Науқастың күтімі Науқас терісін дұрыстап күтіп, диета ерекшеліктеріне назар аудару. Науқастың осы ережелерді орындауын бақылап отыруы керек. Қансырау кезінде дәрігерге дейінгі көмекті дұрыс көрсете білу тиіс. Науқастарды қосымша тексеру тәсілдеріне дұрыс дайындай білу керек.
Бауыр циррозы (грек.kirros-лимон-сары түс+ osis) бауырда дәнекер тінінің өрбіп өсуімен, бауыр тінінің патологиялық регенерациясымен және ағза құрылысының өзгеруімен сипатталатын, бауырдың функциялық жетіспеушілігінің әр дәрежедегі белгілерімен және порталдық гипертензияның белгілерімен көрініс беретін созылмалы үдей дамитын ауру. Бауыр циррозы деген терминді 1819 ж Р.Лаэнник ұсынған.
Этиологиясы: 1 ) Алкогольді шектен тыс қолдану. (19-95%)
2) Вирусты гепатит (10-40%)
3) Вирусты гепатит В (0,5-1%)
4) Созылмалы активті аутоиммунды гепатит.
5) Бауырдың венозды іркілісі (жүрек жетіспеушілігі) 6) Аралас этиология (50%) ( алкоголь+вирусты гепатит, алкоголь+ жүрек жетіспеушілігі)
7) Тұқым қуалаушылық зат алмасудың бұзылысы:
- темір(гемохроматоз),
- мыс (гепатоцеребралды дистрофия).
8)Гепатотропты дәрілердің және токсикалық заттардың әсері. ( цитостатиктер, туберкулезге қарсы препараттар, допегит, алтын препараттар,сынап қосылысы, қорғасын т.б 9) Бауыр ішілік обструкция (холестатикалық гепатит) және бауырдан тыс ( өт тас ауруы) өт жолы.
10) Саркоидоз.
Патогенезі: Гепатоциттердің зақымдалуы (цитостатиктердің тікелей әсері + аутоиммундыпроцесс):
Гипоксияға байланысты гепатоциттердің некрозы( нәтижесінде жалпы гипоксемия және бауырдың перфузиясының нашарлауы) және венозды іркіліс( орталық венозды гипертензияның бауыр венасына берілуі). Микроциркуляцияның бұзылысы. Дәнекер тканінің түзілуі. Бауыр гемодинамикасының бұзылысы. Порталды гипертензияның дамуы.
Порта-кавалды шунтталудың түзілуі әкеледі. а) бактеремия( бауырдың ретикулогистиоцитарлық жүйесінің қортындысының қосылуы.)
б) эндотоксемия
в) бауырга биологиялық белсенді заттардың түсуінің томендеуі кобіне альдестерон-гармоны,экстроген, гистамин т.б г) бауырға эндогенді гепатотропты заттардың берілуінің төмендеуі (глюкагон,инсулин және т.б)гепатоцит қызметін томендетеді. д)порто-кавалды(бауырлық) энцефалопатия.
Спленомегалия әкеледі:
тромбоцитопения(көкбауырдағы қан пластинкасының жинақталуына) лейкопения,анемия( эритроциттердің гемолизі, темір жетіспеушілік