А. БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ АЙМАҚТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Жоғары мектеп педагогиканың теориялық-әдіснамалық негізі
Жоғары мектеп педагогиканың теориялық-әдіснамалық негізі
1.Ұсынылған форма бойынша педагогикалық ойлардың даму кестесін құру:
Жоғары мектеп педагогикасы
|
Жоғары білімнің қалыптасу кезеңдері ҚР-да жоғары білімді дамытудың заңнамалық базасы.
|
Жоғары оқу орындарының типтері.
|
Жоғaры мектеп педaгогикaсы
Педaгогикa ұғымы гректің «пaйдос» – бaлa және «aго» – жетектеу деген сөздерінен шыққан, яғни турa мaғынaсындa «бaлa жетектеу» немесе «бaлaны жетектеу» дегенді білдіреді. Ежелгі Грециядa әміршінің бaлaсын мектепке aпaрaтын құлды aтaғaн. Уaқыт өте келе сөз мaғынaсы «бaлaны өмір жолымен жетелеу» түсінігіне өзгерген. Өткен ғaсырдың соңы мен қaзіргі XXI ғaсырдa педaгогикa бaлaлaрғa ғaнa емес, сонымен қaтaр үлкендерге де қaжет екені белгілі болды. Осығaн орaй енді педaгогикa – бұл aдaм тәрбиесі мен білімі турaлы ғылым деп aйтaмыз. Мұндa негізінен aдaмның екі қызмет сaлaсы енгізілген: педaгогикaлық ғылым және педaгогикaлық
Педaгогикaлық ойлaрдың туындaуы б.з.д. 5 мыңжылдыққa жaтсa дa, жеке дaрa ғылым ретінде XVII-XVIII ғaсырлaрдa қaлыптaсa бaстaғaн. тәжірибе. Сондай-ақ «ғылым» түсінігі екі мaғынaны білдіреді: ғылым – теориялық білім және ғылым – үйрету ұғымы ретінде.
Педaгогикa ғылым ретінде өз нысaны және зерттеу пәні, өз зaңдaры және зaңдылықтaры бар. Сондай-ақ ғылыми білімнің жүйесі мен логикaсы, қолдaныс aймaғы, детерменизм, объективтілік, тaрихилық, дaмытушылық және т.б. сияқты ғылыми қaғидaттaрғa жaуaп береді. Педaгогикa ғылым үйрету тәжірибесі бойынша болaшaқ оқытушыны үйретудің тәжірибесі мен жоғaры оқу орнынa тән ғылыми әрекеттермен де жaбдықтaйды.
Жоғaры мектеп педaгогикaсы – бұл жоғaры оқу орны тaлaптaрынa сaй мaмaндaрды кәсіби дaярлaу, білім беру, тәрбиелеу турaлы ғылым. Жоғaры мектеп педaгогикaсы ғылым ретінде ХХ ғaсырдың ортaсындa aнықтaлды.
Жоғaры мектеп педaгогикaсының – ЖМ дидaктикaсы, ЖМ тәрбие теориясы, біз енгізген ЖМ ғылыми іс-әрекет теориясы, ЖМ педaгогикaлық технологиясы, ЖМ менеджменті мен жоғaры оқу орнынтaну сияқты бөлімдері бaр.
|
Тәуелсіздіктің қысқа жылдары аралығында мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықпен кіріге отырып, экономикалық өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленді.
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықпен нарықтық экономикалы ел деп танылып отыр. Тәуелсіздіктің қысқа жылдары аралығында мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықпен кіріге отырып, экономикалық өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленді. Осыған байланысты, қоғамдық даму деңгейінің, экономикалық қуаттылықтың және елдің ұлттық қауіпсіздігінің белгісі ретіндегі адами ресурстардың, білім беру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артады. Білім - әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады. Шын мәніне келгенде, елдер тек тауарлар мен қызметтер өндіре отырып бәсекелеспейді, сонымен бірге олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйесі арқылы бәсекеге түседі. Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену міндеті елде ғылыми сыйымды технологиялық білімі бар, басқарушылық қабілетке ие, нарықтық экономикада дұрыс бағыт таңдай алатын жоғары білікті мамандар болған кезде және дүниежүзілік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді білім беру жүйесі құрылғанда шешіле алады.
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).
Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі «Білім туралы» Заң (1999 жыл), «Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл), «2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген.
Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:
- жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;
- жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура – «магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;
- докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.
Жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесінің енгізілуі сонымен бірге, білім беру бағдарламаларының диапазонының кеңеюі мен олардың рыноктық экономика талаптарына сәйкес икемділігі мен шоғырлану дәрежесін күшейтуге бағытталған. Жоғары білімнің бұл моделінің жүзеге асырылуы өзінің өміршеңдігі мен өзектілігін көрсетті, сол сияқты оның келешекте әрі қарай өзгертілу қажеттілігін пайымдады. Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің үш деңгейлі моделінің даму бағыттары майда мамандықтар түрін қысқартып, оларды кеңірек пәндерге/ бағдарламаларға біріктіруді, бизнеспен өзара әркеттестікті арттыруды, түлектердің еңбек рыногындағы қажеттілігін қамсыздандыруды қамтиды.
Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуының келесі бір жағымды тұсы – институционалдық құрылымдардың, оқыту бағдарламалары мен формаларының әртараптандырылуы, олардың университеттік білім беру жүйесіне бейімделуі. Қарастырылып отырған үдерістің маңызды бір тұсы жеке білім беру секторының дамуы мен кеңеюі болды. 2012 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 139 болса, олардың 66-сы жеке меншік иелігінде болды.
2012 жылы Қазақстандағы ЖОО саны 2008 жылмен салыстырғанда 5-еуге кеміген. Жоғары білім беру жүйесіндегі мұндай үрдісті Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің ЖОО қоятын талаптарының артқанын, мемлекетік бақылау мен үйлестіру, реттеу шараларының қатаңдағанымен түсіндіре аламыз. Сонымен бірге жеке меншік ЖОО санының артуы оларға автономияның көбірек берілуінен, ал шешім қабылдау үдерісі орталықсыздандырылып, ЖОО басшылығына берілгенімен анықталады. Егер бұрын мемлекет экономикамен қатар, өз жоспарларын жүзеге асыру үшін мамандарды даярлауды да жоспарлаған болса, қазіргі күні жоғары білім жүйесі ұлттық және халықаралық еңбек рыноктарының талаптарын ескеруге тырысады.
Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігіне және білім беру сапасына ықпал етуші факторларды біз төмендегідей топтарға бөле аламыз:
1. Объектінің білім беру қызметтерін алу сапасы (абитуриент, студент, аспирант, даярлық курстарының тыңдаушылары, кәсіби біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары).
2. Субъектінің білім беру қызметтерін беру сапасы (оқыту бағдарламаларының сапасы, профессор-оқытушылар құрамының сапасы, қызмет көрсету үдерісін ресурстық қамсыздандыру сапасы, материалдық-техникалық база, ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру, ғылыми-зерттеу сапасы).
3. Білім беру қызметтерін көрсету сапасы (білім беру қызметтерін көрсетуде қолданылатын технологияларды жүзеге асыру және оны ұйымдастыру, білім беру қызметтерін көрсету үдерісін бақылау сапасы, білім беру қызметінің нәтижесінің сапасы).
4. Тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі (білім беру қызметтерін пайдаланушылардың сапаға қанағаттануы, білім беру қызметін көрсетушілердің өз жұмысына қанағаттануы, қоғам мүшелерінің білім дәрежесі).
Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 тармағының 30 бабы көрсететіндей, ҚР азаматы конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқылы, ол мемлекеттің өз азаматтарының жоғары оқу мекемелерінде оқуы үшін қомақты қаржы бөлу қажеттілігін пайымдайды.
Қазақстанның жоғары білім жүйесін талдау мемлекеттің нарықтық қатынастарға көшуімен байланысты қоғамдық үрдістерге сәйкес эволюциялық үдеріспен сипатталатынын көрсетеді. Ол ең алдымен сандық көрсеткіштердің өсуінен байқалады. Қазақстандағы білім мен ғылымды мемлекет тарапынан қаржыландыру 2006 жылы тиісінше – 331,5 млрд.теңге, 14,2 млрд.теңге болса, 2008 жылы ол 627,3 және 18,6 млрд.теңгені құраған. (дерек көзі – www.edu.gov.kz)
Егер Қазақстанның қаржылық күштерін басқа елдермен салыстыратын болсақ, Қазақстандағы білімге жұмсалатын мемлекеттік шығындар үлесінің тым төмен екендігі айқын. Осылайша, Қазақстан ЖІӨ 0,3% жоғары білімге жұмсай отырып, Малайзия, Таиланд, Қытай сияқты елдермен салыстыруға келмейтінін және ОЭСР елдерінің орташа көрсеткішінен (1,3%) біршама төмен екендігін байқаймыз.
Мемлекеттік қаржыландырудың төменгі деңгейін өтемақылау үшін үкімет үш элементтен тұратын ресурстарды шоғырландырудың көпжақты стратегиясын қабылдады:
- жеке жоғары білімді жедел дамыту;
- мемлекеттік университеттер мен колледждерінің шығындарына үлестік қатысу;
- кей мемлекеттік университеттерді жекешелендіру.
Алайда ресурстарды жай ғана арттыру әрдайым да қажетті нәтижежелер бермеуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған: «Қазақстандық ЖОО міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші ЖОО дипломдары әлемде танылуы тиіс. Олар мұны жасауға міндетті. Біз әрбір қазақстандыққа жоғары білім алудың нақты мүмкіндігін беруіміз керек. Студенттердің оқуын қаржыландырудың бірыңғай жүйесін құру мақсатында үкіметке бюджеттен білім беру несиелерінің есебінен білім беру гранттарының көлемін 50% арттыруды тапсырамын. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер арқылы несиенің қайтарымын мемлекеттік кепілдемемен қамсыздандыру жолымен студенттік несиелендірудің заманауи жүйесін құру».
Қазақстандағы ЖОО білім беру бағдарламаларының санына, ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлеміне, ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілік деңгейіне байланысты бірнеше типтерге бөлінеді, атап айтатын болсақ: университеттер, академиялар және институттар. Тәуелсіздігін алғаннан бері Қазақстанда университеттер саны артып, ол көпшілікті құрап отыр
Әрбір екінші қазақстандық студент университетте білім алады. Университет – бұл жоғары білім жүйесіндегі білім беру мекемелерінің маңызды типі болып табылады. Университет жөніндегі дәстүрлі таным яғни ғылыми-зерттеу және оқыту қызметі тең мағынада болуы, келешекте де өз маңызын сақтап қалатын тәрізді. Университеттер бүкіл әлем бойынша тараушы жаңа ғылыми мәліметтердің бұқаралық ағымынан базалық мәндегі идеяларды алудың ерекше және дербес қызметін орындауға бағытталған. Ізденіс, анықтау, өңдеу, біріктіру, тәжірибелік нәтижелерге жеткізу ғылыми-техникалық прогреске ықпал етеді. Бұл міндет университеттік біліммен біріге отырып ойтайлы шешімін табады.
азіргі күні Қазақстанда жоғары білімді мамандарды даярлаудың салалық жүйесі басым, ол гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласындағы білімін үйлестіретін, жан-жақты білім алған, бірнеше шет ел тілдерін меңгерген, басқарушылық бейімі бар жаңа ғасырдың жұмысшы күшін дайындауды біршама шектейді. Даярлаудың мұндай деңгейін негізінен университеттер қамтамасыз етуге қабілетті. Мұны жоғары білім жүйесінде университеттік типтегі білім беру мекемелері басым дамыған елдер тәжірибесі көрсетеді.
Білім жүйесі, оның ішінде жоғары мектеп халықты жұмыспен қамтуды ынталандырып, жұмыссыздықты қысқартуда маңызды рөл атқарады. Ол еңбек рыногынан жастардың бір бөлігін тарта отырып, әлеуметтік шиеленісті әлсіретеді.
Кәсіптік білім адами капиталдың қалыптасуын қамсыздандырады. Адами капитал табыс әкеле алатын адамдағы қабілеттердің мөлшерін білдіреді. Ол тума біткен ақыл-ой мен физикалық қабілет, дарын, сыйды ғана қоспайды, сонымен бірге алынған білім мен біліктілікті қосады. Жұмысшы күшінің біліктілік деңгейі адами капиталдың жағдайын көрсетеді. Адами капиталдың артуы еңбеккерлердің кәсіптік-біліктілік деңгейінің өсуін бейнелейді.
Кәсіптік білім, біліктілік алу жұмысқа орналасу мәселесін шешуде еңбеккер үшін өте маңызды болып табылады. Жұмыс беруші үшін білімі туралы дипломның болу факті, сол адамның белгіленген іріктеуден өтіп, сапалы (білікті) жұмысшы күші категориясына енгенін білдіреді. Егер еңбеккер білімі туралы дипломды көрсетпесе, оның жұмысшы күшінің сапасын жұмыс берушінің өзі бағалауы тиіс болады. Ал ол еңбексыйымды, шығынды үдеріс және де қателіктен ада емес екендігі сөзсіз.
Оқу мекемелерінің түлектерінің көпшілігіне кәсіптік білім еңбекке деген қабілетін жақсартуға, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан білімнің болуы жұмыс іздеушіге еңбек рыногында жоғары бәсекеге қабілетті жұмысты қамтамасыз етеді.
Алайда, кәсіптік білімді тек оқитындарда еңбекке деген қабілетті дамытуға бағытталған жүйе ретінде қарастыру дұрыс емес. Кәсіптік білім – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдайлар құруға, жекелеген мүдделер мен қажеттіліктерді, оның ішінде мамандық пен біліктілік алуды ескеретін, әлеуметтік институт болып табылады.
Еңбек рыногындағы сұраныстың қарқынды өзгерісі жоғары білімнен өз қызметі экономиканың жаһандануы мен өңірленуі жағдайында өтетін жаңа кәсіптік, технологиялық, басқарушылық салаларда мамандар даярлауды талап етеді. Осыған сәйкес жоғары мектептің педагогикалық және ғылыми-зерттеу функцияларын қайта ұйымдастыру қажет, ол академиялық пәндерді әрі қарай әртараптандыру барысында пайда болатын ғылым мен техниканың көптүрлі жетістіктерін ескеруі керек. Оқу жоспарларының түрлілігі, оған енетін пәндер мен курстардың тізімі, кадрларды даярлауды әмбебаптандыру пәнаралық және көппәндік бағыттардың күшеюіне, оған қатысты оқыту әдістері мен ғылыми зерттеулерді жүргізуді күшейтеді. Жоғары білімді қайта ұйымдастыру мен бетбұрыстандыру ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жедел дамуын және оған деген жоғары білім мекемелерінің артып отырған қажеттіліктерін басты назарда ұстауы қажет.
Көптеген елдер шешуші маңызды экономикалық міндеттердің арасынан жылдам өзгеруші экономика, технология мен халықаралық сауда жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін күшейту қажеттілігін ерекше көрсетеді. Жоғарыда аталған үдерістердің қарқынына теңсіз әсер теріс өңірлік, ұлттық, жергілікті салдарға алып келетін тұтас бір мәселелер кешенін тудыруға қабілетті. Жоғары білім осындай көптеген теріс үрдістерді болдырмауға қабілетті болып табылады. Мұндай үрдістерден шығу жөніндегі шешімдер ұлттық, жергілікті, өңірлік, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды ескерумен жүзеге асырылуы тиіс.
|
Жоғары оқу орындарының типтері Жоғары оқу орындары (ЖОО) университет, академия немесе институт түрінде жұмыс істейді. Консерваториялар, жоғары мектептер мен жоғары оқу орындары осындай мәртебеге ие. Университеттің типі лицензиялау кезеңінде анықталады және іске асырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалардың санына, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытына байланысты болады және мемлекеттік аттестаттаудан және аккредитациямен расталады.
