Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, жүрекшелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Достық - адамдардың бір - бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын - жазушыларға қоса, ұстаздар мен педагог - психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде - кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, маңызына байланысты екені даусыз. Мақсатымыз бүгінгі оқушыларымыз – ертеңгі студенттердің достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды». Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |