаушылылардың дауыс ырғағының талапқа сай біркелкі болмауы, өлеңнің мәтінін дұрыс жаттамауы, әннің өз дәрежесінде орындалмай, тіпті өз шегіне жете алмай қалуына себепкер болды. Ал, көрермен қауым онан тиісті ләззат ала алмады.

Мектеп өмірінде кездесіп қалатын мұндай олқылықтар, ұйымдастырыльш отырған шаралардьщ тәрбиелік маңызына кері әсерін тигізуімен қатар, мұғалімдер мен оқушылар арасында күйгелектік, қызбалык, жөнсіз әбігер, өзара келіспей қалушылықтың болуын туғызады.

Әрине, жоғарыда аталған жағдайда оқушылар қауымын кіналау орынсыз. Түптеп келгенде, бар айып мұғалімдердің, оны ұйымдастырушылардың еншісінде. Олардын осындай мәдени-бұқаралыс шараларды өз дәрежесінде дайындау және өткізуге салғырттық танытын, аса мән бермеуінде, оған қажетті педагогикалық-эстетикалық білім, біліктерінін жоқтығьшда. Соның нәтижесінде, оқушыларға белгілі бір бағытта бағдар беру және оған дұрыс басшылық жасау болмаған. Мұндай көзқараста, бірншіден, ұйымдастырылған шараның эстетикалық тартымдыгғы нашарласа, екіншіден, педагогикалық әрекеттің ықпалына теріс әсерін тигізеді.

Керісінше, кейбір тәжірибелі мұғалімдерден "Жақсы өткізілген сабақ", "Әдемі кеш" деген сөздерді есту кездейсоқтық емес. Мұндай бағалардың терең де, мазмұнды эстетикалық-педагогикалық ойды байқауға болады. Себебі, мектептегі оқу-тәрбие процесі тұтастай бүгінгі жас, ертеңгі азаматтың өз емірін "әдемілік заңымен" тәрбиелеуге міндетті Ол осы процесті эстетикалық тұрғыдан тартымды етіп ұйымдастырумен байланысты.

Көрнекті кеңес педагогы В. А Сухомлинский Павлыш орта мектеп өмірін осы әдемілік заңы тұрғысында ұйымдастырды. "Ертегілер бөлмесі", "Арман бұрышы", "Әдемілік бұрышы", "Көгілдір аспан астындағы мектеп", "Таңғажайып арал" - міне, осындай тәрбиелік маңызы бар тамаша аттардын өзінен ғана оның мектеп оқушыларынын өмірін эстетикалық тартымдығы жағынан жоғары құруға тырысқанын кереміз. Осыған орай, В. А. Сухомлинский бұл мектепке "Қуаныш мектебі" деп ат қойған.

Сондықтан, алдыңғы қатарлы озық мектептер тәжірибесі көрсеткендей, көптеген мұғалімдср бүгінде оқу тәрбие процесінде оқушылардың өмірі мен іс -әрекетін эстетикалық тәрбиеге қатысты талаптарды ескере отыра ұйымдастыруға мән беріп, оньщ ықпалы мен тартымдылығын арттыруда өздері де үдес қосуда.



ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі қоғамды қайта құру жағдайында әрбір адамның, соның ішінде оқушы жастардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуы айрықша маңызға ие. Соған орай мектеп оқушылары мен жастардың өнер саласының әр түрімен айналысуы, нәтижесінде көркемөнерпаздар ұжымының оқтын-оқтын байқауының, сурет көрмелері мен балалар фестивалінің ұйымдастырылуы біздің қоғамымыздың өскелең жас ұрпағына эстетикалық тәрбие беріп, эстетикалық мәдениетін дамытуға ерекше маңыз беруі деп бағалаймыз.

Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу-тәрбие үрдістерімен өте тығыз байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу әрекетінде эстетикалық тәрбиеге қатысты теориялық білімдер беріліп, түрлі шығармашылық жұмыстар атқарылады. Ол мақсатты және жоспарлы түрде іске асады.

Әрбір пәннің эстетикалық бағыты, оқу материалының мазмұнды, сабақтар жүйесіндегі қолданылатын эстетикалық құралдар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ізгі қарым-қатынастар –бәрі оқушылардың эстетикалық сезімі мен мұратын, талғамын, қабілетін шыңдауға жүйелі түрде қызмет етеді.

Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып-таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатты эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.

Олай болса, эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал жасайды. Оның жаман әдеттен аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуын, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табғатты, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасындағы қарамықаныста бар, жақсылықты, әсемділікті түсіне білуге, көруге, қабылдау білуге, тіпті соны, өзі адам игілігіне жасай білуге үйретеді, жаттықтыруды және соған қабілеті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.

Қазіргі мектепте эстетикалық тәрбие әлі де болса тұлғаның эмоционалдық аясы мен эстетикалық санасының дамуына өз деңгейінде сәйкес келемей отырғаны анық. Сол себептен де мектепте эстетикалық тәрбие беру мәселесі өзекті деп есептейміз. Жалпы білім беретін мектептің тұжырымдамасында, оқу жоспарында көркемдік циклдағы пәндерге жете мән берілмейінше, эстетикалық тәрбие, мәдениет мәселесі өз мәнінде шешімін таппайтыны кімге болса да түсінікті.

Эстетикалық тәрбие тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланысты екені даусыз. Және эстетикалық тәрбиені көпшілік көбіне гуманитарлық бағыттағы пәндер арқылы жүзеге асырады және солай болуы тиіс дегені сыңаржақ пікір де келеді. Эстетика адам өмірінің бар қырын қамтитын болғандықтан, жаратылыстану циклындағы пәндердің де эстетикалық тәрбиені жүзеге асырудағы еншісінен кенже қалдырмауымыз тиіс. Сонымен қатар оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде мұғалімнің тұлғасы мен сөйлеу мәдениетінің де рөлізор. Әрбір ка\бинеттің жабдықталу әсемдігінің де эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруда алатын орны олқы емес. Жалпы мектепті безендіргенде, біз оның мазмұндылығына ғана емес, эстетикасына да үлкен мән беруіміз тиіс. Әр сабақтағы эмоционалдық ахуалдың да ықпалы зор. Сабақ барысындағы оқушылардың жағымды эмоциялары: қуаныштары, қанағаттану сезімдері, яғни, мұғалім мен оқушының эстетикалық сезімдері үйлесімділік тапқанда нәтиже табысты бола түседі және оқушының эстетикалық тәрбиелілігі қалыптасады.

Адамның эстетикалық тәрбиелілігі табиғи күштер дамуы, қабылдау қабілеті, эмоционалдық күйзеліс, ойлау және көркемдік-эстетикалық білімділігі бірлігіне негізделеді.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қоянбаев. Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.

  2. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика.- А.,Фолиант, 2007ж.

  3. Әбиев ж. Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы, - Алматы:Дарын, 2004ж.

  4. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын, 2004ж.

  5. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова К.Қ.- Алматы: Нұрлы әлем, 2003ж.

  6. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім- тәрбиесі.- Алматы, «Санат», 1995 ж.

  7. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл: Адамгершілік. – А., Білім, 1994ж.

  8. Богословский В.В. т.б. Жалпы психология. – А., Мектеп, 1980ж.

  9. Әділова З.Ә. Этнопедагогика. – А., ҚазМӘТУ, 1997ж.

  10. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – А., Мектеп, 1978ж.

  11. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.

  12. Болдыров Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы, 1987ж.

  13. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.

  14. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. / Ред. басқар. Қалиев С., т.б. – А., 1999ж.

  15. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы., 2000ж.

  16. Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы.- Алматы, 1991ж.

  17. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. –Алматы: Әлем, 2000ж.

  18. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. / Құраст. Қалиев С. – Алматы: Рауан, 1996ж.

  19. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Эстетикалық тәрбиенің негіздері (13 -лекция). – Алматы, 1991ж.

  20. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – А., 1995ж.

  21. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А., 1995ж.

  22. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары. / Методикалық нұсқау/ Құраст. Нұржанова Ж.Н. – А.,1991ж.

  23. Құрманбекова Ж. Эстетикалық тәрбие берудің кейбір жолдары.

// Қазақстан мектебі, 2007ж, №4-5, 60б.

  1. Ташкенбаева С. Эстетикалық тәрбиенің мәні мен мағынасы.//Білім берудегі менеджмент, 2005ж, №4-179б.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет