Тақырыбы: Инклюзивті білім беру бағдарламасының жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асырылуы



бет4/5
Дата09.01.2022
өлшемі89,11 Kb.
#110500
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
султанбек н инк 11

2. Оқытуды ұйымдастыру.

Мүмкіндігі шектеулі баланың білім беру және оңалту маршрутын, сондай-ақ оның білім беру ортасына интеграциялау формалары мен деңгейін таңдау мәселесі баланың дамуы мен мүмкіндіктері ескеріліп, психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумда, оның ата-аналарының (заңды өкілдерінің) тікелей қатысуымен шешіледі. Балалар үшін дербестілігін біртіндеп ұлғайтуға, өз іс-әрекетін ересек адамның көмегіне жүгіндіруге, оқушылардың өз күшіне деген сенімін ұялататын тәжірибешілік немесе жеңілдетілген тапсырмаларға көшуге бағытталған түзету-дамыту жұмысы жоспарланады,

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін жұмыс формалары

1. Оқушылармен жеке және топтық түзету жұмыстары.

2. Үйде оқыту

3. Сабақтан тыс іс-әрекет.

Жобалау іс-әрекеті мен түрлі бағыттағы үйірме жұмыстары оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жобалау қызметіне қатыстырудың маңызы зор, себебі түрлі еңбек, шығармашылық іс-әрекет арқылы олардың өз мүмкіндіктерін ашуына жағдай жасап, социумға енуіне көмектеседі. Жобалау қызметі оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің көрінуіне ықпал етеді: жеке адами құндылықтарын көрсетеді, адамдарға, іске, еңбек нәтижелеріне деген нақты қатынасы көрінеді.

Мектепішілік шараларды ұйымдастыру кезінде дені сау балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да қатысуы көзделеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар денсаулығындағы ақаулықтарының қандай деңгейде көрініс тапқанына қарамастан, олар басқа балалармен қатар тәрбие, мәдени-сауықтыру, спортттық шараларға қатыстырылады.


  1. Балалар дамуының динамикасы, олардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіндегі табыстылығына мониторинг жасау, түзету шараларын толықтыру.

Балалар дамуының динамикасы, олардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіндегі табыстылығына мониторинг жасау, түзету шараларын толықтыруды мектептің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум жүзеге асырады. Ол оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Мониторингілік іс-әрекет мыналарды көздейді:



  • мүмкіндігі шектеулі балалар дамуының динамикасы мен жеке түзету-дамыту бағдарламаларының тиімділігін қадағалау;

  • түзету-дамыту жұмысын перспективтік жоспарлау. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум нақты оқушылармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыс жоспарының орындалуын талдайды, оқытудың келесі кезеңі үшін ұсынымдар береді.

Мектеп консилиумының келесі мақсаты – оқу-тәрбие процесінде балалардың танымдық әрекетін арттыратын, олардың ой және сөйлеу саулығын жоғарлататын, денсаулығын сақтап, нығайтатын, оқу әрекетін қалыпқа келтіретін, эмоциялық-тұлғалық дамудың теріс тенденцияларының алдын алатын жалпы түзету бағыттылығын қамтамасыз ететін дифференцияланған педагогикалық жағдайларды таңдау

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларын сипаттау.

Дамуында кемістігі бар балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие және түзету жұмысының ерекшелігі жалпы үлгідегі білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымынан интеграциялық білім беруді қамтамасыз ететін арнайы дайындықты қажет етеді.

Білім беру мекемесінің педагогикалық қызметкерлері түзету педагогикасы мен арнайы психология негіздерін білуі тиіс, мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық және дене дамуының ерекшеліктері, осындай балаларға білім беру және оңалту әдістемелері мен технологиялары туралы нақты түсінігі болуы тиіс,


Осыған орай мектепте мүмкіндігі шектеулі балалармен тәрбие және түзету жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс атқарылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет