Мұғалім сөзі:
- Міне Дина осылай 5 жасында қолына домбыра ұстап, 9 жасынан бастап күй ойнаган. Оның Әкесі Кенже де күйші болған. Құрманғазы атаның аманатымен өмірінің соңғы шағына дейін күйтартып кеткен. Оның "Әсемқоңыр" деген күйі өзінің немересі Қоңырға арнап шығарған екен. Одан басқа ұлы жеңіске арналған "Жеңіс" күйі, аналар мерекесіне арналған 8 наурыз деген т.б күйлері бар. Дәулеткерей мен Түркеш деген күйшілердің күйін тыңдап, еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» күйлері бар
- Ендеше Дина әжеміз туралы бейнетаспада көрейік.
Дина Нұрпейісова туралы бейнетаспа
1937 жылы 75 жасында Мәскеудегі байқауға қатысып орын алған, 1944 жылы 83 жасында Ташкенттегі домбырашылар сайысында "Науай" күйін орындап тағыда жүлделі орын алады. Ол қайратты ірі денелі айел адамы болған. Дина Нұрпейісованың "Науаи" ("Науысқы") күйі туысқан өзбек халқының ақыны Әлішер Науаиге арнап тартқан күйі екен. 94 жыл өмір сүрген.
Күй тыңдау.
-Енді Дина Нұрпейісова әжеміздің өз орындауында Науай күйін тыңдайық.
(бейнетаспадан тамашалау)
- Күйдің жылдамдығы қандай?
- Күйдің көңіл-күйі қандай?
-Сонымен балалар Дина әжеміздің барлық күйлері қандай аспапта орындалады?
-домбыра
Сергіту сәті "Домбыра"
-олай болса балалар, домбыра аспабын тарту білмесекте Дина әжемізге ұқсап домбырада ойнау қимылын жасап көрейік.
(оқушылар орындарынан тұрып, домбыра ойнау қимылын жасайды)
- Енді балалар, осы домбыра аспабы туралы ән үйренеміз.
-Алдымен ән айтпас бұрын даусымызды жаттықтырып алайық
Дауыс жаттықтыру.
(Біз ән айтамыз, жақсы айтамыз және басқа да дыбыс қатарына дауыс жаттықтыру.)
Жаңа ән: "Домбырасыз сән қайда"
(Әнді алдымен өзім орындап беремін, содан соң оқушыларды бірге айтқызып үйретемін)
(Әннің мағынасын ашып талдау.)
- Балалар қазіргі таңда Дина Нұрпейісованың атында Біздің қаламызда музыкалық мектеп бар .
- Атырау қаласында Дина Нұрпейісова атындағы академиялық аспаптар оркестрі бар.
- Атырау қаласында музыкалық колледжі бар.
-Туған жері Жаңақала ауданында Дина Нұрпейісованың мұражайы бар.
-Сонымен қатар, 150 жылдық мерейтойына арнап ашылған Анкара қаласында Дина Нұрпейісова атындағы саябақ бар екен.
Дина әжеміз өмірінің соңына дейін қартайған шағында да қолынан домбырасын тастамай тарқан екен. Сондықтан оны "Күй анасы"деп атаған. Ол 94 жасында Алматы қаласында қайтыс болған.
III Толғаныс.
-Олай болса балалар, бүгінгі сабақта Дина Нұрпейісова туралы түсінгенімізді тағы да қайталап көрейік.
-Ендеше, Дина әжеміз туралы не үйрендік соны жазып кестеге толтырайық.
(ББҮ стратегиясының "Үйрендім" кестесін толтырамыз)
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
Күйші
Домбыра аспабында ойнайды
Күй тартады
|
Қандай күйлері бар екенін,
Қай жерде дүниеге келгенін,
|
Әкесі Кенже күйші болған.
"Әсемқоңыр", "Жеңіс", "Науай", "Тойбастар" т.б күйлері бар. 94 жыл өмір сүрген. 75 жасында, 83 жасында сайыстарға қатысқан.
|
-Сонымен Дина Нұрпейісова туралы түсіндік па?
-Қандай күй тыңдадық?
-Қандай ән айттық?
-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Бағалау.
Үйге тапсырма: жаңа әнді жаттау, мәтінді қайталап оқу.
№45 орта жалпы білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
"Күй анасы- Дина"
Дайындаған:
II санатты музыка пәні мұғалімі
Кашкинбаева Турснай Кайрбаевна
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |