Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі
СӨЖ
Тақырыбы:Кәрім Баялиев,Әлдихан Қалдыбаев,Алмас Бекбосынов,Шерхан Мұртаза
Тобы: Дш-1-19
Орындаған: Абылаева Н.
Тексерген: Баялиева А.
Тараз қаласы
2020-2021 жыл
Кәрім Баялиев (1 наурыз, 1926 жыл, Тараз – 2004) – жазушы, журналист.
Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының батыс жағындағы Билікөлдің жағасында, сол аймақтың болысы (волостной управитель) Байелдің отбасында туған. Әкесі ұжымдастыру кезінде большевиктер тарапынан қудaлaуғa ұшырaғaн. Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген. Облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары, мұғалім, облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде әдеби қызметкер, Қазақ радиосының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының облыстық бөлiмшесiнiң бaсшысы болып істеді. Облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары, мұғалім, облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде әдеби қызметкер, Қазақ радиосының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының облыстық кеңесшісі болып істеді.
Алғашқы әңгімелері баспасөзде елуінші жылдардың басында жариялана бастады. Тұңғыш әңгімелер жинағы 1959 жылы «Жол үстінде» деген атпен басылып шықты. Содан бері «Адам ізі», «Нөсер», «Дегелек келді, жаз болды», «Мейірім», «Той бастар», «Лебіз», «Жер тынысы», «Жасарған Жамбыл жерінде», т.б. кітаптары жарық көрді. Соңғы жылдары өзіне таныс заң қызметкерлері өмірінен жазылған «Үрей», «Ар жазасы», «Бөтен бала», «Кескіленген келіншектер» атты шытырман оқиғалы повестері «Жазушы» баспасынан кітап боп шықты. «Оралу», «Атаң келеді артыңда», «Қос дегелек» атты спектакльдері Жамбыл, Шымкент және Қырғызстанның Ош театрларында қойылған.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған (1977), Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1982).
Еңбегі
Алғашқы әңгімелері баспасөзде елуінші жылдардың басында жариялана бастады.
Тұңғыш әңгімелер жинағы 1959 жылы «Жол үстінде» деген атпен басылып шықты. Содан бері
«Адам ізі»
«Нөсер»
«Дегелек келді, жаз болды»
«Мейірім»
«Той бастар»
«Лебіз»
«Жер тынысы»
«Жасарған Жамбыл жерінде», тағы басқа кітаптары жарық көрді.
Соңғы жылдары өзіне таныс заң қызметкерлері өмірінен жазылған
«Үрей»
«Ар жазасы»
«Бөтен бала»
«Кескіленген келіншектер» атты шытырман оқиғалы повестері «Жазушы» баспасынан кітап боп шықты.
«Оралу», «Атаң келеді артыңда», «Қос дегелек» атты спектакльдері Жамбыл, Шымкент және Қырғызстанның Ош театрларында қойылған.[1]
Жетістіктері
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Грамотасымен марапатталған (1977)
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1982)
Жамбыл облысының құрметті азаматы (2003).
Әлдихан Қалдыбаев
Әлдихан Қалдыбаев – 1939 жылы 3 қазанда Жамбыл облысының Шу ауданындағы «Кербұлақ» ұжымшарында туған. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1963 жылы Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1965 жылдан Жамбыл облыстық телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі комитетінде редактор, облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, Жамбыл облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. 1976–1995 жж. Облыстық «Еңбек туы» (кейін «Ақ жол») газеті редакторының орынбасары, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары облыстық ұйымдарының төрағасы болған. Қазір зейнеткер.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Көк дөңгелек» (1962), «Қос тентек» (1964), «Су тасушы Әшірбек» (1969), «Байнаш солдат» (1969), «Шаншар атай» (1970), «Мишка – менің досым» (1973), «Өзен жағасында» (1975), «Солдат болу оңай ма?» (1975), «Менің ағам – солдат» (1980), «Көк дөңгелек» (1985), «Автобус аялдамасы» (1990) кітаптарының авторы. 1999 жылы «Ата» деген атпен таңдамалы шығармалары, 2002 жылы «Мен – апамның баласымын» атты романы, 2004 жылы екі томдық таңдамалы шығармалары, 2008–2009 жылдары төрт томдық шығармалары, 2009 жылы «Көңіл көмбесі» атты кітабы жарық көрген. Жазушының бірқатар туындылары орыс, белорус, армян, түрікмен, татар тілдеріне аударылған. «Шаншар атай» деп аталатын комедиясы 1980 жылы Жамбыл облыстық драма театрында койылып, балалар мен жастарға арналған спектакльдердің бүкілодақтық байқау-конкурсында бірінші орынға ие болды.
«Қайран Ынтықбай ағай-ай» комедиясы қазақ телевизиясының алтын қорына енген. 2009 жылы Түркістан сазды-драма театрында «Әкімнің туған күні» атты трагикомедиясы қойылған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы.
Алмас Бекбосынов
Алмас Бекбосынов (24 ақпан 1924 жыл, Алматы – 10 тамыз 1974 жыл, сонда) – биші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1947). Алғашқы балет артистерінің бірі.
Өнер жолын қөркемөнерпаздар үйірмесінен бастады.
1939 ж. Қазақ филармониясында биші, 1940-1959 ж. Қазақ академиясының опера және балет театрының бишісі.1959 ж. бишілер группасының құрамымен АҚШ-та болып, өнер көрсетті.
Бекбосынов театрда Айдар (И.Н. Надировтың «Кәктемінде»), Қамбар (В.В. Великановтың «Қамбар – Назымында»), Квазимодо (Ц.Пуньидің «Эсмеральдасында»), Гирей (Б.В. Асафьевтің «Бақшасарай фонтанында»), Ганс (А.Аданның «Жизелінде»), т.б. партияларды орындады. Сонымен қатар «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Абай», «Біржан-Сара», т.б. операларында би нөмірлерін орындады.«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Қазақ руханиятында «Шерағаңның шекпені» деген атау бар. Бұл қазақтың заңғар жазушысы, кәсіби журналист, мемлекет қайраткері Шерхан Мұртазаға айтылған. Қазақ журналистерін қанатының астына алып тәрбиелеген, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Шерхан Мұртаза 28 қыркүйекте сексеннің бесеуіне аяқ басады. Қазақ әдебиетіне де өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің өмірінен қызықты деректер толып жатыр. Әрине оқырман білетін қызықтары да, білмейтін қызықтары да бар деп ойлаймын. Ендеше жазушы-журналист ағамыздың қызықты деректерімен таныса отырыңыздар.
- Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушының шын есімі – Шері. Қазақтың айбарлы, қайратты жыртқыш аңы – барысқа байланысты қойылған.
- Алғашқы кітабі 26 жасында «Құрылысшы Дәку» деген атпен жарық көрді. Оның еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған. Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Бір қызығы Шерхан Мұртаза алдымен жазушылыға мен журналистігі емес, ақындығымен танылды.
- Шерхан Мұртазаның ана тіліміз туралы айтқан қанатты сөздері. Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.
- Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан Мұртаза 8 жасында қазіргі Жуалы ауданы өзі туған Талапты ауылындағы мектептің бірінші сыныбына барған. Әкесіне ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі балалық шағы оралып отырған. Тауқыметті кезеңдерді бастан өткізген соң болар, жазушының балалық шағы бала көңілмен өтпеді.
- Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Ал әдебиет саласындағы еңбектерін айтқанда көркем туындыларын ғана айтып қойған жөн болмас. Әдебиетте көлемді жұмыс ретінде аударма саласын таңдады. Шерхан Мұртаза әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне тәржімалады. Қырғыз жазушысының «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан аударды.
- Шерхан Мұртаза – әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларын аударған аудармашы. Ганс Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін қазақ тіліне тәржімалады. «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
- Шерхан Мұртаза өзінің шығармаларында адам бейнесін табиғаттың сұлулығымен астастыра отырып, өте көркем бейнелейді әрі әр кейіпкердің ойын терең түсіне отырып, адам мен табиғаттың тынысы бір екенін көрсете білген жазушы.
- Шерхан Мұртазаның тұмарындай болған туындысы – «Қызыл жебе» эпопеясы. Бес кітаптан тұратын шығарма – қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы көлемді туынды. Ұлт қайраткері Тұрар Рысқұловтың тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген шығарма. Тұрар Рысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы, тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырып айтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы бола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей білді.
- Шерхан Мұртаза спортты жанына серік еткен атлет. Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған студенттік шағында бокспен айналысқан. Ол уақытта факультеті намысын қорғап, орта салмақтарда жүлдегер атанған. Шерхан Мұртаза спорттың бильярд және тапанша ату түрінен де жақсы болған.
- Шерхан Мұртаза алты жерде бас редакторлық қызмет атқарған. 1970 — 72 жылдары «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1980 — 89 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. Лениншіл газетіне бас редактор болып келгенде 30 мың таралыммен таралған газеттің оқырманын 150 мыңға жеткізді. Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» таңғы ойын-суықтық бағдарламасы Шерхан Мұртазаның идеясымен ашылған.
Достарыңызбен бөлісу: |