Институт - бұл мамандықтардың бір немесе екі тобы бойынша жоғары білімнің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орны;
Академия - мамандықтардың бір немесе екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу жоспарларын іске асыратын, ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орны;
Университет - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің үш немесе одан да көп мамандықтар тобы бойынша (медициналық университет - екі және одан да көп) кәсіптік оқу жоспарларын іске асыратын, ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүзеге асыратын және осы саладағы жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын оқу орны.
Үкімет мемлекеттік емес (жеке) оқу орындарын құруға рұқсат берген 1993 жылдан бастап жоғары оқу орындарының саны күрт өсті. Қазіргі уақытта 144 жоғары оқу орны бар (55 мемлекеттік және 89 жеке). Мемлекеттік емес (жеке) жоғары оқу орындарының саны 2001 жылға дейін біртіндеп өсті, ал 2002 жылдан бастап азая бастады. Білім туралы заңға сәйкес (1999 ж.) Тоғыз мемлекеттік жоғары оқу орындары «ұлттық университеттер» мәртебесіне ие болды. Бұл университеттер жетекші білім беру және ғылыми орталықтар болып саналады (іргелі, қолданбалы немесе іскери зерттеулер саласында).
|
|
Жоғары бiлiм беру Қазақстан Республикасының үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi аса маңызды құрылымдық буын болып табылады.
"Жоғары бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңына негiзделедi және жоғары бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерiн белгiлейдi, жоғары оқу орындарының ұйымдастырылуы мен қызметiнiң құқылық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн орнықтырады, азаматтардың жоғары бiлiм алуға конституциялық құқықтарын iске асыруға жағдай жасауға бағытталған, бiлiм беру процесi субъектiлерi арасындағы қатынастарды реттейдi, олардың құқықтары мен мiндеттерiн, құзыретi мен жауапкершiлiгiн белгiлейдi.
1-бап. Жоғары бiлiм беру туралы Қазақстан Республикасы заңдары
Жоғары бiлiм беру туралы Қазақстан Республикасы заңдары осы Заңнан, "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және жоғары бiлiм беру саласындағы қатынастарды реттейтiн басқа да заң құжаттарының ережелерiнен тұрады.
2-бап. Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм беру саласындағы
мемлекеттiк саясаты
Қазақстан Республикасы жоғары бiлiм беру саласында рыноктық экономика жағдайында жұмыс iстейтiн бiлiктiлiгi жоғары мамандар даярлауға, оның iшiнде шетелде даярлауға бағытталған егемендi мемлекеттiк саясат жүргiзедi, оны iске асырудың ұйымдық-экономикалық механизмiн қалыптастырады, жоғары бiлiм берудiң басымдығын қамтамасыз етедi, меншiк түрi әр алуан жоғары оқу орындарына қолдау жасауды жүзеге асырады.
Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдары өз аумағында жоғары бiлiм берудi дамытуға бұл мақсатқа қаржыландырудың қосымша көздерiн, соның iшiнде жергiлiктi бюджет қаражаттарын тарту, материалдық-техникалық және кадрлар базасын нығайту, жоғары оқу орындарында оқитындар мен олардың қызметкерлерiне тиiсiнше тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар туғызу, медициналық қызмет көрсету жолымен жәрдемдеседi.
3-бап. Жоғары бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi
Жоғары бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясат мынадай негiзгi принциптермен жүргiзiледi:
- жоғары оқу орындары желiсiн үнемi жетiлдiрiп отыру, кадрлар даярлау iсiнде республиканың тәуелсiздiгiн жеткiлiктi қамтамасыз ету, рыноктық экономиканың, облыстар мен аймақтардың қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында мамандықтарды жаңарту;
- Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының жоғары бiлiм алу
құқықтарының теңдiгi (бұған жынысы, жасы, денсаулық жағдайы жөнiнен
бұл құқықтардың шектелетiн реттерi кiрмейдi);
- қабылдау жоспарына сәйкес мемлекеттiк жоғары оқу орындарында
жоғары бiлiмнiң тегiн берiлуi;
- жоғары бiлiм берудiң жекеше жүйесiне жәрдемдесу;
- үздiксiз бiлiм берудегi сатылардың сабақтастығы қамтамасыз
ету;
- жоғары бiлiмнiң ғылыми сипаты, құқылық және экологиялық
бағыты;
- жоғары бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк-қоғамдық сипаты;
- жоғары оқу орындарының құқықтарын кеңейте отырып, барлық
деңгейдегi басқару органдары арасындағы мiндеттi қызметтер мен
өкiлеттiктiң қайта бөлiнуiн көздеп, жоғары бiлiм берудi басқару iсiн
орталықсыздандыру;
- жоғары бiлiм беру iсiн iзгiлiктендiру;
- жоғары бiлiм беру iсiн дараландырып, саралау;
- үздiк қабiлетiн көрсеткен азаматтардың бiрегей жоғары бiлiм
алуына мемлекет тарапынан жәрдем көрсету;
- жоғары бiлiм iргелi бiлiмге айналдыру;
- жоғары бiлiмдi, ғылым мен өндiрiстi етене жақындастыру;
- бiлiм берудiң объективтi ғылыми бiлiм алуға кедергi келтiретiн партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың саяси және идеологиялық ықпалына тәуелсiз болуы.
4-бап. Жоғары оқу орны және оның негiзгi мiндеттерi
Бiлiм беру, кәсiптiк және ғылыми бағдарламаларды iске асыратын және жоғары бiлiм туралы құжат беруге құқылы заңды ұйым құқығы бар дербес субъект жоғары оқу орны болып табылады.
Мемлекеттiк жоғары оқу орындарының құрамына жоғары оқу орнының немесе заңды ұйымның құрылымдық өлшемi мәртебесi бар оқу, ғылыми, өндiрiстiк және басқа бюджеттегi немесе шаруашылық есептегi бөлiмшелер ене алады.
барлық бөлiмшелерiмен қоса алғанда, жоғары оқу орны бiртұтас бiр ғылыми-өндiрiстiк кешен - бiлiм беру мекемесi ретiнде жұмыс iстейдi.
Жоғарғы оқу орындарының негiзгi мiндеттерi:
- жеке адамның интеллектуалдық және мәдени жағынан жетiлудегi, таңдап алған қызмет саласында жоғары бiлiм мен мамандық алудағы қажеттерiн қанағаттандыру;
- қоғамның жоғары бiлiмдi мамандар жөнiндегi әлеуметтiк экономикалық қажеттерiн қанағаттандыру;
- жоғары бiлiктi мамандар, ғалым-педагог кадрлар даярлау;
- iргелi, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу;
- түрлi салалардың басшы қызметкерлерi мен мамандарын қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру болып табылады.
5-бап. Жоғары оқу орнының құқылық мәртебесi
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк және жекеше жоғары оқу орындары жұмыс iстей алады.
Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм беру саласындағы заңдары меншiк түрлерiне, ұйымдық-құқылық негiздерi мен бағыныстылығына қарамастан республиканың барлық жоғары оқу орындарына қолданылады.
Жоғары оқу орнының қызметi оның Жарғысымен, ал халықаралық жоғары оқу орнының қызметi құрылтайшы-мемлекеттер үкiметтерi бекiткен Жарғымен регламенттеледi.
Жоғары оқу орнының Жарғысы белгiленген тәртiпте тiркеледi.
Жоғары оқу орны өзiнiң құрылымын жасауда, оқу процесi мен ғылыми қызметтi ұйымдастыруда, кадрларды iрiктеу мен орналастыруда, қаржы-шаруашылық мәселелерiн шешуде, шешiмдер қабылдауға және өз Жарғысынан туындайтын iс-қимылдарды жүзеге асыруда дербес болады.
Жоғары оқу орны әртүрлi кәсiпорындармен және ұйымдармен келiсiмдер жасасуға, республика да, шетелде де оқу-тәрбие кешендерiн, оқу-ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктер, қауымдастықтар, өзге де бiрлестiктер құруға немесе оларға кiруге құқылы.
Мемлекеттiк жоғары оқу орындарында саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және дiни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметiне жол берiлмейдi.
|
|
|
|
|
. Педагогиканың ғылымдар жүйесімен байланысы туралы сызба жасау
Достарыңызбен бөлісу: |