АҚҚ анықталмайтын деңгейінде инфузия жылдамдығы минутына 250-500 мл болуы керек. 6% полиглюкин ерітіндісін -к/т. Таңдау мүмкіндігі болса 10% немесе 6% гидроксиэтил крахмал ерітіндісі (стабизол, рефертан, HAES-steril). Бір мезгілде 1 л дейін басқа ерітінділерді енгізуге болады. Дұрыс инфузионды терапияның белгілері болып, 5-7мин кейін АҚҚ анықталуының бірінші белгілері пайда болады, ары қарай 15 мин критикалық деңгейге дейін көтеріледі (СҚҚ 90мм с.б.б)
Жүрекке венозды қанның қайта келуін көбейту үшін жəне клеткалық мембраналардың стабилизациясы үшін бірмезгілде көктамырға 300 мг-ға дейін преднизомон немесе осы топтағы басқа дəрілерді адекватты мөлшерде енгізеді. Метоболикалық ацидозды коррекциялау үшін 4% Na гидрокарбонатын 3 мл/кг науқастың дене салмағына сəйкес енгізеді.