Тақырыбы: «Мектеп көшбасшысы-2016 жыл» Өткізген: Қосымша білім беру педагогі Дүйсенов Т. А бөрлі-2016 жыл Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі71,44 Kb.
#35336
М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі





Тақырыбы:
«Мектеп көшбасшысы-2016 жыл»

Өткізген: Қосымша білім беру педагогі Дүйсенов Т.А

Бөрлі-2016 жыл

Мақсаты:

  1. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру;

  2. Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту;

  3. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

Әдісі: сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы, физика, химия, орыс тілі, шет тілі, математика.

Жүру барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын « Мектеп көшбасшысы» атты сайысымызды бастаймыз.

Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл.

Өмірдің өзі адамды тірестірген ,

Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.

Айналып отырып ап исі қазақ.

Азаматын өзара күрестірген

Сахна төріне бүгінгі сайысқа шығатын білімді оқушыларымызды шақырайық. (оқушыларды шақыру)

8а сынып оқушысы: Саясатұлы Рысбек

8б сынып оқушысы: Шыңғалиева Балнұр

9 сынып оқушысы: Көшербаева Гүлнұр

10а сынып оқушысы: Рабқатова Дина

10б сынып оқушысы: Нұрболатов Рашид

Ойынды бастамас бұрын әділқазылыр алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. (Әділқазылармен таныстыру)



Оқу ісінің меңгерушісі: Есмуханова Гүльбаршын Рамазанқызы

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Тастеева Айгүл Такесқызы

Әлеуметтік педагог: Умарова Аягөз Бекболатқызы

Ойынның барысына тоқталсақ, сайыс 7 кезеңнен тұрады.



Сайыс бағдарламасы:

  1. Таныстыру, ұрандары

  2. «Бәйге» (оқушыларға сұрақтар қойылады)

  3. «Өлең - сөздің патшасы» (Қазақ ақындарының шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу)

  4. «Тіл - өнер» (Мақал – мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтады)

  5. «Ғажайып төрттік»

  6. «Ділмар» (Бірнеше тақырыптар ұсынылады. Қалаған тақырыбы бойынша, яғни таңдаған кеспе қағазда қандай тақырып көрсетілсе, сол тақырып бойынша шешендік өнерін байқатады. Оқушының ой өрісі, тіл байлығы ескеріледі.)

Тақырыптар төмендегідей:

  1. «Ауыл – алтын бесік»

  2. «Тәуелсіз ел – мәңгілік ел»

  3. «Мектеп – кеме, білім - теңіз»

  4. «Менің анам»

  5. «Қазақтың салт-дәстүрлері»

  1. «Жорға» (Соңғы кезеңге ұпай саны көп екі оқушы шығады)


І кезең: «Сәлем сөздің анасы»

Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда.

Жолданады сайыскерлер сәлемі!

Қатысушылар рет-ретімен өз таныстыруларын айтады.



ІІ кезең: «Бәйге»

  1. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім?

(Жәңгір Бөкейұлы (1801-1845))

  1. Көне заттарды сақтайтын орын. (мұражай)

  2. Қазақта тұңғыш эпопея жазған (М. Әуезов (1897-1961ж))

  3. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын (Жамбыл )

  4. Адам алғашқы құралды неден жасады? (тастан)

  5. Орта ғасырда Түркістан қаласы қалай аталды? (Йассы)

  6. Сөздің ең түпкі бөлшегі. (түбір)

  7. Қазақстанда ядролық апаттың ошағы болған жер. (Семей)

  8. 1917-1920 жылдарда Алаш партиясын ұйымдастырушы

(Ә. Бөкейханов (1866-1938ж))

10. Қара сөзбен жазылатын әдеби жанр. (проза)

11. Жерді қоршап тұрған газ қабаты. (атмосфера)

12. 1511-1518 ж.ж қай хан ел басқарды ? (Қасым хан)

13. ҚР ның «Тіл туралы заңы» неше тараудан тұрады? (6-тараудан)

14. Космос және космосқа ұшу теориясын жасаған ғалым (Циольковский)

15. Әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым

(этнография)

16. Ауыл көшіп үлгере алмай, байдың бір көген марқа қозылары су

астында қалып қойыпты, осылай пайда болған көлдің атауы. (Марқакөл)

17. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы деп

есептеген. (жусан)

18. Қалталылар мекендейтін материк (Австралия)

19. «Трактат» дегеніміз не? (шағын ғылыми еңбек)

20. Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атаймыз?

(архаизм)

21. 3 май шам жанып тұр, 2-ін сөндірсе, нешеуі қалады? (2)

22. Қандай сағат күніне екі қайтара дұрыс уақытты көрсетеді.

(тоқтап тұрған сағат)

23.Аты мен фамилиясында төрт рет «е» әрпі кездесетін орыс ақынын атаңыз

(Сергей Есенин)

24. Кіші жүз Ресей империясының бодандағанақай жылы өтті? (1731ж 10қаз)



ІІІ кезең: «Өлең – сөздің патшасы»

Абай атамыз былай деген еді:

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Бұл кезеңде сайыскерлеріміздің мәнерлеп өлең оқу шеберлігін бағамдаймыз.

(Әр баланың ұпай саны есептеледі.)



ІV кезең: «Тіл өнері»

Бұл турымызда сіздер мақал-мәтелдердегі орнынан түсіп қалған сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша сөздерде айтасыздар.

1. Ауылдан асқан байлық жоқ

Неден қымбат қазына жоқ. (Кітап -книга -book)

2. Талапсыз жас, қанатсыз не? (құс – птица -birk)

3. Бас кеспек болса да, не кеспек жоқ (тіл – язык -)

4. Көңілдегі сырды не білдіреді? (көз – глаза - eyes)

V кезең: «Ғажайып төрттік»

Қазақстан тарихы:

Қазақ тілі: 10.Қосымшаның неше түрі бар (екі)

20. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (төрт)

30. Тыныс белгілерін зертте

Математика:

Биология:
VІ кезең: «Ділмар»

(Ережесі еске түсіріледі.)

Оқушы үстелдің үстіндегі кеспе қағазды таңдайды. Қай тақырып өзіне түссе, сол тақырып бойынша сөйлейді. (Ой өрісі, тіл байлығы, шешендік өнер)


  1. «Ауыл – алтын бесік»

  2. «Тәуелсіз ел – мәңгілік ел»

  3. «Мектеп – кеме, білім - теңіз»

  4. «Менің анам»

  5. «Қазақтың салт-дәстүрлері»

VІІ кезең: «Жорға»

Соңғы кезеңге ұпай саны көп екі оқушы ғана қатыса алады.



Сіздер бұл кезеңде дайындалған 30 сұраққа шапшаңдықпен тез арада жауап берулеріңіз керек. Дұрыс жауап 5 ұпай болып есптеледі

  1. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)

  2. Басты байлық (Денсаулық)

  3. Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазымды тұлға (Президент)

  4. Ұя салмайтын құс (Көкек)

  5. 12 ай (жыл)

  6. «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)

  7. Көру мүшесі (көз)

  8. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі? (Карта)

  9. 9 мамыр қандай күн (Жеңіс күні)

  10. Жаңа туған балаларға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы (Бесік той)

  11. Күйді орындаушы адам (Күйші)

  12. Ақан серінің тұлпарының аты? (Құлагер)

  13. Түйе пірі (Ойсыл қара)

  14. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты? (Топырақ)

  15. ҚР – ның ұлтаралық тілі (Орыс тілі)

  16. Адам денесінің тірегі ( Қаңқа)

  17. Орман дәрігері (Тоқылдақ)

  18. 7 – күн (Апта)

  19. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Б.Соқпақбаев)

  20. Баланы тәй-тәй бастырып, күрмеу жібін шешетін кезең (Тұсау кесу)

  21. Сібір қазақтарының жарғысы қашан жарияланды (1822ж)

  22. А. Байтұрсынұлының 1911ж Орынбор қаласында басылып шыққан өлеңдер жинағы (Маса)

  23. Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан (Масштаб)

  24. Тік төрт бұрыштың ауданын қалай табасыз

(Ұзындығы мен енін көбейтеміз)

  1. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен (Күй)

  2. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай деп аталады?

(Компас)

  1. Намыс додоа ойыны өткен қала (Канцюрмер)

  2. Биенің сүті (Қымыз)

  3. Синустың косинусқа қатынасы (Тангенс)

  4. Жарты сомды жартыға бөлгендегі мәні қанша (100 тиын)


Қорытынды: Жеңімпазды марапаттау

Сайыс соңы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет