Іс-әрекет алгоритмі:
Кереуеттің бас жағын қабырға жаққа қойыңыз;
Кереуеттер арасындағы қашықтықты 1-1,5 м ұстаңыз;
Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз;
Мейірбике тұрған жақтағы кереуеттің қырындағы тұтқаны (егер де олар болса) түсіріңіз;
Кереуеттің бас жағын жатық қалыпқа келтіріңіз
Науқастың төсек – орнын дайындау
Мақсаты: төсекте жайлы жағдай жасау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауруханаға түсуі.
Дайындаңыз: функциональдық кереуетті, матрасты, матрас тысын, ақжайманы, жастық тыстарын, екі жастықты, жұмсақ қалың бәйке көрпені қаптама сейсебімен, клеенканы, жаялықты.
Достарыңызбен бөлісу: |