Тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан »


IV. «Сөйлемді аяқта» тренингі



бет4/7
Дата21.12.2021
өлшемі27,44 Kb.
#104672
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
іздегенде табылатын қасыңнан ашық тәрбие сағаты

IV. «Сөйлемді аяқта» тренингі

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...

Ә) Сыйластық бар жерде ...

V. Жағдаяттан шығу.

1.Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.

Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.

Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды?

2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты...

- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты...

- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?



4. Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді.

Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма?

Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?

Балалар бір-бірімізге ренжіген сәттерде, кейде біз өте асығып жүріп бір-бірімізді түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. Уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататын кездеріміз де болады. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады.

Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап көрейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет