Бағалау мен аяқтау формалары:
Материалдың дұрыс әрі сапалы баяндалуы, ұғымдар, теориялық білімдерін өзіндік жұмыстарда дәл қолдана білуі, өзіндік жұмыстарды орындауы, жасай білуі ескеріледі.
Оқушылардың білімі 12 ұпайлық жүйемен 3 деңгеймен бағаланады. (Әр жарты жылдық сайын)
I деңгей. Бұл деңгейде оқушылардың пән бойынша оқу-ізденушілік әрекетін бағалау. Жинаған материалдарын қолдана алу қабілеті ескеріледі. (1-4 ұпай).
II деңгей. Оқушының пән бойынша сауаттылық деңгейі ескеріледі, яғни географиядан теориялық білімін бағалау. (1-4 ұпай).
III деңгей. Оқушыны практикаға баулу деңгейі (оқушының картамен, кескін картамен жұмыс жасай алуы, картаның шартты белгілерін оқи алу сауаттылығы). (1-4 ұпай).
Күтілетін нәтиже:
Оқушы бұл бағдарламаны меңгеру барысында материктер мен мұхиттар табиғатының қалыптасу кезеңдері, қайталанбас әсем көріністері, ондағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі туралы қызықты деректер ала отырып, адамзат болашағының табиғи ортамен біртұтас байланыста екенін түсінеді. Қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдай алады және дүниетанымы кеңейеді. Сонымен қатар іздеу-зерттеу жұмыстары кезінде алынған ақпаратты саралау, өңдеу, жинақтау, қолдану шеберлігі артады; іс-әрекетті және зерттеуді жоспарлау, танып білу әдістерін меңгереді; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, білім беру ресурстарын, мұрағат деректерін қолдана біледі, алынған ақпаратқа презентация жасап, коммуникативтік қабілетті, көптілділікті дамыту және өздігінен, шағын не үлкен топтарда жұмыс істеу дағдылары дамиды.
«Материктер мен мұхиттар географиясы» курсының мазмұны
1) Кіріспе (3 сағат);
Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады? Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері; Материктер мен мұхиттардың карталары. №1 практикалық жұмыс: «Атлас карталарына сипаттама беру».
2) Дүниежүзілік мұхит (3 сағат);
Тынық мұхиты. Мұхит аралдары; Атлант мұхиты, Солтүстік Мұзды мұхит, Үнді мұхиты; №2 практикалық жұмыс: «Мұхиттарға жеке сипаттама беру».
Достарыңызбен бөлісу: |