Тақырыбы: Жас келсе –іске (коучинг-сабағы)
Мақсаты: қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың алатын орнын нақтылау.
Міндеттері: -жас ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алуға ұмтылдыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру;
-жас ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видеороликтер, үлестірмелі парақтар, стикерлер
Коучинг барысы:
1.«Көптің жүзін білгенше, бірдің атын бір» (танысу)
2. «Өзіңді тереңірек тани біл!»
Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады. Қазір таңдаған жемістеріңізге сай топталып тұруларыңызды сұраймын. Таңдаған жеміс-жидектің өздеріңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз.
Кілті: Қарбызды ұнататыңдар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта, еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге жақсылық пен қуаныш сыйлау үшін кейде өзіңізге де зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, әсіресе, анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздісіз, сізді оп-оңай өкпелетіп алуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.
Шабдалыны ұнатындар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамдардың белгілері айқын аңғрылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз –қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Жүзімді ұнатындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлілік, батылдық қажет.
Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз да жоқ емес.
Сіз алманы ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
Мұғалімдерді топқа бөлу. Кітап, қалам, қоңырау суреттері берілген. Осыдан өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша ұнайтын суреттерді алып, топқа бөлінулеріңіз сұралады.
«Нағыз ұстаз моделі» тақырыбында постер қорғау. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Және сол тапсырмалар бойынша постер қорғайды. Дайындалуға 5 минут, қорғауға 2 минут уақыт беріледі.
1-топ. «Нағыз ұстаз моделі» мұғалімдер көзімен.
2-топ. «Нағыз ұстаз моделі» оқушылар көзімен.
3-топ. «Нағыз ұстаз моделі» ата-аналар көзімен.
(Әр топтың жұмысы тыңдалады. Бірін-бірі формативті бағалайды.)
III.Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау.Әр топқа суреттер таратылады. Сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.
1-топ. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
2-топ. Жарқын шуағын төккен күн астында әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
3-топ. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
(Әр топтың пікірі тыңдалады. Бірін-бірі формативті бағалайды.)
Кілті:1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижемен салыстыруға болады.»
2-тапсырма бойынша: «Ұлты басқа болғанмен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді».
3-тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда. Бірақ бір ояу кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына жауапкершілікпен дайындалып отыр».
Қорытынды ой:Білімді, сауатты адамдар –XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі бекер», -деген өсиетін ұстанып еңбек етуіміз қажет.
(Сергіту сәті)
IY. Педагогикалық қабілетті психологиялық тұрғыдан зерттеу.
Нұсқау: Сіздердің алдарыңызда күрделенген педагогикалық жағдайлар қатары берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз бойынша көрсетілген нұсқаудың біреуін таңдайсыз. Егер берілген нұсқаудың ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқаға өзіңіз дұрыс деген ойыңызды білдіріңіз.
1-ситуациялық сұрақ: Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз», - деді.
Сіз не деп жауап бересіз?
«Сенің ісің мұғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек».
«Әрине, мен сендейлерге ештеңе үйрете алмаймын».
«Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғалімнен оқуың керек шығар».
«Шындығында келгенде, сенің оқығың келмейді».
«Неге олай ойлайтыныңды білгім келеді».
«Бұл туралы нақтылақ сөйлессек қайтеді. Мүмкін мен бір нәрсені дұрыс істемегендіктен сенде осындай ой туып отырған шығар».
–
2-ситуациялық сұрақ: Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі
толмай тақырыпты дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: «Мұғалім, мені
келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз
ба?»
Мұғалім не деп жауап беруі керек?
«Шынымды айтсам, күмәнім бар».
«Әрине, сен бұған күмәнданбай-ақ қой».
«Қабілетің жақсы, мен сенен үлкен үміт күтемін».
«Неге сен өз-өзіңе сенбейсің?»
«Сөйлесіп, қиындықтың неде екенін анықтап алайық».
«Бәрі екеуіміздің бірігіп жұмыс істегенімізге байланысты».
–
3-ситуациялық сұрақ: Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыс түсіне алмайтындығын айтып: «Мен не алаңдатынын айттым, мұның себебін және не істеу керектігін айтыңызшы».
Мұғалім не деуі керек?
«Меніңше, сенің өзіңе көңілің толмайтын сияқты».
«Бұған алаңдайтын еш нәрсе жоқ».
«Мен бұл туралы өз ойымды айтпас бұрын жағдайды тереңірек біліп
алуым керек».
«Шамалы күте тұрайық, біраз жұмыс істеп алып барып, бұл жағдайға қайтып оралайық. Біз шешімін табатын сияқтымыз».
«Мен саған қазір жауап бере алмаймын. Сәл ойлануым керек».
«Алаңдама, менде де сендей кезімде дәл осындай қиындық болған».
–
Егер сіз 10-15 ұпай жинасаңыз, онда педагогикалық қабілетіңіз жоғары деңгейде деп есептелінеді.
Орташа ұпай 8-9 ұпай аралығында болса, педагогикалық қабілеті орта деңгейде дамыған болып шығады.
6 ұпай жинаса, педагогикалық деңгейі төмен деңгейде.
Педагогикалық жағдайлардың реттік саны
|
Таңдап алынған нұсқа және оның ұпайылық бағасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1-ситуациялық сұрақ
|
2
|
2
|
3
|
3
|
5
|
5
|
-
|
2-ситуациялық сұрақ
|
2
|
3
|
3
|
4
|
5
|
5
|
-
|
3-ситуациялық сұрақ
|
2
|
2
|
3
|
4
|
5
|
5
|
-
|
Ұстаз – шәкірт үшін өз уақытын аямайтын, тіпті өзін ұмытып, «ұстаз»
деген ұғымды биік қоятын тұлға.
Қорытынды: Коучинг сабағының түйінін жасау үшін «Бәрі де өз қолдарыңызда» атты видеоролик көрсетіледі
Рефлексия.
Бердиғалиева Раухан
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназияның
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Орал қаласының білім беру бөлімінің
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
«Жас келсе –іске»
(«Өркен» желілік қауымдастығындағы
жас ұстаздарға арналған коучинг-сабақ)
Дайындағандар: Бердигалиева Р.Ж.
Татаханова Б.Ш.
Траисова Э.А.
2014 жыл
Орал қаласының білім беру бөлімінің №34 мектеп-гимназиясы
«Жас келсе – іске»
(Жас мұғалімдермен психологиялық ағарту
коучинг-сабағы)
Өткізген Бердигалиева Р.Ж.
Орал-2014
Достарыңызбен бөлісу: |