Тақырыбы: «Жасанды тістер, оның түрлері». Орындаған: Сопбеков Айкен


Толықтай алынбалы-салынбалы табақшалы протездер



бет3/7
Дата08.11.2022
өлшемі0,77 Mb.
#157000
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
иож2

Толықтай алынбалы-салынбалы табақшалы протездер

  • Бұрынырақ алынбалы-салынбалы табақшалы протездер каучуктан жасалатын, ал қазір стоматологиялық акрил пластмассасынан дайындалады, сондықтан да құрастырма көпке дейін өзінің пішінін, түсін, тығыздығын, беріктігін сақтап тұрады (каучуктан жасалған протездің бір кемшілігі - ауаға желінетін).
  • Алынбалы-салынбалы табақшалы протездің бөліктері:
  • қызыл етті қайталайтын базис
  • жасанды тістер
  • протезді табиғи тістерге ұластыратын механикалық қондырмалар (кламмер, аттачмен, т.б.).
  • Алынбалы-салынбалы табақшалы протездің базисі –пластмассадан жасалған табақша. Базиске жасанды тістер орнатылады. Тамақ ішкен кезде шайнау жүктемесі базис арқылы протез төсемшесіне (протез астындағы ұлпалар) өтеді.
  • Алынбалы-салынбалы табақшалы протездер жоғалған тістердің орнын толтырудың кейде ең жалғыз, ең арзан тәсілі болып табылады, алайда олардың өз кемшіліктері бар:
  • дәм сезуді және сөйлеу қызметін нашарлатады;
  • протез астындағы атрофияға ұшырауы мүмкін, сондықтан оған жол бермес үшін протездіқайта орнықтыруды уақытында жүргізіп отыру керек;
  • базистің материалы аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін (соның ішінде аллергиялық стоматит);
  • таяныш тістерге жалғасатын базистер мен кламмерлер тістің түбінде кариестің пайда болуына және патологиялық тіс-қызыл ет қалталарын түзіп, пародонтқа апарып соқтыруы мүмкін.
  • Алынбайтын протездер бір немесе бірнеше жасанды тістерден тұратын, тіс қатары кетігін толықтырып, көрші тұрған абиғи тістерге бекіткіш элеметтермен бекітілетін құрылым. (имплант, сауыт, салма)

Жартылай алынбалы-салынбалы табақшалы протездер Тістерді протездеу шартты түрде алынбалы-салынбалы табақшалы протезмен жүргізілуі мүмкін. Бұл құрастырма бір немесе бірнеше тіс түскенде қолданылады, бүтіндікті қарапайым тәсілмен қамтамасыз етеді -протез көршілес сау тістерге арнайы құрылғының көмегімен бекітіледі. Бұл әдіспен протездеу әрі сенімді, әрі шыдамды, күн сайын алып-салудың қажеті болмайды. Ең бастысы -ауыз қуысын дұрыс күту қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет