Тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесінің тарихи қалыптасу кезеңдері Орындаған



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі372,86 Kb.
#124677
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-тапсырма

Натриелло (1987) және Крукстың (1988) ертедегі зерттеулерін толықтыру мақсатында Блэкпен Уильям (1998) сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың ықпалы туралы зерттеуге шолу жасады. Өздерінің шолуларындағы ақпараттың көпшілікке қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында олар мұғалімдер мен саясаткерлерге арнап өз зерттеулерінің нәтижелерінің саясат пен тәжірибеге ықпалы туралы мақала әзірлеп, Блэк және Уильямс (1998) қалыптастырушы бағалауға төмендегідей анықтама берді: «Біз мұғалімдер оқушыларды және оқушылар өздерін бағалау үшін орындайтын барлық шараларды қамту үшін «бағалау» деген жалпы терминді қолданамыз, бұл шаралардың көмегімен оқумен оқыту үдерістерін түрлендіру мақсатында кері байланыс ретінде қолдануға болатын ақпарат аламыз. Оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытуды икемдеуде осы дәлелдер қолданылса, бұндай бағалау қалыптастырушы бағалауға айналады».
Луни: «Қалыптастырушы бағалау – оқудағы қажеттіліктерді анықтап, сәйкесінше оқыту үдерісін өзгерту мақсатында оқушының алға ілгерілеуі мен материалды игеруін жиі, интербелсенді бағалау» деп анықтама берген (2005).
Каль: «Қалыптастырушы бағалау мұғалімдер оқушылардың өтіліп жатқан тақырыптар мен дағдыларды игеруін бағалау үшін қолданатын құрал. Белгілі бір тақырып өтіліп жатқанда оқушының қате түсінігін және түсінбеген мәселелерін анықтаудың «өзегі» болып табылады» (2005) деген.
Бағалау туралы тәжірибелерді зерттеу нәтижелері Ұлыбритания ғалымдарынан құрылған Бағалауды реформалау тобы бағалаудың жеті қағида ұсынады:
- оқыту және оқудың ажырамас бөлігі болып табылады;
-балаларды оқу мақсаттарымен таныстыруды көздейді;
- стандарттарды білудге және көмек көрсетуге бағытталған;
- өзін-өзі бағалауға тартуды көздейді;
- балаларды өздерінің алдағы қадамдары мен оларды қалай қолдану қажеттігін анықтауға көмектесетін кері байланыспен қамтамасыз етеді;
- әрбір оқушының оқуға сенімін нығайтады;
- оқушылардың да, мұғалімнің де бағалау деректеріне шолу жасап, олар туралы рефлексиялауын көздейді (Броудфут және басқалар, 1999).
Осындай бағалауды сипаттауға арналған терминді іздеген кезде олар оны қолдану аясының көптігінен «қалыптастырушы бағалау» термині пайдасыз болуы мүмкін деп ұйғарды:
«Қалыптастырушы» деген терминді түрліше түсіндіруге болады және әдетте жиі жүзеге асырылып, оқытумен бірге жоспарланатын бағалауды білдіреді. Мұндай бағалаудың құрамында оқуға көмектесетіндер деп анықталған барлық сипаттамалардың болуы міндетті емес. Мұғалімге егжей-тегжейлі түсіндіруді немесе машықтануды қажет ететін салаларды анықтауға көмектесуде қалыптастырушы болуы мүмкін. Оқушыларға өз жұмысына берілген бағалау немесе жасалған ескертулер олардың тапсырманы дұрыс не қате орындағанын ғана көрсетіп, оқуда әрі қарай алға жылжудың жолдарын нұсқамауы ықтимал (Броудфут және басқалар, 1999).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет