Винирлер – тістің үстіңгі қабатына арнайы құраммен бекітілетін өте жұқа фарфор пластинкалар. Винирлер тісті аз ғана өңдеу арқылы орнатылады: егер кәдімгі коронкаларды орнату үшін тістің біраз бөлігі егелетін болса, винирлерді салу үшін эмальдің жұқа қабығы ғана алынады. Ең бастысы тіс «тірі» күйінде сақталады. Винирлердің тағы бір артықшылығы – оны қажет болса тістерге ешқандай зақым келтірмей алып тастауға болады және оған үйрену үшін уақыттың қажеті жоқ. Винирлер өте берік болғандықтан, қалаған асыңызды еркін шайнап жеуіңізге болады.
Икемді тіс протездері –алынбалы-салынбалы протездердің жаңа түрі. Икемді тіс протездері термопласттан –жартылай мөлдір, эластик материалдардан жасалады, олардың құрылымы ауыздың шырышты қабатын қайталауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ондай термопласттардың сан алуан түрлері болғандықтан жеңіл, темір қосылмаған протездерге жасауға мүмкіндік мол.
Икемді тіс протездерінің қолданылуы аясы өте кең:
протездер жартылай ақауларды сонымен бірге толық ақауларды алмастыру үшін қолданылады;
икемді протездерді бруксизмді, төменгі жақ буын ауруларын емдеу үшін қолдануға болады;
икемді протездер ы успешно применяются для пациентов с парадонтитті науқастар үшін өте қолайлы, өйткені оларды пайдаланғанда таяныш тістер босамайды;
икемді протездер аллергияға бейім науқастар мен тістерін дәрмектеуге тыйым салынған науқастар (өтпелі жүрек-қан тамыр аурулары, эпилепсия және т.б.) үшін қолайлы;
икемді протездер –жұмыстары тәуекелмен байланысты мамандық иелері (ТЖМ, өрт сөндірушілер, милиция, спорттың қауіпті түрлері) үшін таптырмас құрастырма, өйткені мұндай протездерді сындыру өте қиын.
Икемді протездердің негізгі бекіту элементтері пелоттар мен альвеолярлық-денталық кламмерлер, олардың темір элементтермен салыстырғанда әсемдік үшін маңызы зор.
Икемді тіс протездерінің артықшылықтары:
әсемдігі (айналасындағылардың назарын аудармайды), икемділігі, жеңілдігі, серпімділігі, аса беріктігі;
ауыз қуысының ұлпаларымен сәйкес келуі, аллергиялық және улану реакцияларының болмауы;
протезге тез және ауырсынбай үйрену;
табиғи тістерді, шырышты қабатты алдын-ала дайындаудың қажет болмауы, т.б