Тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесінің тарихи қалыптасу кезеңдері Орындаған


Броудфут, Догерти, Гарднер, Харлен, Джеймс және Стобарт (2002)



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі372,86 Kb.
#124677
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-тапсырма

Броудфут, Догерти, Гарднер, Харлен, Джеймс және Стобарт (2002) және т.б. ғалымдар «Оқушылар оқудың қандай сатысында екенін, қандай бағытта жүру және сол бағытқа қалай жету керектігін шешу мақсатында мұғалім мен оқушылардың дәлелдерді іздеуі және түсіндіру үдерісі» деп өздері анықтама берген және «оқу үшін бағалау» терминін қолдайды.
Бұған дейін «оқу үшін бағалау» термині Гарри Блэк мақаласында жариялады (1986). Сондай-ақ, бұл термин 1992 жылы Америкалық білім беру саласындағы зерттеушілер қауымдастығының мақала тақырыбы (Джеймс, 1992) болса, үш жылдан кейін Рут Саттон (1995) кітабына атау етіп алды. АҚШ-та Рик Стриггинс бұл терминнің таралуына көп еңбек сіңірген автордың бірі болып табылады.
Британия (2001) мен АҚШ-тағы (2005) екі конференцияның жұмысының негізінде 2009 жылы Даниде өткен «Оқу үшін бағалау» жөніндегі халықаралық конференцияда мынадай анықтама қабылданған:
Оқу үшін бағалау – ізденетін, ойланатын, диалогтан, таныстырылымнан, қадағалауданалынған ақпараттың негізінде әрекет ететін, сол арқылы күнделікті оқуды жақсартатын оқушылардың,мұғалімдер мен сыныптастардыңкүнделікті жұмысының бөлігі (Кленовски, 2009).
«Оқу үшін бағалау» тіркесін «оқуды бағалаумен» салыстырғанда, тартымдырақ екені сөзсіз, бірақ Беннет (2009) айтқандай, бір терминді екіншісімен ауыстыру анықтамамен байланысты қиындықтарды жеңілдетуге ғана көмектеседі.
Алайда, Блэк,Уильям және олардың әріптестері атап өткендей, бір жағынан оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау арасындағы айырмашылық, екінші жағынан қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық мүлде әртүрлі болып табылады. Жоғарыда аталған бірінші айырмашылық бағалау жүзеге асырылатын мақсатпен байланысты, ал екіншісі, өзі бағытталған қызметке тікелей қатысты болады. Блэк, Уильям және олардың әріптестері оқу үшін бағалау мен қалыптастырушы бағалау арасындағы қатынасты: «Оқу үшін бағалау бұл – ең алдымен оқушылардың оқуын алға ілгерілету мақсатында әзірленетін және қолданылатын кез келген бағалау. Осылайша, есеп беру, рейтинг құрастыру немесе біліктілігін растау мақсатында әзірленетін бағалаудан ерекшеленеді. Бағалауға арналған жаттығулар мұғалімдер мен оқушылар өздерін және бірін-бірі бағалауда кері байланыс ретінде қолдана алатын ақпарат берген жағдайда ғана бұл жаттығулар оқуға жағдай туғызады. Оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқыту барысында ескерілген жағдайда ғана бағалау «қалыптастырушы бағалауға» айналады – деп тұжырымдаған.
2009 жылы Блэк пен Уильям өздерінің бастапқы анықтамасын сәл басқаша тұжырымдады, бұл Бағалауды реформалау тобының анықтамасымен үйлестірді. Олардың тұжырымдауынша, қалыптастырушы бағалау: оқуда алдағы қадам туралы шешім қабылдау үшін мұғалімдердің, оқушылардың және сыныптастарының жетістіктері туралы ақпаратты қаншалықты іріктейтіндігіне, үсіндіретіндігіне және қолдануына байланысты.
Кронбахтың (1971) байқауынша, бағалау бұл – қорытынды жасау рәсімі. Қорытынды оқушының ағымдағы үлгерім деңгейіне немесе оның болашақ нәтижелеріне қатысты болса, бағалау жиынтықтау қызметін атқарады. Егер қорытынды алдағы оқуды барынша арттыра алатын оқыту жаттығуларына қатысты болса, бағалау қалыптастырушы қызметін атқарады. Демек, жиынтық пен қалыптастырушы арасындағы айырмашылық – бағалау түріне емес, бағалау барысында алынған ақпараттың негізінде жасалған қорытынды түріне байланысты. Бағалау барысында алынған бір ақпарат екі түрлі қорытынды жасауға жарауы мүмкін. Жалпы алғанда, алдағы қадамдарды анықтаудан гөрі, оқушының оқудың қандай сатысында екенін анықтау жеңіл.
Осы анықтамаға қатысты пікірталаста Блэк пен Уильям (сонда) бірнеше мәселені атап көрсетті:
1. Мұғалім, оқушы немесе сыныптасы болсын – кез келген адам қалыптастырушы бағалау жүргізе алады.
2. Анықтама шешімге бағытталған. Бұл ретте деректердің негізінде шешім қабылдауға емес, шешімнің негізінде дерек жинау басты назарға алынған. Нақты айтқанда, оқушыларға қойылатын талаптар тұрғысынан жиналған қарапайым деректер деп қабылдайтын болсақ, деректер негізінде шешім қабылдауды сол шешімнің негізінде дерек жинаумен салыстыра алуға болады. (Вайнер, 2011). Бұл өте маңызды, өйткені деректер негізінде шешім қабылдау барысында ең алдымен оқушыларға қойылған талаптардың неге қол жеткізуге көмектесетінін ескермей, жай ғана дерек жинауға назар аударылуы мүмкін, осылайша оқушылардың не үйренуі керектігіне қойылған талаптар екінші кезекте қалып қояды. Ал не істелуі керектігі туралы шешім қабылдаудан бастайтын болсақ, нақты белгілі бір қорытындыны толықтыратын деректер ғана жиналады.
3. Анықтама оқытудағы келесі қадамдарға қатысты қорытындының дұрыс болуын талап етпейді. Адамдарды оқытудың күрделілігін есепке алатын болсақ, оқыту іс-әрекетінің кез келген реті тиісті әсер береді деп кепілдік беру қиын. Жинақталған деректер бағалаудың шынайылығын дәлелдейді.
4. Анықтама дәлелдерді түсіндіру нәтижесіндеоқытудың түрлендірілуін талап етпейді. Бағалау барысында іріктеп алынған дәлелдер мұғалімнің бастапқы жоспарлаған шаралары, шындығында, іс-әрекеттің ең озық әдісі екенін білдіруі мүмкін.
Блэк пен Уильям олардың анықтамасының салдарларының бірі қалыптастырушы бағалау «оқу үдерісін ретке келтіру мақсатында оқытудағы «ықтимал сәттерді» құрып, оның берік қалануын көздейтіндігінде деп түсіндіреді (2009).
Алайда, мұндай ықтималдық сәттері ауадан алынбайды. Мұғалімдер, сыныптастар және оқушылардың өздері осындай ықтималдық сәттерінде білім түзіп, оны тұрақтандыру жолдары оқытуды жоспарлауды, білім беру бағдарламасын, педагогиканы,психологияны және таным теориясын қарастыруды көздейді. Алайда, оқудағы осы ықтималдықсәттеріне ерекше назар аударылса, «бағалау»ретінде қарастыруға болатын оқытуаспектілері назарсыз қалады, осылайша қалыптастырушы бағалау тұжырымдамасын барлық оқуды қамтитын деңгейге дейін кеңейтуге кедергі келтіреді, тиісінше, қажеттімәселелер назарсыз қалады.
Ал, оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқу үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Оған себеп болған «зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау реформасының тобы (Assessment Reform Group) автор болған осы аттас (ОүБ) кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды».
Сөйтіп, «оқыту үшін бағалау» концепциясы 1999 жылдан бастап танымал бола бастаса, Қазақстанда мұғалімдердің деңгейлік курстарынан бастап 2012 жылдан кең өріс ала бастады
Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тарихи кезеңдеріндегі атауына жасалған талдау 1-кестеде көрсетілген.



ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

1. Аналитикалық бағалау – білім алушы үшін көзделген нақты қабілеттері білгілі бір мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.

1. Холистикалық бағалау – ағылшынша «holism», грек «holos» тұтас қысқа мерзім ішінде және жалпы түрде бағалау.



2. Формативті бағалау – ішкі сапаны бақылаудың көрінісі.



2. Суммативті бағалау – соңғы өнім шынайы жағдайда, өмірде қаншалықты жақсы дәрежеде қызмет ететінін анықтау.

3. Оқу үшін бағалау – мәліметтерді іздеу және интрепртациялау үшін қолданылатын үдеріс.

3. Оқуды бағалау – оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылады.



4. Қалыптастырушы бағалау –мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы

4. Жиынтық бағалау – оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару

Қорыта келе,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет