3-ші дəрежелі шок (ауыр шок) АҚҚ 60 мм.с.б.б. дейін төмендеуімен сипатталады. (одан да төмен болуы мүмкін), жүректің жиырылу жиілігі 130-140 рет/мин дейін өседі. Жүрек тондары өте əлсіз болады, науқастың есі терең тежелген, айналасында болып жатқандарға көңіл бөлмейді, терісі бозғылт, цианозды жəне жер түсті өң. Шоктың бұл дəрежесіт көптеген қосарланған немесе біріккен жарақаттарда, скелеттің зақымдануында, ірі бұлшық еттер мен ішкі ағзалардың жарақаттарында, кеуде клеткасы, бассүйек жарақаттарында жəне күйіктерде дамиды.