Тақырыбы: Жаппай жою қару-жарағын қолданған кездегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Орындаған: ­­­­­­­­­Орынбасар Б. Тобы: фр 19



Дата15.04.2020
өлшемі31,24 Kb.
#62572
Байланысты:
Орынбасар Бекзат

Жоғары Медицина колледжі


СӨЖ



Тақырыбы: Жаппай жою қару-жарағын қолданған кездегі алғашқы

дәрігерге дейінгі көмек.

Орындаған: ­­­­­­­­­Орынбасар Б.

Тобы: ФР 19 «А»

Қабылдаған: Кашкинова Е.
Шымкент – 2020ж


Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім.

а) Ядролық қарудан кейінгі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.

б) Химиялық қарудан кейінгі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.

в) Бактерологиялық қарудан кейінгі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.



ІІІ Қорытынды.

IV Пайдаланылған әдебиеттер.
Жаппай қырып жою қаруларына түсінік.
Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын.

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы.

Ядролық жарылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға ұшыраған, ал ғимараттар мен құрылыстар қирап бүлінген территорияны ядролық зақымдау ошағы деп атайды.

Жоғарыда айтылғандай жарылыс болған ортадағы температура бірнеше миллион градусқа көтеріліп жарқыл шар шнайды. Осы кезде жан жаққа өте күшті ультра күлгін сәуле арайды. Бірте-бірте шардың шардың сууы барысында көрінетін сәуле күшейеді, аяғында инфрақызыл сәулесі энергияның шығуын жалғастырады.



Химиялық қару.
Зиян әсер етуіне қарай химиялық заттардың улағыш қасиеттеріне негізделген химиялық қару жаппай қырып жоятын қарудың бір түрі деп саналады. Оның негізін улағыш заттармен (УЗ) нысаналарға жеткізетін құралдар (зымыран, бомба т.б.) құрайды. УЗ әскері жасақтарды, халықтың ауыл-шаруашылық малы мен өсімдіктерін, су көздерді, азық-түлікті, техниканы белгілі уақытқа бүлдіру үшін жау пайдалануы мүмкін. Осы зақымдаушы қабілетін УЗ-дың улылығы деп атаған. Улағыш заттар әдетте сұйық немесе қатты түрде бола тұрып, қолдану барысында сұйық тамшы, газ және бу тәріздес затқа, түтін немесе тұман түріне айналып кетеді. Олар адамдарды тыныс алу, тері, ас қорыту жолдары арқылы уландырады.

Химиялық қару бірінші дүниежүзілік соғысында және Вьетнам жерінде қолданылған көрінеді. 1975 жылы Халықаралық Женева келісімі бойынша оны қолдануға тиым салынған.


Бактериологиялық (биологиялық) қару.

Адамзат талай рет ондаған және жүздеген мың адамзатты, ал кейде тұтас бір халықтар мен елдерді қырған әр түрлі өлімші аурулардың індеттеріне ұшырап отырады.Осының бәрі әскери мамандарды қарсыласты жеңу мақсатында апатты ауруларды жасанды түрде тарату, жаппай қырып - жоятын қару жасап шығарып қолдану туралы қатыгез ойға жетеледі; бұл қару кейіннен биологиялық қару деп аталды.



Биологиялық қару дегеніміз биологиялық құралдармен жарақталған арнаулы оқ – дәрілер мен ұрыстық аспаптар.Ол адамдарды, ауыл шаруашылығ жануарларын және ауыл шаруашылығы егістерін жаппай құртуға арналған.

Қарсылыстың биологиялық қаруды қолданғанын көзге шалынатын мынадай сырт белгілері арқылы білуге болады:

оқ – дәрі жарылған не генераторлар іске қосылған соң аэрозольді бұлт түзілуі;

арнаулы контейнерлердің, оқ – дәрінің және қару – жарақтың басқа түрлерінің қалдықтарының табылуы;

сол бір жергілікті жерге тән емес көптеген жәндіктердің, кенелердің, кеміргіштердің және т.с. пайда болуы.

Ауру тудырғыш микробтарды адамның сезім мүшелері арқылы анықтау мүмкін емес.Мұны тек тән емес биологиялық барлаудың техникалық құралдары арқылы ғана жүзеге асыруға болады.



Бактериялық заттардың сипаттамасы одан қорғану әдістері
Биологиялық қару ретінде мыналардың пайдаланылуы мүмкін:

Адамдарды зақымдау үшін: бактериялық ауруларды (оба, тулерямия, сарыпкүйдіргі, тырысқақ ) қоздырғыштар; вирустық ауруларды қоздырғыштар (шешек, қызба, венесуэлалық энуефоломиелит ); риккетсиоздарды қоздырғыштар (бөртпе, сүзек таңбалы қызба, қу – қызба), бопалық аурулардың қоздырғыштары (кокцидиодомикоз, покардиоз, гистолазмоз);

Жарақаттар-бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).


Күю

Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.

Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады.

Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).



Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.
Химиялық күйіктер

Химиялық күйіктер. Химиялық күйіктерде теріде күлдіреу сирек пайда болады. Күйіктің тереңделуіне және жайылуына мүмкіндік туғызатын киімге сіңген қышқыл және сілті.


Алғашқы жәрдем. Тез арада химикат сіңіп кеткен киімді құрту керек. Теріні ағынды сумен молырақ жуады. Ауыртпайтын дәрілер беріп, азап шегушіні емдеу мекемесіне жібереді.
Иіс – газ иісінен улану.

Иіс – газ иісінен уланудан пайда болатын жарақат, одан адам естен танып, ал ауыр жағдайларда өлімге әкеп соғады.


Алғашқы жәрдем.Газ иісінен уланғанда әлсіреу, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болады. Егерде уланған адамға тез арада көмек көрсетпесе, ол тыныс алу мен жүрек қызметінің әлсіреуінен өліп кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше тезірек газдың әсерін тоқтату қажет, терезе, есіктерді ашып немесе зардап шеккен адамды ғимарат ішінен алып шығу қажет. Оның басына міндетті түрде суық компресс жасап, аяғына грелка қою керек, бетіне суық су бүрку қажет, нашатырлы спирт иіскету керек, қою шай немесе кофе ішкізу қажет. Қиын жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет.

Электрден жарақаттану

Электрден жарақаттану – ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.

Найзағай жарақаты, жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк түсті дақтар пайда болады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ әсерінен босату; рубильникті өшіру, электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет.

Қол аяғынан қан кету.
Капиллярлық қанкету кезінде қан жоғалту көп болмайды. Ондай қан кетуді тез тоқтатуға болады. Қан аққан жерге таза дәке қойып, дәкенің үстіне мақта салып жарақатты байлау керек. Егер қолда дәке болмаса, қан аққан жерге қол орамал таңу қажет.

Артериялық қан кетуді де қысып байлап таңып тоқтатуға болады. Санынан немесе иық артериясынан қан кетуді тоқтату үшін жгут қолдану керек, оны қан ағып жатқан жерден жоғары баулап таңу қажет. Егер қолда жгут болмаса, үшкіл орамал, қол орамал, галстук байлауға болады. Зардап шегушіні байланған жгутпен екі сағат ішінде хирургиялық өндеу үшін міндетті түрде емдеу мекемесіне жеткізу керек.




Бас жарақаттары
Алғашқы медициналық жәрдем. Ең алдымен бас сүйегі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе жабық) және зардап шегушінің жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн.
Басқа таңғышты-«тақияны» мынадай әдіспен қояды. 1м-ға жуық бинт кесіндісін төбеге қояды, оның ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра (1а-сурет) отыра байлайды, содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынан да орап қиғаштай желкеге жеткізеді, желке мен маңдай арқылы кезекпен орап, бастың бүкіл шашты бөлігін жабады (1б сурет). Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың орналасуына орай «ауыздық» тәріздес таңғыш қойған жақсы. Маңдай арқылы 2-3 рет айналдыра мығым орағаннан кейін (1а сурет) бинтті желке арқылы (2-сурет) мойын мен иекке апарады, иекпен төбе арқылы бірнеше рет тіктей орайды, содан соң иектен бинт желкеге апарылады. Мойынды, көмей мен иекті жабу үшін таңғыш (2б суретте) көрсетілгендей қойылады.

Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды (3 а,б,в сурет), бұл таңғыш енді бинттен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлденең бағытта орайды.

Бұдан кейін 2-3 айналдыра орап таңғышты бекітеді таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен бекітеді.

Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек
Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.

Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.

Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде еанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс.


  • ауыздың, мұрынның, қуыстарының құмнан немесе балшықтан тазарту;

  • тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;

  • жасанды тыныс алдыру;

  • қан айналымын қолдау.

Жоғары тыныс жолдарын босату мынадай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап шығып дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден, балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады.

Тыныс жолдары мен асқазаннан су мен көбікті шығару, суға батушыны етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс (4-сурет).
Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға-ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады.

Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің ауызын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді.


Зардап шегушінің тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару үшін келтірілетін қажетті жағдай
Жасанды тыныс алдыруды жүргізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда ұстау қажет (5-сурет). Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеуденің әрбір онбес қысылуына екі-үш рет ауа үрлейді.

«Мұрынға ауыз» әдісін ем-дом жасау тәжірибесі болмаған жағдайларда, зардап шегушінің жағы қатты қысылған немесе жарақаттанған кезде қолданған дұрыс. Бұл жағдайда мұрын жолдары бос болуға тиіс.

«Мұрынға ауыз» әдісімен жасанды демалдыруды жүргізу үшін мына әрекеттерді жасайды. Маңдайдағы қолмен басты артқа қарай бұрайды, екі –үш қолмен төменгі жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Ауызды сонымен қатар үлкен саусақпен де жабуға болады.

Ауызды зардап шегушінің мұрнына қойып оған ауа үрлейді.

Балаға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды. Ауаны ересектермен салыстырғанда азырақ үрлейді. Балалардағы тыныс алу жиілігі минутына 18-20-дан аспауы тиіс.

Құрсақ төңірегінің қампайуы асқазанға ауаның барғанын көрсетеді. Алақанмен сырқаттың басы мен мойын жағына қарай іштің төңірегін аударып алақанмен сақтықпен қысады.

Сильвестр әдісі жиі қолданылады. Зардап шегушіні шалқалай жатқызып, кеуде клеткаларының төменгі бөлігіне бүктелген төсеніштен төсем қояды. Егер жасанды тыныс алдыруды екі адам жүргізсе, онда олар зардап шегушінің кеуде клеткасының екі жағына тізерлей отырады (6а-сурет). Олардың әрқайсысы бір қолымен зардап шегушінің қолын иығының ортасына дейін апарады, ал екінші қолдарын саусақтың ұшынан жоғарырақ ұстайды (6б-сурет). Олар бір уақытта зардап шегушінің қолын көтереді және оның басының артына қарай созады. Осы арқылы кеуде клеткасы кеңейіп, ауаның кіруіне жол ашады. Бұдан кейін екі-үш секундтан соң зардап шегушінің қолын кеуде клеткасына қойып оны қысады, сөйтіп ауаны шығарады.

Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16 рет жасалады. Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама қарсы тұрады, оның қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды.



Пайдаланылған әдебиеттер.



  1. « Бірінші медициналық көмек » . Оқу құралы – Шымкент. 2008. 221 бет.

  2. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 168 б.

  3. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар

туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5.07.1996.

  1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құалы. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 240 б.

  2. Суровцев А.А., Мельников Е.Н., Малеваный С.В., Медведева Н.М., Шарипханов С.Д., Хурсанов С.К., «Тіршілік қауіпсіздігі» Алматы, 2004.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет