Барлық қан кетулер ағымына байланысты жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел қан кету кезінде қан кету қысқа уақыт аралығында байқалады да клиникалық белгілері тез дамиды. Клиникалық белгілердің айқындық дәрежесі тамырдан аққан қанның ағу қарқынына тікелей тәуелді. Жоғалған қанның көлемі адамның салмағының 4-4,5%-ына пара-пар көлемі адам өмірі үшін аса қауіпті саналады. Созылмалы қан кетудің клиникалық көрінісі айқын емес. Қан кетудің бұл түріне көлемі үлкен емес, бірақ жиі-жиі қайталанатын және қаназдылыққа әкеп соқтыратын қан жоғалтуларды жатқызады. ауырлық дәрежесінің әртүрлі жіктеулері, негізінен 3- 4- дәрежелік жіктеулері қолданылады.

Қан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөледі. жеңіл, орташа, ауыр, массивті (аса ауыр).
жеңіл дәрежесі — АҚК-нің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)
орташа дәрежесі — АҚК-нің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400 мл)
ауыр дәрежесі — АҚК-нің 20-30% жоғалтқан (1500 — 2000мл) массивті дәрежесі — АҚК-нің 30%-дан астамын жоғалтқан (2000мл астам)
Қан кетуді таңғышты байлау арқылы тоқтату
Қан кетуді тоқтату үшін: жарақаттанған аяқ-қолды көтереді;
Қан ағып тұрған жараны (пакеттің ішіндегі) түйілген таңғыш материалмен жауып, үстінен жараның бетіне саусақтарды тигізбей басып; қолды алмай 4-5 минуттай ұстайды. Егер қан кету тоқтаса, салынған материалды алмай, оның үстіне басқа пакеттен тағы бір түйілген материалды немесе мақтаны салып, аздап күш сала отырып, жарақаттанған аяқ-қолдың қан айналымын бұзбау үшін жарақаттанған жерді бинтпен орайды. Қолды немесе аяқты бинтпен орау кезінде төменнен жоғары қарай –саусақтардан денеге орайды;