Әрекеттесуші заттардың концентрациясы химиялық реакция жылдамдығына қалай әсер етеді?
Әрекеттесуші заттардың концентрациясы химиялық реакция жылдамдығына қалай әсер етеді?
Химиялық реакциялар тез жүруі үшін түйісетін молекулалар саны көп болуы керек, яғни концентрацияны өсіру керек. Реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрацияларының әсерін зерттеген Норвегияның екі ғалымы Гульдберг және Вааге 1867 жылы мынадай қорытындыға келген: химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болады, оны әрекеттесуші массалар заңы деп атайды.