Тақырыбы: ХІХ ғ. екінші жартысы мен ххғ. басындағы Қазақстан мәдениеті



бет4/4
Дата24.05.2017
өлшемі1,36 Mb.
#16955
1   2   3   4



Карлаг – қасірет мекені

Қуғын – сүргін сол бір аяулы азаматтардың берекелі шаңырағын әбден шайқады – ау! Совет өкіметінің орнығуына белсене араласқан талай – талай азамат атылып, көпшілігі айдауға, лагерьге жөнелтілді. Көптеген азаматтар СССР Жоғарғы стоының әскери коллегиясы? Партия және совет үкіметі басшыларына қарсы террорлық әрекеттер әзірледі деп ойдан шығарылған айыптау бойынша ең жоғарғы жаза – атуға кесілді.

1937 жылы қаңтар – наурыз пленумында ВКП (б) Орталық Комитетінің секратары Жданов өз баяндамасында өлкелік комитетінің секретары Л.И. Мирзоянға тиісе сөйлеп, Қазақстан партия Комитетін сынағаны белгілі. И.В Сталин де қорытынды сөзінде Қазақстан өлкелік партия комитетін сын садағына алады.Халық жауның іздестірілуі негізінен осы кезеңнен басталады. Сонымен, 1937 жылдың өзінде Қазақстанда үш рет тазалау жұмысы жүргізілді. 1937 жылдың көктемінде басталды да? Алдымен байырғы большевиктер, партия қайраткерлері, өндіріс орындарының басшылары түгелімен жазалау машинасының азуына ілікті.

Қазақстандағы алғашқы жала жабу науқаны – Ақмола ісінен басталды. 1932 жылғы ашаршылыққа байланысты бесіктің ішінде қол қойған азаматтың бірі – Мансұрға, іле – шала Тұрар Рысқұлов пен Нығмет Нұрмақовқа жабылды. Қарағанды облыстық партия комитетінің мүшелері Абдолла Асылбеков пен Нұрғали Нұрсеитов те тұтқынңа алынды. Сонымен 1937 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің құрамындағы 85, мүшелікке кандидат 35, ревизиялық комиссиясының 11 мүшесі болса, жылдың аяғында сол 121 адамның 68 – і ғанақалды. Қазақстан өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшысы Л.И. Мирзоянның өзі де жала қармағына ілінді. 1937 жылдың жазында Абдрахман Асылбеков, Қабылбек Сарымолдаев, Әбілхайыр Досов ұсталды.

Жан сауғалау үшін заң орындарына көптеген саяси сауаты шамалы жағымпаздар қорқақтар баскесерлер топтала бастады. Жоғарыда аталған ер – азаматтардың семьялары қан кешіп қалды. Ол кезде көп лагерь болған. Соның ішіндегі үлкені – Қарағанды лагерьі.

Ғылым білімнің туын көтергендер мен ғұлаиалар осы лагерьге тоғытылды. Қарағанды лагерінде барлығы мың әйел қамауда отырған.

Революция құрбандықсыз болмайды деген қағиданы бетке ұстаған замана сұрқылтайлары қазақ даласын қайғы – мұңға бөктіргені жасырын емес. 1932 – 1937 жылдардың нәубегі халқымыздың өсу процесін едәуір тежеді.

Қылмыстық істер кодексінің 58 статьясының 17 – тармағымен бас бостандығынан айырылған Карлагтағы сол бір апайлар – біреудің жары, біреудің әпкесі, біреудің қарындасы, ал біреудің анасы. Үйлерінен халық жауларының әйелдері деп қуып шығарылды. Тағдыр тәлкегіне түскен абзал аналар:...Мендешова Рәзия, Қожанова Күләндәм, Рсықұлова Әзиза, Қазыбекова Мағрипа, Сарымолдаева Майнұр және басқа – басқа аналарымыз бар еді. Әсіресе аналарынан айрылған сол кездің балалары туралы әлі еш – нәрсе жазылған жоқ.

Ал ең масқарасы, НКВД – ның тергеушілері әйелдерге ең қатал да оңбаған күйеулеріннен бас тартындар деген талап қойды. Ардақты әйел – аналардың, күйеулері үшін от кешкен адал жарлардың ерлігіне тағзым етуге тиіспіз. Олардың көпшілігі партия мүшелері, партия, совет органдарының қызметкерлері болатын.

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір тағдырға көген әр ұлт әйелдері бірігіп барақ салды. Мал бақты. Қамыс орды. Қан майданға қатысқандары да бар.

1937 жылдың азабын еске ала отырып, жазықсыз сотталған мыңдаған аналардың көзісіз ерлігіне таңдаңасын. 5,8,11 жыл отырған каторжан аналар өмірін тіпті айтуға қиналасың. Өткен өмірін айтып, жүргі қысылып талып қалған аналар да болды.

30 – 40 – шы жылдары және 50 – ші жылдардың басқы кезенінде орын алған жазалау шараларына байланысты материалдарды зерттеу жөніндегі КПСС Орталық Комитеті саяси бюросы комиссиясының жұмысын халық қадағалап оқып, үлкен үмітпен қараған. Әсіресе аналар үміттенген....Еліміздің орталығы болған – Москва қаласында зұлмат жылдардың құрбандарына ескерткіш ашу мәселесіне қолға алынған. Мүндай игі шараны республикамыздың астанасы болған – Алматы қаласы және салдарынын құрьан болғандар жаламен жәбірленгендер есімін ел білуі тиіс деп аналар да ниетке қосылған.


6. Сызбаны толтырыңыз (3 мин).



Карлаг




ЧСИР




Алжир




ГУлаг



7. Жалпы оқушылармен жұмыс. «Бәйге» ойыны (сұраққа жылдам әрі көп жауап берген топ жеңіске жетеді). (3 мин).

1) ГУЛАГ –қа қанша Қазақстандық жабылды?

2) Қаншасы атылды ?

3) Қашан КСРО Конституциясы қабылданды?

4) Қашан Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды?

5) Қашан КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті?

6) 1938 жылғы 15 шілдедегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болды. Оны кім ашты ?

7) 1939 жылғы желтоқсандағы жергілікті Кеңестер сайлауы өткізілді. Оған қанша депутат сайланды ?

8) Ұлттық аза күні болып қай күн белгіленді?

9) Қазақ АКСР Одақтас республика болып қашан құрылды?

10) 1930 жылы 4 сәуірде кімді атуға үкім шығарылды?


8. Жергілікті зиялылардың «Халық жауы» қатарына жатқызылып, жазаланған уақытын бағытпен көрсетіңіз.

1928 ж.




Ж. Аймауытов

1937ж. 8 қазан

М. Тынышбаев

1930ж. 4 сәуір

М. Дулатов

1935ж. 5 қазан

А. Байтұрсынов

1938ж.

С. Сейфуллин


9. Шығармашылық ізденіске негізделген тапсырма.Кестеден мағынасы мен мазмұны бөлек төртінші сөзді алып таста.


Жазалау шаралары

ату жазасы

Еңбекпен түзеу лагерлерге қамту

Жер аудару

Мемлекеттік қызметке алу

Жазалау шараларының құрбандары

А. Байтұрсынов

Қ. Жұбанов

С. Асфендияров

Н. Ежов

Лагерлер жүйесі

Карлаг

ЧСИР

Алжир

ЧАД

10. Сызбамен жұмыс. Мұғалімнің түсіндіруі.

Қазақ КСР құрылуының алғышарттары



ҒКФСҒ құрамындағы Қазақ АКСР дамыған индустриялы аграрлы Республикаға айналды

Халық зиялыларының елеулі тобы құрылды

Жұмысшы табының көп ұлтты отряды жедел қалыптасты

Шаруалардың әлеуметтік табиғаты өзгерді

Қазақ әйелдері қоғамдық және шаруашылық өмірге белсене араласты



Үй тапсырмасы.

Венн диаграммасы бойынша Қазақ КСР мен ҚР ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта.




Қазақ КСР айырмашылығы

Қазақстан Республикасы айырмашылығы

1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір мен қазіргі күнгі қоғамдық-саяси өмір жағдайын салыстырып, өз ой пікірлеріңізді жазып келіңіздер.


Мұғалімнің қорытындысы.

Білімді бағалау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет