5. Кейбір заттар реакцияның жүруін тездетеді, олар - өршіткілер (катализаторлар), ал тежесе - ингибитор деп аталады.
4. Қайсыбір реакциялар тек қыздырғанда немесе жарықпен әсер еткенде ғана жүреді.
3. Ерітінділердің арасында жүретін реакцияларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін ерітіндідегі еріген заттардың мөлшерін арттыру керек.
2. Газ күйіндегі заттардың әрекеттесуін жүзеге асыру үшін сығып, көлемдерін азайтып, көлем бірлігіндегі бөлшектердің санын арттыру қажет.
1.Қатты заттардың әрекеттесуін жүзеге асыру үшін оларды ұнтақтау керек, сонда олардың жанасу бетінің ауданы артады.