Классификациясы:
Морфологиялық
Этиологиялық
Клиникасы бойынша
Чайлд-Пью бойынша
Морфологиялық
|
Ұсақ түйінді диаметрі 1-3 мм
|
Ірі түйінді диаметрі 3мм-ден жоғары
|
Септальды толық емес форма
|
Аралас форма
|
Этиологиялық:
Вирусты
Алкогольды
Дәрілік
Екіншілік бауыр циррозы
Туа пайда болған бауыр циррозы:
гепатолентикулярлы дегенерация
гемохроматоз
α1-антитрипсин жеткіліксіздігі
тирозиноз
галактоземия
гликогеноздар
Тұнбалы(қанайналым жетіспеушілігі)
Бадда-Киара синдромы
Алиментарлы алмасу,келесі жағдайларда:
жіңішке ішек анастомозы
семіздік
қант диабетінің ауыр формасы
Белгісіз этиологиялы бауыр циррозы:
криптогенді
біріншілік билиарлы бауыр циррозы
Клиникасына байланысты:
Активті
Активті емес
Компенсациялы,субкомпенсациялы
Декомпенсациялы
Клиникалық белгілер:
Астеникалық синдром (60-90%): әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, либидо төмендеуі, шаршағыштық;
Диспепсиялық синдром (60-90%): іштегі жағымсыз сезімдер, оң жақ қабырғаастының, эпигастрий аймағының ауырсынуы, іш кебуі, диарея, майлы тағамдар мен алкогольді көтере алмаушылық;
Бейспецификалық қабыну синдромы: температура көтерілуі,буындардың ауыруы, ЭТЖ жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, гипоальбуминемия.
Ісіну синдромы (перифериялық ісіктер-20-30% көбіне аяқтарда).
Гиперспленизм.
Анемия (80-90%).
Сарғаю синдромы (40-50%).
Портальды гипертензия синдромы: гепатомегалия, спленомегалия, асцит.
Бауыр циррозының диагностикасы:
Жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
Биохимиялык қан анализі
УДЗ
ФГДС
Бауырдың пункциональдық биопсиясы
Геморрагиялық диатез белгілері ( мұрын мен қызыл иектің кілегей қабығының қансырағыштығы, тері асты петехиялар мен қан құйылу, пурпура анықталады.
Аурудың терминальды сатысында сарғыштық ауыр геморрагиялық синдром ( пурпура мен жайылмалы қан құйылулар), бауырлық энцефалопатия мен кома бой көрсетеді.
Бауыр – клеткалық жетіспеушілікте функциялық сынамалардың өзгерген белгілері анықталады (гепатодепрессиялық синдром).
Медикаментозды емес ем:
РЕЖИМ: науқас адамды қорғайтын болуы керек. Науқас адамға түсетін күшті азайтады. Активті цирроз бен процесстің декомпенсациясында төсек режимін белгілейді.
ДИЕТА: Певзнер бойынша №5 диета тағайындалады. Энцефалопатия көрініс бергенде, тағайындалатын белок мөлшері аммиакпен улануды тудырмау керек (тәулігіне 20-40г дейін), ас тұзын тәулігіне 6 г дейін азайтады. Асцитте тұзсыз диета беріледі.
Аурудың себебіне әсер ету:
Вирустық циррозда жүйелі түрде созылмалы гепатитті емдеу керек.
Алкогольдік циррозда ішімдікті тию аурудың терминальдық сатысынан басқа жағдайда өте жағымды әсер береді.
Дәрілік цирроздар (допегит, метотрексат т.б) дәрі қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі 2-9 айда өз активтілігін азайтады.
Ең тиімді этиотропты ем екінші ретті билиарлық бауыр циррозында байқалады.
МЕДИКАМЕНТОЗДЫҚ ЕМІ:
ПАТОГЕНЕЗДІК ЕМІ:
-Бауыр клеткаларының метаболизмін жақсарту
-Иммунды депрессиялық ем
-Портальдық гипертензияны емдеу
-Өте айқын сиптомдарға әсер ету
Бауыр клеткасының метаболизмін жақсарту
Бауырды қорғайтын әсері бар дәрілер (гепатопротекторлар): В тобының витаминдері, никотинамид, фолий қышқылы, С витамині,кокарбоксилаза, липой қышқылы, легалон, эссенциале, лив-52, аминқышқылдары мен белок гидролизаттар жатады.
1.Гепатопротекторлар жеке түрде бауыр циррозының активті емес компенсациялы түрінде қолданылады.
ИММУНДЫ ДЕПРЕССИЯЛЫҚ ЕМ:
Аутоиммундық цирроздың бастапқы сатысында (аутоиммунды созылмалы гепатит салдары) және өте айқын қабыну активтілігі бар вирустық (вирустық созылмалы гепатиттің ақыры) циррозда тағайындайды. Иммунды депрессиялық емге преднизолонмен, азатиопринмен және делагилмен емдеу жатады. Преднизолон тәулігіне 25-30 мг тағайындайды, кейін сүйемелдеуші дозаға /7,5-10г/ көшеді. Ем курсы 3 айдан бірнеше жылға созылады. Преднизолонмен емдеудің қысқа курсы /20-30 күн/ алкогольдік цирроз бен гиперспленизм өршіген кезде ғана қолданылады.
Азатиопринді преднизолонның дозасын азайту кезінде белгілейді. Преднизолон тәулігіне 20-30 мг/тәул. дозасына азатиоприннің 25-50 мг (1,5-2 мг/тәул.) қосып жібереді. Азатиоприннің сүйек миындағы қан түзу процесін тежейтінін естен шығармау керек.
ПОРТАЛЬДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ ЕМІ:
Портальды гипертензияда қақпа венасындағы қысымды азайтатын препараттар беріледі:
1. Анаприлин (обзидан, индерал) тәулігіне 40-120 мг 3-4 ай бойы. (ЖЖС 25% азаюы керек).
2. Нитросорбит (әсері ұзарталған нитраттар) күнге 20 мг 4 рет 2-3 ай бойы.
ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМ:
Портальды жүйенің декоспрессиясын тудыру үшін тамыр аностомозын салу, құрсақ артериясы тармдарын байлау, органопексия, спленэктомия операциялары жасалады. Оның көрсеткіштеріне бұрын қан кету болған өңештің варикозды кеңіген веналардың болуы және жоғарғы дәрежелі портальды гипертензия жатады.
Операцияға көрсеткіштер:
1.Бұрын қан кету болғанда;
2.Өңеш веналарының варикозды кеңуі;
3.Жоғары дәрежесі портальды гипертензия
Гиперспленизмді емдеу:
Спленоэктомия: бұрын қан кеткен немесе қан кету қаупі бар науқастарға;
Қансырағыштықты азайту үшін: Тромбоциттер мен лейкоциттер массасы құйылады, немесе қысқа мерзімге (3-6 айға) преднизолонның орташа дозасын 20-40 мг/тәул. тағайындайды.
Холестаз синдромын емдеу:
Тері қышуын тоқтату үшін: ионалмасу шайыры холестерамин күніне 12-16г (1 шай қасығын 1 стакан суға немесе шырынға ерітіп, күніне 3 рет); Ертеңгілік тамақтан 30 мин. бұрын және 40 мин. кеш, түскі тамақтан 40 мин.бұрын беріледі, яғни ішекке көп мөлшерде өт қышқылдары түскен кезде береді. Холестераминді көп қолдану остеопороз тудырады,себебі бұл препарат Са-ң несеппен бөлінуіне әкеледі.
Билигин 5-10г (1-2 шай қасығы) күнге 3 рет тамақтан 30-40 мин бұрын қабылдайды, сумен ішу керек. Ем курсы 7 күннен 3 айға дейін созылады. Өт бөлінуі толық тоқтағанда беруге болмайды.
Майда еритін витаминдер тапшылығында А витамині ерітіндісі-Ретинол 100000ӘБ, Е витаминінің ерітіндісі- Токоферол 100 мг, К витаминінің ерітіндісі- Викасол 5мг және Са препараттары 0,5 күнге 3 рет беріледі.
Асцитті емдеу:
Төсектік режим мен диета көмектеспеген жағдайда:
Антиальдостерондық дәрілер: Верошпирон,
Альдактон. Оған қоса науқасқа Фуросемид күн сайын немесе күн ара 40-80 мг тағайындайды. Жақсы нәтижеге жеткеннен кейін Фуросемидтің 40 мг 3-6 күнде 1 рет алуға болады.
Осмостық диурезді күшейту үшін көктамырға Альбумин ерітіндісін (10%-100мл) және Маннитолды (20% -100 мл) 2-3 күн сайын егіп тұрады.
Емге көнбейтін табанды асцитте парацентез жасалады, әр жіберілген сұйықтықтың 1л альбуминнің 6-7 г венаға егеді.
Достарыңызбен бөлісу: |