«Алтын дән» балабақшасының
Тәрбиешісі Қанбаева Гүлжанат Серікқызы
Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемеде ТРИЗ технологиясын пайдалану мүмкіндіктері
Тіл дамытуды үйретудің тиімді әдістерінің бірі-ТРИЗ әдістерін қолдану
ТРИЗ-балалардың неғұрлым ерте логикалық және абстракты ойлау қабілетін, қиялын дамытып, зейін қоюға үйретеді.
ТРИЗ-шілердің ұраны-«Ойдағыдай бәрін айтуға болады», сондықтан балалардың өздері ойлап тауып, өз ойларын жасқанбай айтып, тырысады.
ТРИЗ-ді ойлап тапқан Генрих Саулович Альтшуллер болып есептеледі. ТРИЗ әдістемесі бойынша сызбалар арқылы балалар үйренген жеке сөздерден жеке сөйлем, сөйлемнен әңгіме құрастыра алады.
«Бала ойын, ертегі, ән, қиял, шығармашылық әлемінде жүрсе, оның рухани байлығы толық болады, онсыз ол солып қалған гүлмен тең»деген екен ғалым, кемеңгер. Балалық шақ елестету іс-әрекетінің дамыған және өте қиялшыл, құнды кезең. Баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісі бұл адамзаттың келешекке көзқарасы. Біз өзгерісі мол,ақпараты мол заманда өмір сүрудеміз. Компьютерсіз өміріміздің қалай болатынын елестете алмайтын, интернет заманында өмір сүріп жатырмыз. Ақпараттық технология бізге жаңа мүмкіндіктер бере отырып, бізден де көп нәрсені талап етеді: жаңа өзгерісті түсініп бағыт алып және үйренуіміз, үйретуіміз де қажет. Адамға басқа келіп түскен шығармашылық міндеттерді іске асыру жүктеліп отыр. Осы құнды да, тез өзгеріп жатқан өмірде өмір сүруге қалай үйретуге болады?
Қазіргі заман талабы жүйелі көзқарасты талап етеді. Баланы сәбилік шағынан жүйелі ойлауға шығармашылық түрдегі тапсырмаларды шешуге, өз ойларынан ертегі, тақпақ құрастырып шығаруға үйрету керек. Көп жылдардағы тәжірибеден білетініміздей баланың шығармашылық қабілеті жақсы болса, мектепке де тез бейімделе алады. Ол оқи біледі, таным белсенділігі жоғары, шығармашылық ойлауы, елестетуі айқын. Біздің тоқталайын деп отырғанымыз еліміздегі болашақ ұрпақтарға мемлекеттік тілді үйретуге қолданданылып жүрген тиімді әдіс- тәсілдер. Жаңалық емес, тәжірибемен бөлісу.
Мектепке дейінгі мекемеде жұмыс атқарылған соң нетижесіне де үлкен ден қоямыз. Осы уақытқа дейінгі нәтижелердің қорытындыларын талқылай келе, балалардың материалдарды меңгеруі көңіл тойғыза алмайды. Яғни балалар жалаң сөзді есте ұзақ сақтай алмайды және қарапайым сөйлем құрау кезінде де өте көп қиындықтар кездесуде. Көбіне диалог құрастырылады, онда да қиындықтар аз емес.
ТРИЗ дегеннің өзі өз ойынан бір жаңалық шығарып, ия ертегі, әңгіме құрастыру теориясы деген емес пе? Ол әдіс тәсілмен тереңірек танысса, әрі топ тәрбиешілері жұмыстарын бақылап және біріге кешенді сабақтар өткізе отырса жақсы нәтиже шығары сөзсіз.
ТРИЗ - бұл шығармашылық жұмыс. Балаға қуаныш өте қажет, ол күш-жігер береді, шығармашылық қабілеттерін арттыра түседі, қиялдауға үйретеді. Барлық үлкен іс кішкентайдан басталады. ТРИЗ әдіс-тәсілдері балалардың логикалық(қисынды) және абстракциялық (дерексіз) ойлауын, қиялдауын, бақылау қабілеттерін арттыруға бағытталған. Бұл әдісте балалардың шығармашылық қиялын, елестетуін дамыту қажет.
«Сиқырлы орман». Түрлі-түсті қарындашпен үлкен ақ қағаз бетіне бірнеше ағаштың және бірнеше түсініксіз кішкентай фигуралар сызықтар, не нүктелер саламыз. Енді балалармен бірігіп, осы суретті аяқтауға кірісеміз. Ол түсініксіз бейнелердің не болып шығатынын балалардың қиялы біледі. Мүмкін бұл көбелек шығар, немесе гүл шығар, мүмкін құстар не аңдар шығар. Балалар сурет сала отырып қиялдайды, ненің суретін салғанын қазақша айтады. Сурет салынып біткеннен кейін балалар мұғаліммен бірге сурет бойынша орман тұрғындары жайлы әңгіме немесе ертегі құрастыруға тырысады.
«Өзен жағасындағы тастарды жинау».Үстелдің үстіне немесе кілем үстіне әр түрлі пішінді суреттер шашылып тасталынады.
Балалар өзен жағасына тас жинауға барады. Тастар әр түрлі мүсінді елестетеді: допты, аңдарды, жеміс-жидектерді және т.б. Балалар неге ұқсайтынын айту керек. Содан соң сол зат неден жасалынатынын, қайда өсетінін, оның дәмін, түсін сипаттайды.
Жаңа технологияларды пайдалану арқылы әр педагог өзінің терең білімділігі мен біліктілігін шыңдайды. Заман талабына сай технологияларды қолдану түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек екенін тәрбиеші ешқашан ұмытпауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |