Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!» Мақсаты



бет1/4
Дата06.07.2018
өлшемі0,52 Mb.
#48032
  1   2   3   4
Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!»
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп айтайық.
Балалар хормен:

«Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші:


Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды «Ахау келіндер» өлеңімен ашқымыз келіп отыр
Өлең: «Ахау келіндер»



Тәрбиеші:

Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Ш.Андрей

Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Мерей:
Ұлыс оң болсын.


Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін.


Тәрбиеші:

Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді . Әже қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды.


Әже: Келіндер қарақтарым мерекелерін құтты болсын, ақ мол болсын, жоғары шығыңдар,дастарханға жайғасып отырындар.



Арсен:Әже,сен не істеп отырсын?
Әже: Қарақтарым.Бұл Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тағамы.
Оған 7
түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
Назерке:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Кәусар:
Құ
рт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын


Ш.Андрей:Сүйінші,сүйінші! Қыдыр ата келе жатыр.

Қыдыр ата:Армысын халайық! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет