Тақырыбы: Жердің құрылысы Мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі52,01 Kb.
#18101
түріСабақ
Тақырыбы: Жердің құрылысы

Мақсаты: А) Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып, жер қабықтары туралы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту;

Ә)Жеке тұлғаны дамыта отырып, оқу материалдарынан ең бастысын, мазмұнын ажырату, танымдық қызығушылықтарын дамыту;

Б) Топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу;

Түрі: жаңа сабақты меңгерту

Әдісі:СТО технологиясының стратегиялары, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау, картамен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: математика, астрономия, әдебиет, химия.

Көрнекілігі: компьютер, слаид, жарты шарлар картасы, глобус.

Сабақ жоспары:І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуларын қадағалап, белгілеу. Назарларын сабаққа аудару.



II.Қызығушылығын ояту

Оқушылар біз «план және карта» тарауында қандай жаңа сөздермен таныс болдық. Кәне, есімізге түсіріп көрейікші. Мысалы масштаб, бергштрих, азимут, горизонталь, меридиан  дегеніміз не, кім айтады?



1. Қайталау сұрақтары

1.Белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш. (Азимут)

2.Көкжиек тұстарын бағдарлауға арналған аспап.(тұсбағдар)

3.Масштабы (1 см-де – 100 м).      (Атаулы масштаб)

4.Жер бетіндегі нүктенің теңіз не мұхит деңгейімен салыстырғандағы биіктігі.  (Абсолют биіктік)

5. Құрлықта теңіз деңгейінен есептегендегі биіктіктері бірдей нүктелерін қосатын сызық.  (Горизонталь)

6. Жер шарындағы ең ұзын параллель.  (Экватор)

7.Экватордың ұзындығы. (40000 км)

8. Параллель доғасының бастапқы меридианнан берілген орынға дейінгі градуспен алынған шамасы.  (Географиялық ендік)

2. Жұмбақ жасыру:

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасақ егерде,

Барша тіршілік қурайды.

Бұл не? (су)

Бар ма, жоқпа оны білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

Бұл не? (ауа)

Жер өзегі атанған

Ең орталық  бөлігі

Бұл не? (ядро)

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс,жүгірген аң бәріне тең,

Адамзат, жан-жануар арасында

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.   Бұл не?  (Жер)

Мұғалім: Адамдар,Жер – сенің аяулы бесігің ,

                   Осы жер үстінде аштың сен тіршілік бесігін.  

                   Онымен кіндіктес жаның да,қаның да,

                   Жер-жахан аялап тұр алақаныңда.

                   Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,

                  Күн де ұлы сәулесін төгеді жадырап,

                  Бар тірлік тұрады бұл жерден жалын ап.

                  Дүниеде Жер-қара шаңырақ !

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын дәптерге жазу: «Жердің құрылысы»

Кім тапқыр?

Географиялық координаталар

Географиялық обьектілер

51° с.е және 72° ш.б

 

55 °с.е және 38° ш.б

 

35 °с.е және 139° ш.б

 

28° с.е және 77 °ш.б

 


  1. Жаңа сабақ

Балалар біз жердің пайда болуын білеміз бе? Жердің шар тәрізді екенін грек ойшылы Пифагор айтқан. Ал 17 ғасырда И. Ньютон жер шар тәрізді деген қорытынды жасады.Күннен қашықтығы 150 млн км.

Күнді айналу ұзақтығы – 365 тәулік, 6 сағат, табиғи серігі – ай екен. Олой болса біз бүгінгі сабақта жердің құрылысы жайлы білетін боламыз. Халық айтқан 7 қабат жерасты барма екен бүгінгі сабақтан білетін боламыз.

Жердің сыртқы құрылысы

Ауа- жер шарын қалың қабат ретінде ең сыртынан қоршап тұрады. Оны – атмосфера деп атайды.

«Атмосфера»- грекше «атмос»- су, «сфера»- шар. Ауа жерді үздіксіз, біртұтас қабық ретінде қоршап жатыр

Жер бетін біртұтас жауып жататын – су қабығы. Оны – гидросфера, яғни, жердің су қабығы деп атайды. Жер бетінің жалпы көлемінің 2/3-сі судың  үлесіне тиеді.



Гидросфера құрамы

Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, жер асты суы, батпақтар, мұздықтар.

 Тіршіліктің таралған ортасы

Жердің ішкі құрылысы

Литосфера          Мантия          Ядро

     1.Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабатты  - литосфера деп атайды.

« Литосфера» - латынша «литос» - тас, «сфера» - шар деген мағына береді.

Ғалымдар температура мантияның жоғарғы бетінде  +100, +150 °С- тан, ал төменгі шекарасында

+3800° С-қа дейін баратын болуы керек деп болжайды. Сондықтан литосфераның астыңғы қабатындағы тау жыныстары қоймалжың затқа айналады.

Жер қыртысынан әрі шамамен 2900 шқ тереңдікте  мантия орналасқан. Мантия – латынша « мантия» - шапан, жамылғы деген мағынаны білдіреді.

 Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатыр. Оның радиусы – 3500 шқ шамасында. Ядро құрамы темір мен никельден тұрады. Ядроның сыртқы бөлігі балқыған күйде, ішкі бөлігі қатты заттан тұратын болуы керек.


  1. Географиялық диктант

Жауабын «иә» және «жоқ» деген сөздермен               белгілеңдер.

1 . Ауа Жер шарын ең сыртынан қоршап  тұрады.

2. Ғарыштан  қараған адам жер бетінің көбін құрлық  алып жатқанын көреді.

3. Су жер бетінің 2/3-і үлесін алып жатыр.

4. Ауаның 78%-н азот құрайды.

5. Биосфера оқшау қабық құрайды.

6. Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы қабаты литосфера деп аталады.

7. Гидросфера тіршілік ортасы болып табылады.

8. Жердің ішкі құрылысы: гидросфера, мантия, ядродан тұрады.

5. «Адасқан обьектілер» ойыны

Атмосфера                  Су қабығы

Гидросфера                 Тіршілік қабығы

Ядро                              Ауа қабығы

Биосфера                       Шапан

 Мантия                          Жер өзегі



6. Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізден 5 жол өлең жазыңдар

          ------------

   --------       ---------

----------  ---------  ----------

--------    -------   --------   ------



             -----------

7.Үйге тапсырма беру: § 17 оқу.  44-45 бет.

8. Бағалау

 

 
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет