Тақырыбы: «Жасанды тістер, оның түрлері». Орындаған: Сопбеков Айкен



бет4/7
Дата08.11.2022
өлшемі0,77 Mb.
#157000
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
иож2

Металлкүйіктасты жасанды тіс

  • Металлкүйіктасты жасанды тіс екі мәселені шешуге мүмкіндік береді: өз тістеріңізге шайнау функциясын қайтару және әсем күлімсіреуге қол жеткізеді.
  • Металлкүйіктастан жасалған жасанды тіс — бұл алынбайтын аралас протез. Оны металлдан және күйіктасты қаптауынан өндіреді. Тіс функциясы металлды каркастан жасалады. Фарфор (қаптамасы) табиғи эмаль еліктеуіші болып табылады. Оның реңі тістің түсіне қарай таңдалады. Сол себептен, протез табиғи тістен ерекшеленбейді. Жиі металлкүйітас көпіршелі протез болып, тістің басқа бөлігі жасанды тістер үшін тірегі ретінде қызмет етеді.
  • Металлкүйіктастың ерекшелігі:
  • - Протездер сыртқы ықпалдарға төзімді
  • - Кез келген тісті протездеуге болады
  • - Жасанды тістердің рәсімінен кейін оны табиғи тістен айыра алмайсыз
  • Металлкүйіктастың кемшілігі:
  • - Табиғи тістердің қабығы егеледі
  • - Күйіктас опырыла алады
  • - Металлкүйіктастпен жанасу кезінде табиғи тіс тозады
  • - Қызыл иекте сұр қабық пайда болады (металлдың тотығу себебі)

Металлсыз жасанды тіс


Металлсыз күйіктас — жеңіл, сенімді және эстетикалық протездерді өндіретін стоматологиядағы жаңа жетістік (алынбайтын протез). Ол металлды қолданусыз, толық күйітас фрагментінен немесе күйіктастың циркония диоксидінде өндіріледі.
Біз металлсыз күйітаспен тек алдыңғы тістерді қалпына келтіруді ғана емес, сонымен қатар енді тістерді протездеуді және бірнеше тістер түсіп қалған кезде көпіршелі жасанды тіс протездерін де ұсынамыз.
Металлсыз күйіктастың ерекшелігі:
- Табиғи тістерді толығымен қайталау мүмкіндігі — мөлдірлігі, жарық өткізгіштігі
- Металл болмағандықтан жасанды тіс каптамасы құрылым жуындылығы тығыз болғандығымен жуан емес
- Тісті минималды өңдеу
- Аллергиялық реакцияларды қоздырмайды.

Бюгельдік протездер

  • Бюгельдік протездер
  • Бюгельдік тіс протездері шағын, ыңғайлы, берік, дәстүрлі табақшалы протездермен салыстырғанда шайнау жүктемесі табиғи сияқты таралады. Bugel деген неміс сөзі «доға» дегенді білдіреді, шын мәнінде бұл ортопедиялық құрастырма тек қызыл етке ғана емес, сақталған тістерге ілігіп тұратын доға тәрізді.
  • Бюгельдік протездің құрамы:
  • доға, ол жалғау, тұрақтандыру және таяныш қызметтерін атқарады; доға құйылған темір жолақтан тұрады, оның төменгі жағы тілдің астымен табиғи тістерден 3–4 мм төменде, жоғарғы жағы –таңдаймен, шырышты қабаттан 0,5 мм бері қарай орналасады;
  • ер тәрізді бөлігі (бюгельдік протездің базисі), жасанды тістер соған бекітіледі;
  • бекіткіш– кламмерлер (ерекше ілмектер) немесе аттачмендер (тіс қаптамасының астында жасырын тұратын бекіткіш, сырттай қарағанда протез екені білінбейді, адамның өз тістері сияқтанады).
  • Бюгельдік тіс протездері негізгі артықшылықтары  –протезге тез үйрену және протезді түнде шешудің қажет еместігі. Бюгельдік тіс протездері сөйлеуге әсер етпейді және тамақ ішкенле қолайсыздық тудырмайды.
  • Икемді тіс протездерінің үлкен кемшілігі  -табақшалы протездермен салыстырғанда құнының жоғары болуы. Сондай-ақ кемшіліктеріне таяныш тістерді дәрмектеудің және оларға тіс қаптамаларын орнату қажеттігі, протез материалының аллергиялық реакция туындату ықтималдығы жатады.
  • Қазіргі заманғы алынбалы-салынбалы өте мықты, ыңғайлы және көзге көркем көрінеді. Олар қауіпсіз, жасқа қарай шектеу қоймайды. Алынбалы-салынбалы протездердің қайсыларын таңдасаңыз да, олардың сапасына және табиғи тістерге мейлінше ұқсайтынына қам жемеңіз.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет