Созылмалы гепатит Бұл бауыр клеткаларының созылмалы түрде қабынбалы – дистрофиялық процесстерге ұшырауы.
Аурудың этиологиясы мен патогенезі Этиологиялық факторларға: инфекциялар, уланулар, аллергия, ішімдік жатады.Созылмалы гепатиттің 50-80% вирустық гепатиттен кейін дамиды. Туберкулез, бруцеллез, малиярия сияқты жұқпалы аурулар да гепатитке әкеліп соғуы мүмкін. Тұрмыта, өндірісте кездесетін уланулар, дәрілермен уланулар да осы ауруға әкеледі. Осы себептің әсерінен бауырдың клеткалары тікелей зақымданады. Ферменттер алмасуы бұзылады. Улы – аллергиялық гепатиттер кезінде бауыр клеткалары бұзылмайды, бірақ оларға токсиндер аллергиялық әсерін тигізеді. Бауырдағы алмасу процесстері бұзыла келе ( белок, витамин, гормондар алмасуы), гепатоздарға ұшырайды. Созылмалы қабыну процесстері ағзада инфекцияның болуынан немесе иммунитеттің төмендеуінен дамиды.