ІІІ. Теңге алу. Шарты: Топ мүшелері қазақ халқының әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлері
бойынша сөздікпен жұмыс. Сөздік оқылады, ал топ мүшелері тез жауап
берулері тиіс.
Азан – таңартеңгілік намазға шақыру.
Азан шақырып ат қою – нәрестеге ат қою.
Айға бата беру – жаңа ай туғанда айтылатын ырым.
Асар – бір істі көпшлік болып көтеріп алу.
Ауыз тию – ұсынылған астан дәм тату.
Базарлық – тойдан келгенде әкелетін сый.
Байғазы – сыйлық көрімдік.
Бауырына салу – бала қылып асыру.
Ерулік – жаңа көшіп келген көршіні қонақ ету.
Жеті ата – шежіренің бастауы.
Кіндік шеше – жаңа туған баланың кіндігін кескен кісі.
Қалың мал – қалыңдық үшін берілетін төлем.
ІҮ. Желіс жарыс. Шарты: қазақтардың шаруашылығы негізінен мал, бұл жарыста топтар бір –
біріне кез – келген малдың атын айтады және қарсы топ сол малдан
алынатын өнімді,төлін,иесін айтады.
Сиыр – сүт. Сиыр-бұзау.Сиыр-Зеңгі баба
Ү.Қыз қуу. Шарты: Әр топтан бір ұл, бір қыз шығады, бір – біріне бес сұрақтан қояды. (Олар
бір – бірінен бес қадам алыс тұру керек, егер ұл қыздың сұрағына жауап
берсе бір қадам аттай береді)сұрақтарды алдын – ала өздері даярлап алып
келеді.
ҮІ.Аударыспақ. Шарты: Орыны ауыстырылып берілген сөздерді екі топ тез – тез дұрыстап жазу
керек.
Сұңқар тобына: Елекуәс – (сәукеле)
Қамыт – (тымақ)
Ағасоб – (босаға)
Зыбоқ – (қобыз)
Кісеб – (бесік)
Қыдңылақ - (қалыңдық)
ҮІІ. Көкпар. Шарты: Тұрмысқа, салт – дәстүрге қатысты сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға 3
топ жарыса жауап береді.
1.Бұл қазақтар өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оған балаларда қатысады. Ол үшін ала жіп, көк шөп, қайшы және жүйрік адам керек. Бұл не? (тұсаукесер)
2.Ол тойларда беріледі. Көп адам бір затқа таласады. Оған жүйрік ат та, білек күші де керек. Оны жеке – жеке немесе топқа бөлініп те жүргізеді. Бұл не? (көкпар)
3.Ол үй жиһаздарының бірі. Тұрмыс қажетіне де, сәндік бұйым ретінде де қолданылған. Ол әр түрлі қызмет атқарады, соған лайық түрліше аталады және үй ішінің әр жерінен орын алады. Кейде онымен адамды да тасиды не жасырады. Ол не? (сандық)
4.Оны негізінен үлкен апалар киеді. Оны әйелдердің жасына қарай әр түрлі етіп әрлеуге болады. Ол қазақ әйелдеріне ғана тән айбын, көрік береді. Қазір көп қолданылмайды. Ол не? (кимешек)
ҮІІІ. Ханталапай Шарты: 3топ өздері үйден әзірлеп алып келген бас қатырғыштарды шешу.
Қорытынды: Ұпайлары есептелініп жеңген топ марапатталады және жеке оқушылар бағаланады.