ІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары.
1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?
2. Досың бар ма? Ол кім?
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
4. Достық жасқа байланысты ма?
5. Достарыңды ренжітіп алсаңдар , қалай татуласар едіңдер?
6. Сендерге жалғыз ойнап, серуендеген ұнайды ма?
Дұрыс айтасыңдар. Жалғыз ойнасақ, серуендесек, жалғыз тамақтансақ, көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін дос, жолдас керек екен. Достық – адамдардың бір-біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқоршылығының белгісі.Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз «Достық» туралы болмақ. Достықтың 2 түрі болады екен:
Біріншісі – адал достық, екіншісі – айнымалы, алдамшы достық.Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз? Балалар, достық туралы өлең шумақтарын жатқа білесіздер ме? Ендеше келесі кезекті әдемі достық туралы өлең шумақтарына берейік.
1-оқушы:
Екі деген - екі дос,
Бірін-бірі сыйлайтын.
Артық, кемді етпей сөз
Бірін-бірі сыйлайтын.
2-оқушы:
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты.
Бір нүктеге қадалған
Екі көзің сияқты.
3-оқушы:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашанда қайда деп,
Достар бір-біріне сенімді боламыз.
4-оқушы:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
5-оқушы:
Адал дос барлық жерде керек екен,
Өмірде достық деген бөлек екен.
Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді,
Жаман достан жамандық келеді екен.
ІII. Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке:
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:
- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.
-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі».
Достарыңызбен бөлісу: |