Асциттің пайда болу механизмі: 1)Қан айналысының постсинусойдалдық блокадасы. Блокаданың күшейе түсуі лимфа өндірілуін күшейтіп, оның бос іш қуысына ағуын тудырады:қалыпты жағдайда бауырдың тәулік ішінде 3-9л лимфа ағатын болса, бауыр циррозында ол 19-20л жетеді:
2) гипоальбуминея:оның пайда болуы бауырдың белок синтездеу функциясының бұзылуымен байланысты. 3) гиперальдостеронемия: айналымдағы қан массасының азаюына және бауырда альдостеронның жеткіліксіз ыдырауына (активсізденуіне) байланысты туындайды. Гиперальдостеронемия натрий мен судың жиналуын тудырады.