Тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесінің тарихи қалыптасу кезеңдері Орындаған



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі372,86 Kb.
#124677
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-тапсырма

Блэк пен Уильям (2012) қалыптастырушы бағалауды мәдени-тарихи теория тұрғысынан зерттесе, Перренауд (1998) «кең тұжырымдамалық салада» қарастырған.


Ресей ғалымы Гольцева, Ю.В. «Подготовка будущих педагогов к формированию у младших школьников умения оценивать результаты деятельности» атты оқу құралында нәтижелерді бағалаудың ішкі бағалау рәсімдерін жүргізу тәртібіне төмендегідей талдау жасаған.
Нәтижелерді ішкі бағалау рәсімдерін жүргізу тәртібі:
1) Бастауыш мектептің білім беру үдерісінде нәтижелерді ішкі бағалаудың келесі түрлері қолданылады: Бастапқы диагностика, ағымдағы бағалау, қорытынды бағалау және жинақтау бағасы – жеке жетістіктер папкасы.
2) Бастапқы диагностика – бағалау рәсімі, оның көмегімен білімнің, іскерліктің және дағдылардың бастапқы (старттық) деңгейі, сондай-ақ білім берудің бір сатысынан екінші сатыға ауысқан кезде білім алушылардың даму деңгейі анықталады.
3) Оқытудың бірінші жылында және екінші тоқсанда-білім алушылардың пәнді меңгеру сапасының жеке динамикасын анықтауды, оқушының өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау үдерісіне қосылуын қарастыратын, үзіліссіз оқыту тәртібі белгіленеді.
4) Ағымдағы бағалау тәртібі. Ағымдағы бағалау-білім беру нәтижелерін кешенді бағалау, тұлғалық, метапән және пәндік нәтижелердің диагностикасын қамтиды. Тұлғалық даму нәтижелерінің диагностикасы. Әр түрлі әдістердің көмегімен жүргізіледі (диагностикалық жұмыс, сауалнама, педагогикалық бақылау және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет