КҮН ЖАҢА ҒАНА ШЫҒА БАСТАДЫ
сурет. Бір мүшелі үш ырғақты топтан тұратын хабарлы сөйлемнің интонациялық сызығы.
Күрделенген сөйлем мен құрмалас сөйлемнің және күрделі синтаксистік тұтастықтың интонациялық
ерекшеліктері
Қазақ тілінің синтаксисінде құрмалас сөйлемдер: салалас, сабақтас және аралас құрмалас деп бөлінеді. Соңғы кезде жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер аралығында тұрған үйірлі мүшелер деп аталатын күрделенген сөйлемдер қайсыбір зерттеулерде жай сөйлем құрамында қарастырылса, енді бір зерттеулерде құрмалас сөйлемдердің құрамында қарастылады.
Ал күрделі синтаксистік тұтастықты алсақ, бұлар бір тақырыпқа байланысты бірнеше дербес жай және құрмалас сөйлемдерден тұратын, көп компонентті құрылымдар болып табылады. Бұларды жалпылама кейде мәтін үзіндісі деп атағанмен, қазақ тілінде бұлардың семантикалық-құрылымдылық ара қатынастары мен интонациялық ерекшеліктеріне әзірше арнайы көңіл бөлінбей жүр.
Н.Т.Сауранбаев құрмалас сөйлемдер туралы еңбегінде алғаш рет сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерімен бірге құрмаласа байланысқан сөйлемдердегі интонацияның ролін баса айтады. Сөйлемнің құрмаласу тәсілдерінің ішінде интонациясын олардың ең негізгісі деп есептейді.
Дана бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей тіл әуезінің (интонациясының) құрмалас сөйлемнің әр алуан түрлеріне қандай өрнек болып түсетінін, қандай айшық-ою болып сызылатынын тексеріп көруге болады. Бұл оқулықта түрлі күрделі конструкциялар үшке бөлініп қарастырылады. Оның біріншісі-осы уақытқа дейін жете зерттелмей жүрген (кейде жай сөйлем ішінде, кейде құрмалас сөйлем қатарында), қарастырылып келген, күрделенген сөйлемдер. Екіншісі – тұрақталған құрмалас сөйлемдер. Үшіншісі – тіл білімінде соңғы кезде ғана қарастылып жүрген бірнеше жәй және құрмалас сөйлемдерден тұратын, тақырыбы ортақ күрделі синтаксистік тұтастықтар, деп аталатындар.
Күрделенген сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктері
Күрделенген сөйлем дейтіндердің есім қабыспалы оралымдар, есімше қабыспалы оралымдар және көсемшелі жанаспалы оралымдар мен күрделенген үш түрі бар.
1) Аз мөлшерлі оралым, яғни есім қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлемдер.
Көтеріңкі – бәсең бірнеше толқынды интонациямен өрнектеліп, соңына қарай төмендеп барып тынады. Мұндай бірыңғай есім қабыспалы оралымдармен күрделенген сөйлемдердегі алдыңғы синтагмалардың паузасы да, айтылу тоны да біркелкі, соңғы есім оралым қабысқан негізгі сөйлемнің мүшесі акценттеліп, жоғары деңгейдегі тонмен айтылып, мол паузамен бөлінеді.
Келтірілген мысалдардағы алдыңғы көтеріңкі тонмен айтылатын сегменттері тиянақсыз және қыстырма интонемалардың варианттарымен сипатталады, ал соңғы көтеріңкі-бәсең айтылатындар тиянақты интонемаға жатады.
2) Күрделенген сөйлемдердің қазақ тілінде ең жиі кездесетіні және ең көлемдісі де есімшелі қабыспалы оралымдармен күрделенген сөйлемдер.
Жоғарыда қаралған есім қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлемдермен салыстырғанда, есімшелі қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлемдердің көлемі де мазмұны да молырақ болады. Себебі есімше өзінің маңына мазмұнына қатысты сөздерді үйрететіні белгілі. Мысалы:
Қолына ұзын құрық ұстаған Дәрмен // су бойын жағалай түсіп
тереңдігін өлшеді (М.Әуезов).
Е нді міне адам қарарлық ажары қалмаған күміс самауыр,
//масқара болып келіп тұр (Ғ.Мүсірепов).
Әдеп пен әдет дегеннің екеуі де тар қыспаққа айналып кеткен
қазақ қызының // беті мен қолынан басқа денесі // көзге көрінген емес.... (Сонда).
Көзіне тіршілік үміті елестеген Амантай //, жанып жатқан
сарайдан сырғып түсіп //, өзенге қарай жүгірді (С.Мұқанов).
Жоғарыда келтірілген барлық мысалдарда есімшелі қабыспалы оралым қанша көлемді болғанымен, өзі қабысқан акценттелген есімімен бірге бір синтагма құрайды да, соңына қарай көтеріңкі әуенмен өрнектеліп, пауза арқылы сөйлемнің басқа мүшелерінен бөлініп тұрады.
Барлық мысалдарда да есімшелі қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлемдерде есімшелі оралым өзі қабысқан сөзін анықтап, сипаттап тұр. Сондықтан бұлар анықтауыш – анықтаушы мүшелер ретінде біртұтас мағыналық-интонациялық тұлға құрайды.
Есімшелі қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлемдердегі осы оралым және оған қабысқан анықталушы сөзді, яғни тұтас бір синтагма құрап, мөлшерлі паузамен бөлініп тұрған сөздерді, сөйлемнің басқа мүшелерінен кейде үтір арқылы бөлу де кездеседі. Келтірілген мысалдардың 2-ші және 4-шілер түпнұсқадан өзгертілмей алынған. Бұл синтагмадан кейін үтір кою пунктуацияның ережелеріне сәйкес келмесе де, синтагманың көтеріңкі әуенмен мәнерленіп мөлшерлі паузамен бөлінуіне кепіл бола алады.
Бұл сөйлемдердің есімшелі қабыспалы оралымы мен оған қатысты акценттелген сөзі біртұтас синтагма құрап, сәл толқынды, соңына қарай көтеріңкі әуенмен айтылып, көлемді пауза арқылы бөлініп тұрады да, сөйлемнің одан кейінгі сөздері қосылып, арасында азын-аулақ кідірістері бар ырғақты топтар құрайды. Ең соңғы синтагма төмендеп барып саябырлайды.
Үшінші сөйлемнің есімшелі қабыспалы оралымының ішіндегі бірыңғай мүшелер (әдеп пен әдет дегеннің екеуі де) синтагма құрап өздеріне тән интонациямен мәнерленіп, азғана паузамен бөлініп барып, басқа сөздермен ұласып, анықталушы сөз тіркесімен (қазақ қызының) қабысып, көтеріңкі әуенмен өрнектеліп синтагмаға тән мөлшерлі паузамен бөлінеді.
Есімшелі қабыспалы оралымдар да жоғарыда қаралған есім қабыспалы оралымдар сияқты бірыңғай мүшелер түрінде кездесе береді.
3) Көсемшелі жанаспалы оралымдармен күрделенген сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |