Тақырыбы: Инклюзивті білім беру бағдарламасының жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асырылуы


Үлгерімді кезеңдік қадағалау, пән мұғалімдеріне ұсынымдар беру



бет3/5
Дата09.01.2022
өлшемі89,11 Kb.
#110500
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
султанбек н инк 11

Үлгерімді кезеңдік қадағалау, пән мұғалімдеріне ұсынымдар беру

ПМПК қорытындысы

қорытындысы

Медициналық қолдау

Әлеуметтік педагог




Отбасы (ата-аналарға кеңес беру)




Диагностика






Жеке түзету бағыттары











Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар бала

Педагог-психолог

Жұмыс бағдарламаларын түзету

Логопед мұғалім

Тәуелсіз педагог

Оқытудың келесі кезеңіне көшу кезіндегі межелі қадағалау

Білім беру мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық қолдау көрсетіп, баланы оқыту мерзімі бойы қадағалайтын қызмет құрылды.

Қолдау қызметінің құрамына төмендегідей мамандар кіреді:

- педагог-психолог,

- әлеуметтік педагог,

- медициналық қызметкер,

- сынып жетекшілері.

Баланы кешенді зерттеу, баланың ең адекватты проблемаларын, жұмыс әдістерін таңдау, балалардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып білім беру мазмұнын іріктеу мектептің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумында жүзеге асырылады.

Мектепте оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің мақсаты – баланың толыққанды дамуына жағдай жасау, оны әлеуметке (социумға) табысты сіңісуін қамтамасыз ету.

Оқушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге мыналар енеді:



  • тұлғаның когнитивті-танымдық ерекшелігін диагностикалау, педагогикалық байқаулар;

  • тұлғаның дамуына, оқыту табыстылығына қолайлы әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;

  • балаға нақты психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту процесін ұйымдастыру медициналық-педагогикалық және педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Әр оқушыға психологиялық-педагогикалық карта толтырылып, оқыту мерзімі бойы жүргізіледі, бұнда оқушы тұлғасы дамуының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, педагогикалық және психологиялық диагностика нәтижелері, ұсынымдар енгізіледі.

Оқыту мерзімінде қызметтің негізгі бағыттары болып табылады:

1. Оқушылар тұлғасының танымдық, мотивациялық және эмоционалдық-еріктік жақтарын (өрісін, аясын) диагностикалау.

2. Аналитикалық жұмыс.

3. Ұйымдастыру жұмысы ( білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына бағытталған мектептің бірыңғай өрісін құру - мектепішілік психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум, үлкен жіне кіші педагогикалық кеңес, оқыту семинарлары, әкімшілік, педагог, ата-аналармен кеңестер өткізу).

4. Педагогтар, оқушылар және ата-аналарға кеңес беру жұмыстары.

5. Алдын алу жұмыстары (тұлғааралық өзара әрекет мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру).

6. Түзету-дамыту жұмыстары (мектепке бейімделуде қиыншылық көретін оқушылармен жеке және топтық жұмыс).

Мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді психологиялық-педагогикалық қолдаудың кешенді технологиясы және бала мен ата-аналарға түрлі сала мамандары тарапынан дамыту, оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтендіру мәселелерін шешудегі көмек ретінде қарастыруға болады.

Білім беру мекемесіндегі мүмкіндіктері шектеулі балалардың тиімді интеграциялауын қамтамасыз етуде бұл санаттағы балаларға арналған білім беру үдерісінің ерекшеліктері туралы білім беру үдерісінің барлық қатысушылары – оқытылушылар (дамуында кемшілігі бар балалармен қатар, кемшілігі жоқ балалар), олардың ата-аналары (заңды өкілдері), педагогикалық қызметкерлермен ақпараттық, ағарту, түсіндірме жұмыстарын өткізудің маңызы зор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет