Дүниетану
Б. Жақсыбекова
Оңтүстік Қазақстан облысы
Төлеби ауданы, Ленгер қаласы
«№6 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастуыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не?
Мақсаты:
1) Білімділігі:
Оқушыларға ғарыш, ғарышты игеру жайлы ҚР ғарышкерлері мен Байқоңыр айлағы жайлы кең түрде мағлұмат беру. Ғаламшарлар туралы түснік беру.
2) Дамытушылығы:
Балалардың танымдық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Балалардың бойында зерттеу, ізденушілік жұмыстарына деген қызығушылығын ояту.
3) Тәрбиелігі:
Балаларды денсаулығы мықты, ақылды, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, щығармашылық жұмыс, әңгімелеу, тест жұмысы.
Пән-аралық байланысы: Әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері.
Қолданылатын технология: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» стратегиялары, оза оқыту, ТРИЗ технологиясы ( фантазиялық аналогия әдісі ).
Көрнекілігі: «Ғарыш әлеміне саяхат тақырыбындағы слайдтар»
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Амансыз ба алтын Күн
Амансыз ба Көк аспан
Амансыз ба қонақтар
Қонақ келсе құт деген
Біздің ата-бабалар
Сіздерді көріп қуанып
Құшақ жая қарсы алдық.
Балалар сабағымызды бір-бірімізге деген жылы тілектермен бастайық.
II. «Ой шабуы»: Сөзжұмбақ шешу.
1. Жаңалық ашатын білімді адам
2. Картада қоңыр түспен боялатын жер бедері
3. Ормансыз жазық алқап
4. Оңтүстікте егілетін жылу сүйгіш өсімдік
5. Арқармен будандастырылған қой аты
6. Еліміздегі әйгілі қарағайлы орман курорты
7. Биік құзды мекендейтін құс
8. Су бетінде сырғанап жүретін жәндік
III. Мағынаны тану.
Ізденіс жұмыстарын қорғау:
Ғарышкерлер тобы:
Ғарышкер ит-Лайка
Ғарышкер иттер-Белка, Стрелка
Тұңғыш ғарышкер- Ю.А.Гагарин
Ғарышкер Г.С.Титов
Тұңғыш қазақ ғарышкері – Т.Әубәкіров
Ғарышкер Т.Мұсабаев
Болашақ ғарышкердің сапары
Өтер балғын балалық шақ
Өмір қызық болашақ
Сол болашақ жайында
Сыр айтайын пайымда
Көп жасасаң көресің
Мен болашақ кемесін
Айдап бардым алысқа
Айдан ары ғарышқа
Қилы жұмыс меңгердім
Қиындықты жеңгенім
Айта бермей мол мұңды
Жүріп өкен жолымды
Баяндайын сендерге
Көз тайсамай сендер де
Теледидир бетінен
Ал көріңдер шетінен
Ерекше сыр оттығы
Ер көлігі от нұры
Зымыранға мініп ап
Айға бардым зымырап
Айда сайлап кемемді
Ары ұштым мен енді
Меркуриге қондым да
Бір күн қонақ болдым да
Жеттім ұшып Шолпанға
Қалдырдым де қолтаңба
Қанша уақыт болғанада
Юпитерге қонғанда
Сақиналы Сатурн
-Кел деді, -тез батырым!
Стурынның үстіне
Самғап барып, түстім де,
Одан ұшып, Уранға
Қондым барып ұрандап
Одан ұшып шарықтап
Ойлап істі парықтап
Үстеме боп екпінім
Үстіне қондым Нептунның
Самғадым да арманға
Плутонға барғанда
Жеттім, - дедім, - арманға!
Білмей көп жыл өткенін,
Қайта айналып, сағынып
Жер анама жеткенім
Планетаның бәрінен,
Әрі қуат әрі дем
Жер-анамыз жақсы екен:
Аман болсын Бас мекен!
Ғаламшарлар тобы:
Меркурий
Шолпан
Жер
Марс
Юпитер
Сатурн
Уран
Нептун
Плутон
Жұлдыздар обы:
Жұлдыз
Жұлдызнама
2013 жылғы жұлдызшының жорамалы
IV. Сергіту сәті.
Алысқа қарап, аспанды көрдік
Төменге қарап, жерді көрдік
Оңға бұрылдық, солға бұрылдық,
Егеменді кең байтақ елімізді көрдік
V. Таңданыс (Сюрприз) сәті.
VI. Ой толғаныс: Тест жұмысы.
1. Күнге ұқсап жанып тұрған, орасан зор газ шарлар қалай аталады?
А) Ғаламшарлар
Ә) Жұлдыз
Б) Күн
2. Ю.А.Гагарин қай жылы ғарышқа ұшты?
А) 1961ж.12 сәуірде
Ә) 1957ж. 4 қазанда
Б) 1962ж. 10 мамырда
3. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері нені құрайды?
А) Галактиканы
Ә) Ғаламшарды
Б) Күн жүйесін
4. Жерге ең жақын жұлдыз
А) Ай
Ә) Күн
Б) Шолпан
5. Жарық секундына қандай жылдамдықпен таралады?
А) 30.000 км
Ә) 100.000 км
Б) 300.000 км
6. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
А) Т.Мұсабаев
Ә) Т. Әубәкіров
Б) Ю. Гагарин
7. Ғарышқа ұшу кезінде ғарышкер киетін киім қалаай аталады?
А) Плащ
Ә) Комбинезон
Б) Скафандр
8. Тұңғыш қазақ ғарышкері қай жылы ғарышқа ұшты?
А) 1994ж. 1 шілде
Ә) 1991ж. 2 қазан
Б) 1992ж. 10қазан
9. Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз ғаламшар?
А) Шолпан
Ә) Марс
Б) Жер
10. Таңғы не кешкі жарық жұлдыз қандай планетаның атымен аталады?
А) Шолпан
Ә) Марс
Б) Меркурий
Бәйге сұрақтары:
1. Ғарышкерлер ұшатын ғарыш айлағы –
2. Аспан денелерін бақылайтын асапап –
3. Ю. Гагариннің ғарышқа ұшу ұзақтығы –
4. Марстың топырағының түсі –
5. Галактиканың бір шетінен екінші шетіне жарық неше жылда жетеді?
6. Көкжиек тұстарын көрсететін құрал -
7. Тұңғыш әйел ғарышкер кім?
8. Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер –
9. Жердің серігі –
10. Ғаламшардағы ең үлкен плнета –
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма: « Мен ғарыш әлеміндемін » тақырыбына эссе жазу.
Адамзатқа өсиет :
Уа, адамзат!
Алыстағы елдерден
Паланетаның бәрінен
Әрі қуат, әрі дем
Жер анамыз жақсы екен:
Аман болсын Бас мекен!
Тәрбие сағаты:
1) Тақырыбы:
«Таң нұрында туған ұл»
2) Мақсаты:
Оқушыларға Елбасының балалық шағы, өмірі, алғ қойған мұратыжайлы мағлұмат беру. Балаларды Елбасын, елін, Отанын сүйіп, құрметтеп, Қазақ елінің жасампаздығы үшін еңбек етуге тәрбиелеу.
3) Көрнекілігі: Елбасы жайлы суреттер
4) Сбақтың барысы:
5) Мұғалімнің кіріпе сөзі:
Балалар 1 желтоқсандабүкіл Қазақстан халқы Президент күнін тойлайды. Бүгінгі «Таң нұрында туған ұл» атты әдеби кешіміз Қазақстан Республикаының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне арналады.
Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалады.
Кітапханашы:
Бүгінгі кеште белгілі балалар жазушысы халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Шәке Күмісбайұлының «Таң нұрында туған ұл» атты шығармасымен танысу және оқушыларға Елбасымыздың балалық шағы жайында жеке әңгімелерін насихаттауды мақсат тұтамыз. Кітапта Елбасымыздың қаршадайынан еңбек сүйгендігі, қиындықтан қорықпай, биік мақсатқа ұмтылғандығы нанымды баяндалады.
Ол отбасының тұңғышы, әке-шешесінің көмекшісі, ата-әжесінің тілалғыш, оқуд озат болған екен. Ол орыс тілін өте жетік білген. Баламен балаша, кәсіпкермен кәсіпкерше, әншімен әншіше сөйлее алатын қасиеті бар. Жас кезінде ән айтып, домбыра да тартып, өлең де шығарған ақынжанды адам.
Ал қазіргі таңда ұлтымыздың мақтанышы, ұлт көшбасшысы, нағыз Аңыз адамға айналып отыр.
Мұғалім:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы (қазіргі Қарасай ауданы) Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдаының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының , Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдары академиясының құрметті профессоры.
Осы жетістіктерге ол өз білімділігі, еңбек сүйгіштігі, адалдығының арқасында жеткен.
Ендігі кезекте бүгінгі жаңа бір шығарманың яғни «Таң нұрында туған ұл» кітабының тұсау кесерін жалғастырамыз.
1.»Таң нұрында туған ұл»
«Шынымен-ақ нәресте үнін ести алмай өтеміз бе?»-деп күрсінетін Әлжан апа. Әкесі болса ата-бабамыздың әруағын аралап, Алладан перзент сұрайық деп ниет қылады.
Тұрмыс құрғандарына 5 жылдан кейін «құдай тілеуін беріп» дүниеге Нұрсұлтан келеді.
Сәбидің өмірге келгені бір қуаныш. Оны дүниеге әкелген ана үшін зор бақыт, ал кіндік шеше үшін үлкен мақтаныш.
Қазақта қыз туса жылқышы, ұл туса қойшы деп атайды. Нұрсұлтан таң нұрында дүниеге келген, сонда кіндік шешесі қуанғанынан « қойшы, қойшы» деп айңайлап сүйінші сұраған екен. Есімнің Нұрсұтан деп аталуының себебі сондықтан.
Міне, сол Нұрсұлтан азамат болып, ержетіп, халқының қалаулы ұлы болды. Енді ол бүкіл халықтың Нұрсұлтаны, Елдің баласы, Отанның адал ұлы.
Тұңғыш Президенттің өмірге келген қуанышына, құрметіне қазақ биі «Тойбастар»
2. «Сары сиыр»
Тағы да бір тіршіліктің таңы атты» - дейді әкесі Әбіш. Балам, сендей кезімнен етікшіге жалдандым. Ол орыс кісі еді, орысша үйрендім, сауатымды аштым. Біздің бақтағы алма мен алмұртты өсіруді сол орыстан үйренгенмін.
Сары сиыр - осы үйдің асыраушысы. Сүтін, айран, қатық ішкен адамға ауру жоламайды. Осы сиырға шөп оруды жастайынан үйретті. Қаршадай кезінен сары сиырдың шөбін шауып, шаруақор бала бүгінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан – кешегі шаруақор Әбіштің тұңғыш ұлы.
Бала кезінен еңбекке араласып бір үйдегі өзінен кейінгі іні-қарындастары мен ата-анасына қамқор бола жүріп сабағын да тек беске оқыған. Жасынан еңбектің қадірін біліп, қиындыққа шыдап өскен бала жаман болмайды деуші еді үлкендер. Тегінде ел айтса қате айтпайды екен.
3. « Нұрсұлтан және әжесі».
- Кәшкентай Нұрсұлтан таңғы асқа дайындалып жатқан әжесіне:
-Әже, мен керемет бір түс көрдім, - деді.
-Қандай түс көрдің, Құлыным – деді әжесі.
Сонда Нұрсұлтан:
-Мына Аманкелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққан соң ауыл жаққа қарасам менің мектебім де, достарым да осы Шамалған ауылымның бәрі төмен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шықан тұз толы қаптың үстінде отырып көрдім, - деді.
Сонда әжеі:
Балам, мен үлкен дам болады екенсің, дәрежең өте үлкен болады. Несібең елден көп болады екен. Тұз деген – өте жақсы нәрсе . Алла тілеуіңді берсі, балам. Ман сабың жоғары, несібең аса мол, еңсең биік болады екен,- деп жорып ақ батасын берді.
Қане , аумин. Жорытқанда жолың болсын. Аумин!
Ән: « Атамекен»
4. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Отанының елін сүйген адам. Ол әдебиетке, өнерге өте қызығады. Ол өнер жұлдыздары Алтынбек Қоразбаев, Сәбит Оразбаев, Бекболат Тілеухан т.б өнерпаздармен бірге бірнеше өлеңдер жазған.
Олардан қазіргі қазақ елінің гиміні «Сары арқа» , «Үшқоңыр» әндерінің сөздерін жазған.
«Сары арқа» өлеңін тыңдап көрейік.
5. Сары арқа саған таңда сәлем берім,
Атыңды мәшһүр еттім әлемге кең,
Байтақ ел, кеңдігіне қаран қалам,
Бабалар балалығын дәлелдеген.
6.Сарыарқам – сағынышым басылмаған,
Орман көл, шулы өзендер, жасыл далам
Арманы жоқ та шығар жүргендердің
Жарқылдап жалыни құшып қасыңда аман
7. Аяулы арман қалам, алып ордам,
Шығады жұлдыздарың жанып алдан.
Халықтың жарқыраған үміті боп,
Жасай бер, гүл Астанам бағы жанған.
«Астана» биі.
8. Топырағыммен тамырласып кіндігім,
Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін
Нығайтамын елдігімнің тұғырын
Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін
Ән «Елім менің»
9. Дарияларға тоғысып ағыс үні
Алдан туды тағдырдың тағы сыны
Ұлылықтың басында өзің барсың,
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы.
10. Қырандарын баптаған
Ел сенімін ақтаған
Дара туған Нұрсұлтан
Тектілікті сақтаған
Мұғалім:
Балалар, Елбасымыздың мұраты не деп ойлайсыңдар?
1. Дені сау интелектуалды ұрпақ қалыптасытыру.
2. Саяси тұрақты мемлекет құру.
3. Экономиканы көтеру.
4. Тәуелсіздікті ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету.
5. Білімді ұлт қалыптастыру.
11. Тәңірдің берген сыйы, таспа, Қазақ,
Тәуелсіз бүгінгі күн, басқа, Қазақ
Әлемдік жиынымды Астанамда
Бір құдайға сиынып баста, Қазақ!
Ән « Қазақ жігіттері»
12. Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,
Ертеңіне, өркеніне сене бер.
Дүниені дүбірімен таңдантқан,
Міне, осындай Қазақстан деген ел
13. Әлемеге атың жайылсын жарқын
Жасай бер, жаса Қазақстан
Баянды болсын бақытың халқым
Жасай бер, жаса Қазақстан!
Ән: « Жаса, Қазақстан »
Мұғалім:
-Әдеби кешімізді еліміздің ақсақалдарының «Бас батасымен аяқтаймыз»
14. Елбасымыз алысты көрсін,
Ел – жұртымыз табысты болсын!
Қыздарымыз сұлу,
Ұлдарымыз намысты болсын!
15. Малымыз төлдеп, егініміз көктеп
Дастарханымызға ырысқа толсын!
Нарық қалтаны қақпайтын болсын,
Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын.
16. Қазақстанның барлық азаматтары
Қазақша сөйлеп алға аттайтын болсын
Ұрпағымыздың бағы жансын,
Қалаған білімін алсын.
17. Тілін, дінін, дәстүрін біліп,
Он саусағынан өнері тамсын!
18. Осымен «Таң нұрында туған ұл» атты әдеби- танымдық бағдарламамыз аяқталды.
19. Назар салып тыңдағандарынызға рахмет.
Келесі кездекенше күн нұрлы болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |