б) объектілерді салыстыру толық жургізіледі. Мәселен, екі санды немесе екі үшбұрышты, екі функцияны салыстыруға болады. Ал үшбұрыштың ауданы мен дененің массасын салыстыруға болмайды; Үшбұрыштар бұрыштары, периметрі және ауданы бойынша салыстырылады; Әдетте, объектілерді салыстыру әдісі олардың қасиеттерін немесе айрықша белгілерін ажыратуға қолданылады. Мәселен, параллелограм мен трапецияны салыстыру көбіне олардың ортақ қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді, олардың екеуі де төртбұрыш, екеуінің де параллель қабырғалары бар. Айырмашылықтары: біреуінде - қабырғалары қос-қостан параллель, ал екіншісінде – табандары ғана параллель. Сондай-ақ, оқушылар жай және алгебралық бөлшектерді салыстыру арқылы олардың ортақ белгілері: бөлшектердің алымы мен бөлімінің болуы; бөлімінің нөлден өзгешелігі, ал айырмашылығы: жай бөлшектің алымы мен бөлімі сан, алгебралық бөлшекте алгебралық өрнек екенін салыстыру арқылы түсінеді. Салыстыру аналогиямен тығыз байланысты. 3.Салыстыру мен аналогия Аналогия бойынша ой қорытудың схемасы мынадай: Бірінші пікір: А объектісіне а, в, с, d қасиеттері тән. Екінші пікір: В объектісіне а, в, с, x қасиеттері тән. Қорытынды: d = x. Сондықтан аналогия бойынша алынған пікір сенімсіз болады. Ендеше, аналогия бойынша алынған пікірлерді тексеріп, зерттеп, дәлелдеу керек. Аналогия математиканы оқыту үрдісінде жаңа ұғымдарды енгізгенде, фигуралардың қасиеттерін тұжырымдағанда, теоремаларды дәлелдегенде және есеп шығарғанда кең қолданыс табады. Математиканы оқыту процесінде аналогияны қолдану үшін: а) берілген әр түрлі объектілер мен қатынастардың аналогтарын құру керек; ә) аналогияда болатын сөйлемдердің сәйкес элементтерін табу керек; б) берілген сөйлемге аналогында болатын сөйлем құру керек; в) берілген есептің мәліметтеріне ұқсас шарты мен қорытындысы бар есеп құру керек; г) аналогия бойынша есеп шығарғанда оған ұқсас есептің шығарылуындағыдай талдау жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |